Тұрмысқа шығуды қаламаған үнділік зағип қыз далада қалып қойды. Некені емес, оқуды таңдаған аруды ата-анасы үйінен қуып жіберген. Бұл туралы nur.kz порталы tuko.co.ke сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Астана тұрғыны Несіпкүл Ұябаевалар үйінің сыртына Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың суреттерін жапсырып тастаған. Кейуана бұл қадамға үйін бұздырмау үшін барған деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап nur.kz.
Қазақстан Президенті НұрсұлтанНазарбаев өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан елдің жаңа саяси бағыты» жолдауында шағын және орта бизнеске салық салу жүйесіндегі кемшіліктерге әділдікпен назар аударды. Мемлекет басшысы Үкіметке заңнаманың ұсақ, шағын, орта және ірі бизнестің нақты айыруға қатысты бөлігіне өзгерістер енгізуге тапсырма берді. «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП ШҚО бойынша филиалына кәсіпкерлер субъектілерін шағын, орта және ірі бизнеске бөлудің қазіргі қолданыстағы критерияларының мүлдем жетілмегендігіне қатысты өз проблемаларымен жиі шағымдарын білдіреді. Шағын және орта бизнес үшін заң бойынша корпоративтік салық бойынша аванстық төлемдер алынып тасталған. Ірі бизнестегілердей емес, олар үшін ҚР Әкімшілік кодексі бойынша әкімшілік айыппұлдар көлемі әлдеқайда төмендетіліп белгіленген. Лицензиялау, жер учаскелеріне құқықты рәсімдеу және т.б. бойынша барынша аз мерзімдер айқындалған. Бұл мүлдем дұрыс шешімдер, алайда шағын, орта....
Шымкенттегі «Бекжан» базарын қырғыздар жалға алып жатыр. Ендігі жерде ол «Дордой – Шымкент» базары деп аталатын болды. Бұл сауда орталығының маңдайшасына көп ұзамай осындай атау жазылып қойылмақ деп хабарлайды Замана газетіне сілтеме жасап nur.kz.
Оңтүстік Қазақстан облысының бір топ полицейлері табиғат аясына демалысқа шығып, өзге демалушыларды шошытты. Форма киіп, қару асынған шенділер бұл демалысына қызметтік көлігін пайдаланған деп хабарлайды nur.kz порталының өңірдегі тілшісі.