Құттықтау - тілек: Туған күн (қызға, қыздарға)

Қазақстанда Алматы деген әсем қала бар, сол қаладай әсем, әдемі бол. Сол Алматының төресінде Алатау деген тау бар, таудың биік шыңында аппақ қар бар, сол ақ қардай көңілің ақ, пәк болсын. Таудан төмен түссең орман бар, сол ормандай достарың көп болсын. Сол орманының ішінде сарқырап аққан өзен бар, сол өзендей махаббатың мөлдім, таза болсын. Сол орманнан кішкене төмен түссең бір ұзын, түзу жол бар, сол ұзын жолдай ғұмырың ұзақ әрі түзу болсын! Туылған күніңмен!
Құттықтау сөздер мен тост тілектер
Толық
0 0

Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Құда, Құдағи - 50 жас)

Сыйласып, сіз-біз десіп, сыр алысар,
Бақыт қой құдаң болса құрақ ұшар.
Құйғытып елу деген бір ақ боз ат,
Астынан алты қырдың қылаңытар.

Өмірдің бастайтұғын көшін керуен,
Көзіңнен ізгіліктің отын көрем.
Бір сенің шаңыңа.....
Құттықтау сөздер мен тост тілектер
Толық
10 -5

Қазақша құттықтау - тілек: 1 Маусым - Халықаралық балалар қорғау күні

Құрметті бүлдіршіндер!

Сендерді 1 маусым " Балаларды қорғау" күнімен құттықтаймыз! Әр уақытта аспандарын ашық , дендері сау болып, Отанымыздың мақтанышы болуларыңа тілектеспіз!
Құттықтау сөздер мен тост тілектер
Толық
0 0

Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Қайраткер, Ғалым, Мұғалім, Ұстаз, Бастық)

Қадірлі ағайындар! Адамның бойындағы ізгі қасиеттер туралы айтқанда аяулы құрбымыз, қадірменді замандасымыз ойға түседі. Ол қай жағынан қарасаң да алуан құбылып, ғажап нұр шашып тұратын асыл алмаз сияқты. Оны білетін, араласып жүрген жандар оның мол адамгершілік қасиеттерін айта алар еді. Және сол қасиеттерімен айналасына адамдарды шамның жарығы тәрізді тартып жүретіні алдымен ауызға түседі.
Құттықтау сөздер мен тост тілектер
Толық
49 -27

Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Әпке - Мерейтой 60 Жас)

Аяулы әпкемізді 60 жасқа толған мерейтойымен құттықтаймыз!
Сіз осынау саналы ғұмырыңызда жездемізге адал жар, ұл-қыздарыңызға аяулы ана, немерелеріңізге сүйікті әже бола білдіңіз....
Құттықтау сөздер мен тост тілектер
Толық
31 -17