Курстық жұмыс: Дене шынықтыру | Иілгіштік дене қасиеттерін оқыту әдістемесінде ұғымдар негізі

Курстық жұмыс: Дене шынықтыру | Иілгіштік дене қасиеттерін оқыту әдістемесінде ұғымдар негізі

Мазмұны

Кіріспе.
1. Иілгіштік дене қасиеттерін оқыту әдістемесінде ұғымдар негізі.
2. Иілгіштік және оны дамыту жолдары мен оқыту әдістемесі.
2.1 Иілгіштік дене сапасын акробатикалық жаттығулармен дамыту
жолдары.
2.2 Акробатикалық жаттығулар.
3. Жалпы жетілдіру жаттығуларының сипаты , оқыту тәсілдері мен
әдістемесі.
3.1 Сабақ барысында жалпы жетілдіру жаттығуларына сипаттама.
3.2 Жалпы жетілдіру жаттығуларын оқыту тәсілдері мен әдістемесі.
3.3 Жалпы жетілдіру жаттығулар кешенін жүргізудің тәсілдері мен
әдістемесі
4. Иілгіштік дене қасиеттерін тәжірибеде дамытудың кешен,дік
құрылымы.
4.2 Гимнастикалық қабырғада жасалатын жаттығулар.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша


1 Иілгіштік дене қасиеттерін оқыту әдістемесінде ұғымдар
негізі
Жаттығу құрамына кіретін қимылды немесе дене қалпын атау үшін арнайы терминдерді білу қажет. Арнайы терминологияның болуы жаттығуларды үйрету барысын жақсартуға , сабақ берудің үздік тәжірибелерін қорытындылауға ілімі мен әдістерін жете зерттеуге , жас мамандарға тәжірибе беруге мүмкіндік береді.
Терминдерге қойылатын талаптар:1) қолайлығы: терминдер анна тілінің сөздік құрамы негізінде, сонымен қатар басқа тілдерден алынған сөздерді пайдалана отырып құралуға тиісті; 2) дәлдігі: термин көзделген бір қимыл (жаттығу) немесе ұғым туралы дұрыс түсінік алып, оны тез меңгеріп кетуге зор ықпал етеді; 3) ықшамдылығы: қысқа терминдер орынды, айтуға ыңғайлы болады. Сол үшін де ждаттығулардың аталуын және жазылуын жеңілдететін қысқарту ережелері қолданылады.
Әуелі дене қалпының нақты бір тобын анықтайтын негізгі терминді көрсету керек, содан соң қимыл ерекшеліктерін нақтылайтын қосымша терминдер көрсетіледі. Кез келген терминнің қимылды орындаудың нақты техникасын білдіретінін ұмытпаған жөн, ал қимылды дәстүрлі орындаудан ауытқыған жағдайда қосымша түсініктеме беру қажет. Мысалы, «Қолдарды екі жаққа созу» термині қолдардың тік созылуын, алақанның төменге қаратылуын, саусақтардың біріктірілуін білдіреді. Егер бұдан өзгеше қалыпты атар болсақ, оны нақтылай түсу керек: «Қолдарды екі жаққа алақандарды жоғары қаратып, саусақтардың арасын ашып созу». Бірнеше дене бөліктерін бір мезгілде қимылға қосу қажет болған жағдайда оларды төменнен жоғары қарай атау дәстүрге айналған.
Егер қимыл қысқа жолмен орындалатын болса, онда тек соңғы қалыпты ғана атауға болады.Ал егер қимыл күрделірек жолмен орындалатын болса, қимылды нақтылап, оның бағытын анықтайтын қосымша терминдер қолданылады. Мысалы, «Қолдарды доға жасай алға созып барып, екі жаққа жаю». Бұл қолдардың әіуелі алға жылжып, содан кейін барып екі жаққа созылған қалыпқа келетінін білдіреді. Көптеген қимылдарды белгілеу кезінде оларды орындау тәслін көрсетуге тура келеді, мысалы: «Бір қадам оңға, аяқ арасы ашық» немесе «Секіру, аяқ бірге».
Жалпы дамыту жаттығуларда қолданылатын негізгі дене қалыптарының жалпыға ортақ терминдері мыналар болып табылады:
Тік тұрулар

Негізгі тік тұру, аяқ Кең тік тұру, аяқ тік тұру
тік тұру арасы алшақ арасы алшақ оң аяқ алшақ
1.Айқас тік тұру

2.Тіземен тік тұру, сол аяқта тік тұру,оң аяқ бүгілген
Бойы алда, қол белде.


