Курстық жұмыс: Георгафия | Атлант мұхитына физико географиялық сипаттама
Атлант мұхитын адамдар ежелгі уақыттан игере бастаған. Мұхит пен оның теңіздерінің жағаларында әртүрлі дәуірлерде Ежелгі Грецияда, Карфагенде, Скандинавияда теңізде жүзу орталықтары пайда болған. Ұлы Географиялық ашулар дәуірінен бастап, Атлант мұхиты жердегі басты су жолына айналды.
Атлантиканың табиғатын комплексті зерттеу ХІХ ғасырдың аяғында ғана басталды. «Челленджер» кемесімен ағылшын экспедициясы мұхиттың тереңдігін өлшеді, су массасының қасиеті жөнінде, органиклық дүниесі туралы материал жинады. Оны зерттеуге орыс, одан кейін советтік мұхит зерттеу экспедициялары елеулі үлес қосты. Әсіресе, Халықаралық геофизика жылы кезеңінде
көптеген деректер алынды. Ол 1957 – 1958 жылдар болатын. Қазіргі кезде көптеген елдер ғалымының 40 кемеден тұратын экспедициялық эскадрасы су массасының қасиеттерін, мұхит
түбінің жер бедерін зерттеуді жалғастырып келеді. Мұхитты зерттеушілер мұхиттың атмосферасымен өзара әсерін бақылап білуде,
Гольфстрим мен басқа ағыстардың табиғатын зерттеуде. «Витязь» ғылыми - зерттеу кемесі бұл жұмысқа белсене қатысуда.
Атлант мұхитының зерттелу тарихы 3 кезеңге бөлінеді.
Ежелгі дәуірден 18 ғасырдың ортасына дейінгі 1 – ші кезеңде, көптеген саяхатшылар теңізшілер мұхиттың шекарасын, мөлшерін, құрлықпен ара қатынасын анықтаумен айналысты. Соның ішінде, атап айтар болсақ финикиялықтар, карфагендіктер. 9 - 10 ғасырларда нормандықтар Исландия, Гренландия, Солтүстік Америка жағалауларына дейін жүзіп барған. Ал славян халықтары болса орта ғасырларда Балтық теңізі бойынша жүзіп өткен. 15 ғасырларда испандықтар мен португалдықтар Индия мен Қытайға саяхаттар жасай бастады. Солардың ішіндегі ең танымал саяхатшылар: Б.Диаш, Васко-да-Гама, Х.Колумб, Дж. Кабот, Ф.Магеллан, Дж. Дейвис, Г.Гудзон, Баффин т.б.
1520 жылы Ф. Магеллан бірінші рет дүние жүзін айналып өткен саяхатында Магеллан бүғазы арқылы Атлант мұхитынан Тынық мұхитына өткен болатын. ....

Курстық жұмыстар