Қазақша Бата - тілек: Алтын той, Күміс той

Қазақша Бата - тілек: Алтын той, Күміс той

Алтын той батасы

Алтын тойдың дастарқаны,
Дастарқаны мол болсын.
Берекелі қол болсын,
Тойға келген қонақтың.
Бәріне сәтті жол болсын.
Тілектерің оң болсын,
Жұқармайтын қоң болсын.
Екеуіңнің кигенің,
Алтын жағалы тон болсын.

Немереңді өсіріп,
Шөбереңді жетектеп,
Шашқан Алла ырзығың,
Тере бергін етектеп,
Құт болып, мекен тұрағың,
Жайқала берсін құрағың,
Лайланбасын бұлағың.
Жарқырай берсін шырағың,
Жастарың жүзге жеткенше
Тарқамасын бір-біріңе құмарың.
Әумин.

Қабыл ғып Алла тілекті,
Қуанта берсін жүректі.
«Алтын тойым болғай» деп,
Тілеумен қанша күн өтті.
Тілекті Алла бергені,
Тойың өтіп дүбірлеп,
Осынша жанның келгені.
Бақытты жандар болыңдар,
Мерейі биік елдегі,
Аруақтар қолдасын,
Жамандық ешбір болмасын.
Дәулетің тасып бұдан да,
Тепсең кетпес басыңа,
Баянды бақыт орнасын.
Ұзақ болып жастарың,
Қызығын көріп балалрдың,
Ашық болсын аспаның.
Әумин.

Күміс той батасы

Құтты болсын күміс той,
Той дегенің ырыс қой.
Алтын жамбы берсем де,
Екеуіңе дұрыс қой.
Күміс тойдың аяғы,
Алтын тойға жалғассын.
Жарылқасын жандарың
Жүзіндей ақ алмастың.
Таси берсін дәулетің,
Жарасып сән-сәулетің.
Қара қауым ел болып,
Өсіп-өнсін әулетің.
Сыйлы болып бастарың,
Ажарамай жұптарың,
Жүзге жетсін жастарың.
Әумин.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Қазақша Бата - тілек: Алтын той Күміс той, Қазақша Бата - тілек: Алтын той, Қазақша Бата - тілек Күміс той, алтын тойға бата, күміс тойға бата, алтын той куттыктау, алтын тойга куттыктау соз тилек бата, кумис тойга куттыктау соз тилек бата, кумис тойга тилек куттыктаулар, күміс тойға арналған тілектер, алтын тойға арналған тілектер, золотая свадьба поздравления на казахском, золотая свадьба поздравления в стихах на казахском, серебряная свадьба поздравление на казахском, серебро, золотая свадьба, поздравления на казахском, серебряная свадьба, поздравление на казахском, алтын тойға тілек, 50 жыл алтын тойға тілек, алтын той құттықтау тілек, кумис той 50 жыл куттыктау тилек, кумис той 50 жыл поздравления на казахском, күміс тойға тілек, 25 жыл күміс тойға тілек, күміс той құттықтау тілек, кумис той 25 жыл куттыктау тилек, кумис той 25 жыл поздравления на казахском

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]