1
Оң аяқта тік тұру, сол аяқтың Сол аяқта тік тұру,оң аяқты
ұшымен алға жанға созу, қол белде

Таянулар


Жүрелеп отырып Отырып таяну

таяну



Тік тұрып таяну Жатып таяну


Сол жаққа Оң аяқпен Оң аяқпен Айқас аттап
Аттап түсу, аттап түсу артқа қарай түсу, қол жанға
Қол белде аттап түсу, қол алға


Иілулер

Алға қарай иіле Алға еңкею,қол артқа
еңкею, қол жанға
Жату қалыптары.
Арқамен, ішпен, жанымен жаттығулар.

Қалыптарды негізгі терминдермен белгілеп болғаннан кейін, оған дене бөліктерінің қалыптарын анықтайтын қосымша терминдер беріледі, мысалы сол аяқта тік тұру, оң аяқ артқа қарай бүгілген, қол бастың артына.
Қол төмен қол алға қол жоғары қол жанға қол арт
2 Иілгіштік және оны дамыту жолдары мен оқыту әдістемесі
2.1 Иілгіштік дене сапасын акробатикалық жаттығулармен
дамыту жолдары
Адамның жаттығуды үлкен амплитудамен орындай алу қабілеттілігін- иілгіштік дейміз. Иілгіштіктің өсуі буын құрылыстарына ; бұлшық еттің, сіңірдің созымдылығына: көңіл-күйге (жоғары көңіл- күйде иілгіштік артады) бой қыздыруға; сыртқы температураға; тәулік уақытына (12-ден 17-ге дейін ол көп) жасқа (15-16 жаста иілгіштік көп кезі), күш даму деңгейіне (күші көп адамдардың икемі аз) ; спорттық мамандыққа және т.с.с байланысты. Иілгіштік белсенді және енжар (бәсең) болады. Өз бұлшық ет күшімен , үлкен амплетудамен қозғалысты орындау қабілеттілігін-белсенді иілгіштік дейміз (штанга, бірге жаттыққан спортшы,бапкер т.б).
«Дене қуатының қасиеті» және қозғалыс қасиеті» деген терминдер арнайы оқу кітаптарында бір мағынада пайдаланылады. Олар адамның қозғалыс мүмкіндігінің екі жағын көрсетеді. Дене қуаты қасиетінің әрекетті жағына «даму» және «тәрбиелеу» деген терминдер қолданылады.
«Даму» термині дене қуаты қасиетінің табиғи өзгеру сипатын, ал «тәрбиелеу» қозғалыс қасиетінің көрсеткіштерін белсенді өсіру бағытын білдіреді. Дене қуаты (қозғалыс) қасиетіне – күш, төзімділік, жылдамдық, иілгіштік, ептілік жатады.
Иілгіштікті дамытудың әдістері.Иілгіштікті дамытудың негізгі амалы созылу жаттығулары. Қарапайым , серіппелі, сермеу, өзіңді ұстаумен, сыртқы көмекпен т.с.с. Иілгіштік жаттығуларын бой қыздырудан кейін қай сабақ бөліміне де кіргізуге болады.Иілгіштік жаттығуларын орындағанда нақтылы міндет қою қажет, мәселен белгілі затты алу, бір затқа допты дәл тигізу т.с.с.
Созылу жаттығу сериясынан кейін, босаңсу жаттығулары орындалады. Икемділік жаттығулары орындалады. Иілгіштік жаттығулары арасындағы үзіліс (2-3апта) оның дамуына кері әсер тұғызады. Иілгіштікті дамытудың негізгі әдісі- қайталау. Жаттығуларды ретті, сериялармен қол буындарына, кеудеге, аяқ буындарына арнап орындау қажет. Иілгіштік ждаттығуларын қайталау мөлшері әр түрлі. Жамбас буындағы иілу және жазу жаттығуларындағы амплитуданың қозғалу шегі 7-10 жастағы оқушыларда 20-30 рет, 11-14 жастағыларда 30-40 рет, 15 жастағыларда 45 рет қайталанғаннан кейңін жетіледі. Одан ары қарай амплитуда қозғалысы азаяды, жаттығуды тоқтатқан дұрыс.Сонымен, созылу жаттығуларын амплитудалық орындау шегіне жеткізе, яғни буындарда жеңіл ауырту сезімдерін сезәінгенше орындау қажет. Иілгіштікті дамытқанда жас ерекшеліктері үлкен рол атқарады., Бастауыш сынып оқушыларының буын жылдамдығын дамыту, жоғары сынып оқушыларына қарағанда оңай. Сондықтан да бастауыш сыныптарда оны дамытып, жоғары сыныптарда сол дамыған деңгейде сақтап қалу міндеті тұрады.

Иілгішті дамыту кешені
1. Иілгіштікті дамыту жүйелі сабақтарды талап етеді.
2.Жаттығуларды белсенді және әлсіз, динамикалық және ситатистикалық түрлерімен ауыстыру міндетті
3. Бірте-бірте қимыл жиілігі мен белсенділігін арттыру
4.Сабақ тәртібі: жұмыс-30 с, демалыс- 30с, жұмыс көлемі- күніне 1-2 рет 3 айналым.
15-20 жастан кейін жас ерекшеліктеріне байланысты қозғалыс амплудасы азаяды.Бәсең иілгіштіктің көбеюі 9-10 жаста, белсенді 10-14 жаста байқалады. 15-17 жас иілгіштікті жетілдірудің ең соңғы шегі.Қыз балалардың буындарындағы жылжымалылық, ер балаларға қарағанда 20-30% көп, сондықтан күш түсіруді оларға көбірек беруге болады.
Иілгіштікті жетілдіруде созылымдылық жаттығулары басты құрал болып табылады. Жаттығуларды қолдану кезінде мына әдістемелік міндеттерді орындау қажет:
1. Жаттығулар алдында дайындық жаттығуларын жасу;
2. Белгілі бір мақсатты кездесу ( мысалы дене мен заттың белгілі бір
нүктесіне жету) ;
3. Созылымдылық жаттығуларын ретімен бір-біріне байланысты
орындау ( дененің жоғары, орта, төменгі мүшелеріне) ;
4. Созылымдылық жаттығулар арасында босаңсыту жаттығуларын жасау.
5. Жаттығу кезінде жаттығу амплетудасын бірте-бірте өсіру;
6. Қозғалымдылықты жетілдіруге әсер ететін әдіс қайталау екенін
негізге алу;
7.Иілгіштікті жетілдіруге басты факторларды қолдану;
8. Белсенді динамикалық қозғалымдылыққа жаттығу жасау кезінде
сылбыр қозғалымдылықты жетілдіруге арналған жаттығулар
белсенді динамикалық және изометриялық жаттығулармен аралас

болуы керек.

Акробатикалық жаттығулармен айналысу адамның организміне жан-жақты ықпал етіп, күш пен ептіліктің дамуына көмектеседі, жүйке бұлшық еттерін және вестибулярлық аппараты ( тең салмақтылықты сезе білу аппаратын) жетілдіреді, қимылдардың жалпы үйлесімділігін жақсартады.
Акробатикалық жаттығулар дененің әдеттен тыс қалыпта болуымен байланысты және өзінің формасы жағынан әр түрлі ыңғайда домалап түсу, аунап түсу, жауырынға, қолға тұру және т.б. болып келеді. Осындай алуан түрлі болуы және күрделі жабдықтарды көп қажет етпейтіндігі акробатикалық жаттығулармен кез келген жағдайда шұғылдануға мүмкіндік береді. Кез келген акробатикалық жаттығудың орындалу техникасын үйренуден бұрын қауіпсіздік ережелерімен танысып, біліп алған жөн. Сонда ғана жаттығуларды орындаған кезде жасқанбай, еркін болып, зақымданудан сақтана алады.
Акробатикалық жаттығулардың көпшілігі секіру арқылы орындалады, сондықтан секіртпемен көбірек жаттыққан жөн.
Секіру жаттығуларына мыналар жатады.
1) Алға қарай орташа адымдау қалпынан екі аяқпен кезек секіру.



2) Жартылай жүрелеп отырып секіру.
3) Бірте-бірте жүрелеп отыра және қайтадан жоғары көтеріле секіру.
4) Біресе сол, біресе оң аяқты бір жақ жаңға көтере сілтеу арқылы секіру.
5) Аяқты алшақ қойып тұрған қалыпта секіру.
6) Бұл да сондай, бірақ бір жақ жанға қарай үлкен адым жасап тұрған қалыпта секіру.
7) Баяу және тездетіп «төрт аяқтап» жүру.
8) Бастапқы қалыптан артқа жата қалып, «төрт аяқтап» алға, артқа баяу жүру.
9) Қолды еденге иық кеңдігіндей алшақтықта тіреп ұстап, ал екі аяқты бірге ұстап, нәтиже есебі с үшін тез-тез бүгіп, жазу .
10) 100-110 см биіктіктен секіріп түсу.
11) Кедергіден және «терезеден» секіру.

2.2 Акробатикалық жаттығулар
1. Аяқты алшақ қойып тұру қалпынан алға домалап түсу.
2. Алға қарай домалап түсіп, түрегелеу және қарсы лақтырылған валейбол добын қағып алу.
3. Қолды тіреп отыру және төмен басылып отыру қалпынан артқа қарай домалап түсу.
4.Артқа қарай домалап түсіп, бір тізерлеп тұру, бос аяқты артқа қарай көтеру.
5. Қолды алға қарай көтерілген аяқтың тобығы тұсынан ұстап, адымдап барып алға қарай домалап түсу.
6. Жаттығуды бастар алдында жаттығушының өзі лақтырған валейбол добын қағып ала отырып, алға қарай бірнеше рет тез домалап асып түсуді орындау.

Алға және артқа қарай домалап түсу- денені жинап, жиырып алып аударылып түсу деген сөз. Аударылып түсу түрлерінің ең қарапайымы – қолды жерге тіреп отырып, алға қарай аударылып түсу. Ол үшін төмен жүрелеп отырады да, екі аяқты сәл алшақ ұстап, екі тізені екі жаққа жіберіп, екі қолды екі аяқтың сырт жағынан еденге тіреген қалыптан бастайды: денені және қолды бүге отырып, басты еңкейте тізеге тақап, аяқпен сәл дәмеп аударылып түседі. Бұл кезде арқа доғаша иіліп, бұлшық еттері қатаяды. Осындай қалыптағы жиырылу аяқтың денені итеру күші жүрелеп отыру қалпына келгенге дейін созылады. Алға қарай домалап асып түсуді орындаған кезде мынадай қателіктер жіберілуі мүмкін: а) бастың еденге тиюі; б) жиырылған денені уақытынан бұрын жазу; в) домалап түсудің бастапқы кезінде қолды алға таман жылжытып жіберу; в) домалап түскеннен кейін ааяқты жазып, көсілу.
Домалап түүсудің ең негізгі қажетті элементі –жиырылу. Жиырыла білуді үйрене бастағаннан кейін екінші біреудің көмегімен домалап асып түсуге көшу керек.Алға қарай домалап түсуді өз бетінше орындаудан біртіңдеп оны қиындатып орындауға көшу қажет: жүрелеп отырудан қолды тіреместен домалап асып түсу; қолмен тұрып барып, аяқты екі жаққа қарай жіберіп, домалап асып түсу; адымдап және жүгіріп келіп домалап түсу және домалап түскеннен кейін допты қағып алу; төрт тағандап тұрған жолдасының үстінен, жіптен, гимнастикалық орындықтан, ағаш аттан, кіші ағаш аттан домалап асып түсу т.б.
Алға қарай домалап түсуді үйреніп болғаннан кейін қолды тіреу арқылы артқа қарай домалап асып түсу жаттығуын орындауға көшу керек. Бұған ерекше ұқыптылық қажет. Артқа қарай домалап асып түсудегі жүйелілікті шалқадан жатып, қолды иықтан асыра тіреу арқылы артқа серпілуден бастаған дұрыс. Үйрену жүйесінің келесі кезеңі- жүрелеп отырудан артқа қарай домалап асып түсу арқылы қолды тіреп тізерлеп отыру, домалап асып түсіп, аяқты алшақ қойып тіреп тұру; артқа қарай домалап түсу арқылы қолды тіреп отырғаннан кейін жоғары секіру; артқа қарай қатарынан екі-үш рет домалап асып түсу.
Шынтақты жерге тіреу арқылы жауырынға тұру.

Шалқалап жату қалпынан аяқтың ұшын бастан асыра еденге тигізуге тырыса отырып, бел еденнен көтерілген кезде алақанмен мықынды қаусыра ұстап, қолды белге тіреу керек және қолды шынтақтан бүгіп, оны дененің астына қарай көбірек жіберіп, бұдан кейін аяқты жоғары ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык Иілгіштік дене қасиеттерін оқыту әдістемесінде ұғымдар негізі жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Дене шыныктыру курстық жұмыстар, Иілгіштік дене қасиеттерін оқыту әдістемесінде ұғымдар негізі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]