Балабақша ойындары
Ойынға қатысушылардың саны 10-15 балаға дейін. Ойынды көгалда, аулада, алаңқайда ойнай беруге болады.
Ойын шарты:Қатысушылар саны бірдей екі топқа (А және Ә) бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Екі топтың арақашықтығы — 15-20 метрдей жер.
Ойынның мақсаты — қарсы жақтың құрсауын үзіп, өз жағына көбірек ойыншы алып қайту. Жеребе салудың нәтижесінде ойынды бірінші болып бастауға тиісті жақ (айталық А тобы) екінші (Ә тобына) жақтағы қарсыластарына қарап, хормен қосыла ән айтады:
Айгөлек-ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Теміршіден дем шығар,
Үзеңгіден тер шығар.
Ақ терек пен көк терек,
Мұнда сізге кім керек?
Қарсы,,топ (Ә) жауап қатады:
Айгөлек-ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Теміршіден дем шығар,
Үзеңгіден тер шығар.
Ақ терек пен көк терек,
Бізге тек Қамбар керек.
Немесе:
А тобы: — Құрсауды үзіңдер!
Ә тобы: — Кім керек?
А тобы қарсы жақтағы керек ойыншының атын атайды, Есімі аталған ойыншы қарсы жақтың тобына қарай екпіндей жүгіріп келіп, қарсыластардың құрсауын үзуге тиіс. Егер ол құрсауды үзсе, бір ойыншы алып өз тобына қайтады, Ал, егер үзе алмаса, сол жақта қалады. Ойын соңында кісіні көп жинаған топ жеңіске ие болады.
Балалбақша ойындар тізімі: Арқан тарту, Шеңберге түсір, Пойыз, Допты қуып жет, Жалғыз аяқ жолмен, Ойын: кім баяу, Таяқшадан аттап өт, Мені қуып жетіңдер, Торғайлар мен автомобиль, Маған қарай жүгіріңдер, Белбеу тастау, Кетті-кетті, Орамал тастау, Ойын: доп кімде?, Тракторшылар, Кім заттарды көбірек жинайды?, Ойын бастаушылар (тура шын ойлану), Қалпақ және кішкене таяқша, Айгөлек, Ормандағы ақ тиіндер, Табан балық және шортан
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: