Курстық жұмыс: Биология | Астық дақылдары туралы

Қазақстан астық өндіру жөнінде дүние жүзіндегі белгілі елдердің қатарына жатады. Республикада астық шаруашылын өркендетуге басты көңіл бөлініп, жыл сайын орташа есеппен өндірілетін астықтың көлемін жеткізу көзделіп отыр. Жер жүзінде адам саны көбейіп, соған байланысты тамақ өнеркәсібін өркендету мәселесі күрделі міндет болып тұрғанда, құнарлы жерлердің көлемі жыл сайын азайып, шөп – шабындық кеміп, мал көбінесе қолға қарайтын болғанда егін шаруашылығын өркендету, одан жыл сайын сапалы мол өнім алу – аса маңызды міндет болып отыр.
Егін шаруашылығының көлемі жөнінен Қазақстан ТМД елдерінің ішінде үшінші орында (Ресей мен Украинадан кейін). Бірақ астықтың сапасы жағынан бірінші орын алады. Қазақстанның солтүстік облыстарының бәрінде дерлік күшті және қатты бидай өсіріледі. Онсыз сапалы нан пісіру мүмкін емес және оны шет мемлекеттерге алтынға балап сатуға болады. сондықтан Қазақстанда жылына 15,5-17,5 млн тонна сапалы бидай өндіру жоспарлы меже саналады.
Қазақстан Республикасында астық дақылдарының көптеген мол өнімді, сапасы жақсы жаңа сорттары шығарылып отыр, олар еліміздің барлық жерлеріне кең таралды. Астық көп өндірілетін солтүстік аймақтарда элеватор және астық қамбалары көп салынып, ондағы барлық орындалатын жұмыс механикаландырылған және автоматтандырылған.
Республиканың егін шаруашылығына жаңа техника мен озық технология кеңінен енгізілуде. Ол астық көп өндіріп, оның сапасын жақсартуға мүмкіндік беріп отыр.
Астық өнімдері тамақ өнеркәсібінде шикізатпен, мал шаруашылығын күрделі жеммен қамтамасыз етуге әліде жетіспейді. Сондықтан республикамызда 2000-2010 жылдарға дейінгі әлеуметтік және экономикалық дамуының негізгі бағыттарында егіс өнімін арттыру ең басты бағыт деп есептеліп, әр адам басына жылына 1,5 тоннадан астық өндіру міндетін алға қойып отыр. Сонда ғана Қазақстанда ұн, нан сияқты халық күнделікті пайдаланатын тағамдармен қатар, мал азығына қажетті сапалы жем де жеткілікті болмақ.
Астық құрғақ жағдайда өте ұзақ сақталады, әр түрлі пішінді қамбаларға құюға және жер жүзінің түкпір – түкпірінде тасымалдауға қолайла, ыстықтан да, суықтан да қорықпайды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Музыка | Бастауыш сынып окушыларын аспаптық музыкаға қызықтыру

Кіріспе
Өзектілігі. Бүгінде мектеп окушыларына ұлттық музыка өнерін, әсіресе бастауыш сынып окушыларына аспаптық музыкаға қызығушылығын арттыру мен оның тәрбиелік негізін тереңірек меңгеру қажеттігі туындап отыр. Бұған негіз ретінде Р.Жәрдемәлиеваның, М.Балтабаевтың, А.Райымбергеновтың, Ш.Құлманованың бастауыш сыныптарна арналған әдістемелік бағдарламасын атап өтуге болады. Ол оқушының талғамын, эстетикалық тәрбиесін, көркемдік қызығушылығы мен шығармашылық қатынасын арттыруға ықпалын тигізуде.
Қазақ халық муызыкасы, дәстүрлі көркем мәдениетін жетілдіру мақсатында пайдалану жолын қарастырып, педагогикалық мүмкіндіктерін ашып көрсеткен ғалымдарымыз- С.А.Ұзақбаева, М.Х.Балтабаев, Т.А.Қышқашбаев, Ж.З.Өтемісов, Р.К.Дүйсембінова, Ұ.А.Асанова, М.А.Оразалиева және т.б.
Ұлттық музыка өнерінің бала тәрбиесіндегі мүмкіндігіне ағарту ісінің көптеген қайраткерлері - Н.К.Крупская, В.Сухамлинский, К.Д.Ушинский ж.б. аса мән берген. Осы аспаптық музыка негізінде орындалатын күйді тыңдатудың тиімді тәсілдері қарастырылады. Күйдің ерекше қасиеттерін ашып көрсеткен академик А.Қ.Жұбановтың еңбектерін ерекше атап өтуге болады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпкерлік нарықтық экономика дамуындағы негізі ретінде

Қазақстан Республикасының егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғалы, елімізде әлеуметтік - экономикалық мәні аса жоғары игі өзгерістерге қол жеткізілді. Елімізде экономиканы дамыту, осының негізінде әлеуметтік – экономикалық жағдайын тұрақтандыру, халықтың әл - ауқатын түбегейлі жақсарту міндеттері орындалуда. Қазақстан қазір ел ішінде біртіндеп нарықтық экономиканы тудыруға бағытталған құрылымдық реформаның жаппай қамтитын бағдарламасын жүзеге асыруда. Алғашқыда бұрынғы Кеңес Одағы шеңберінде жүзеге асырыла бастаған Қазақстандағы экономикалық реформа процесі, 1991 жылы желтоқсанда теуелсіздік жарияланғаннан кейін тіптен үдеп кетті. Тәуелсіздік жарияланған сәт пен қазіргі уақытқа дейінгі аралықтағы негізгі экономикалық уақиғалар: 1992 жылы қаңтарда бағаны ырықтандыру /либерализациялау/, 1993 жылы қаңтарда қабылданған Конституцияда және 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясында жекеменшік құқықты мойындау, 1993 жылы сәуірде ұлттық жекешелендіру бағдарламасын жасау, 1993 жылы қарашада ұлттық валютаны енгізу; 1993-1994 ж.ж. дағдарысқа қарсы бағдарламаны жасау; 1994-1996 ж.ж. қатаң ақша - несие саясатын жүргізу; индикативті жоспарлар жасау, 1997 жылы қазан айында Қазақстанды дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламасын қабылдау. Бұл бағдарлама экономиканы Жан - жақты күшейтуді және сапалы жаңа межелерге алып шығуға қабілетті экономикалық тасқынды қамтамасыз етуді көздейді. «Егер біз стратегиямызды мүлтіксіз орындап, ынталы еңбек етсек, онда біз Орталық Азияның нағыз барысы бола аламыз және ұлт тұтастығына, әлеуметтік әділдікке және барша халықтың экономикалық жақсы тұрмысына сай тәуелсіз мемлекет ретінде – дамушы елдер үшін үлгіге айналамыз» - делінген Президенттің халыққа Жолдауында.
Қазіргі кезде Қазақстан экономикасы экономикалық жаңа қатынастардың қалыптасуына, нарықтық қайта құруды одан ары тереңдетуге бағытталған айтарлықтай шараларды жүзеге асыру жағдайында жұмыс істеуде.
Республикамызда кеңестік дәуірдегі мемлекеттік кәсіпорындар, зауыттар мен фабрикалар жекешелендіріліп, олардың орнына жеке меншікке негізделген шаруашылық субъектілері ұйымдастырылды. Қазіргі кезде бұрын тоқтап қалған көптеген өндіріс орындары, отандық және шет елдік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар ашылып, жұмыс істеуде. Сонымен қатар жаңа мазмұнды сан алуан өндірістік атаулар мен ұжымдар дүниеге келді. Ауылдық елді мекендерде өндірістік кооперотивтер, шаруашылық серіктестіктері, шаруа қожалықтары құрылды. Экономмиканы жедел дамытып, әлеуметтік өмірді тұрақтандырудың басым бағыты - шағын, орта және ірі бизнесті дамыту қолға алынды.
Еліміздің экономикасын қайта түлетіп, әлеуметтік - экономикалық әлеуетті еселей дамытуда кәсіпорындардың, мұндағы басты тұлға кәсіпкерлердің алатын орны ерекше.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Құқық | Алаяқтықтың қылмыстық құқықтық сипаттамасы

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері, осы тәуелсіздіктің алуына куә болған азаматтар өмірінде көптеген өзгерістер болды. Өмір, идеялар, құндылықтар, формация – барлығы аяқ астынан аударылып түсті. Жеке меншік, азаматтық қоғам, жеке кәсіпкерлікті реттейтін азаматтық құқық “басын көтеріп”, терең тыныс алуға мүмкіншілік алды.
Қылмыстық құқықта да қылмыстық заң қорғайтын құндылықтардың жаңа иерархиясы бекітілді. Ол иерархия адамның ажырамас табиғи құқықтары мен бостандықтарына негізделген болатын .
Нарықтық экономикалық қатынастарға өту жағдайларында, меншіктің жаңа түрлері пайда болу кезеңінде, меншіктің барлық нысандарын берік қорғауға қажеттілік туындады. Бұл міндет, әрине, жас мемлекетімізге жүктелді.
1997 ж. Қазақстан Республикасында Қылмыстық Кодексті қабылдау - әлеуметтік және саяси салалардағы ірі өзгертулердің объективтік қажеттілігі болды. Бұл, әсіресе, еліміздің Конституциясын қабылдаумен байланысты болды. Себебі, Конституция мемлекетіміздің қағидаларын, құндылықтарын, бағыттарын анықтап бекітті. Жаңа кодексті қабылдау қылмыстық құқық ғылымы алдына, меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыстарға байланысты және сот-тергеу тәжірибесінде қолданылатын заңнамалық новеллаларды зерттеу бойынша міндет қойды.
Еліміздегі салыстырмалы тұрақсыздық және меншікке қарсы қылмыстардың кең таралуы – олармен күресудің қылмыстық-құқықтық әдістерін тұрақты түрде жетілдіруді қажет етеді. Ең алдымен қылмыстық заңнамадағы “ақ дақтарға” көңіл бөлу керек. Себебі, егер қылмыстық жауаптылық тек қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттер үшін туындайтынын ескерсек, онда бірқатар әрекеттер тиісті жазалаусыз қалатынына қауіп бар. Сондай-ақ осы “ақ дақтардың” болуы салдарынан, бір әрекетті өзге қылмыс құрамымен саралау жағдайлары болуда.
Сол сияқты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын жетілдіру қажет екендігі рас. Себебі, Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары Қазақстан Республикасындағы қолданылатын құқыққа жатады.
Заң ғылымының әдебиеттерінде, ғалымдар меншікке қарсы қылмыстардың ішінен “алаяқтық” қылмысын ерекше атап өтеді.
Алаяқтықтың қоғамдық қауіптілігі – бұл алдау немесе сенімге қиянат жасау нәтижесінде азаматтарға, ұйымдарға, мемлекетке зиян келтірілуінде.
Алаяқтық қылмысы мүліктік қылмыстар арасындағы салыстырмалы түрде аз тараған, 5,5% қана, бірақ оның үлесі күннен күнге өсуде....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша қаражаттары есебінің аудиті

Қазіргі экономика жағдайында аудиттің өте өзекті бағыты – ағымдағы активтің ең жылжымалы және толық өтімді элементтері қатарына жататын ақша мен оның баламаларының төлеу циклі мен қозғалысын тексеру болып табылады. Ақшалай операциялар қарқынды кең ауқымды сипатта. Дәл осы учаскеде резервтер мен әр түрлі бұрмалаулар жасырынған.
Ақшалай және кассалық-банктік операцияларды жүргізу заңнамалық, жалпы мемлекеттік, ведомоствалық және басқа нормативті актілермен жеткілікті түрде қатаң реттелген. Сондықтан төлеу циклі функционалды аудитін өткізуге дайындық кезінде қабылданған заңдардың, стандарттардың, бухгалтерлік есептің, аудиттің, ақша тасуын, қолданылуын, қаржылық бақылаудың нормалары мен ұйымдастыру ережелерінің талаптарын мұқият оқып-білу қажет. Аудитор кәсіпорынның төлеу мен қозғалыс циклін есептеу мен бақылау жүргізудің сапалы жақтары туралы анық тұжырымдамаларын қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты проблемалық сипаттағы көптеген заңдық, ұйымдастырушылық, әдіснамалық, (методологиялық), қаржылық, есептік, экономикалық мәселелерді шешудің баламалы мүмкіндіктерін қарастырған жөн.
Дегенмен жалпы аудитте ақшалай операцияларды тексеру мен ревизиялау тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Олар жалпы әдістер арқылы жасалса да, бұл операцияларды уақтылы және тиімді атқаруға ерекше көңіл аударатын төлеу циклінің функционалдық аудитінде бұлар шынында жеткіліксіз. Сондықтан ғылыми зерттеулердің күн талабына сай бағыты ақшаны басқарудың функционалды аудитінің ерекше тәсілдерін анықтау мен ізденістерін талдау болып саналады.
Ақшалай ағымның төлемі мен қозғалысы циклі функционалды аудитінде экономикалық талдау, бақылау мен статистиканың классикалық әдістерімен қатар сарапшылық бағалау, жай және күрделі пайыз есептеулері, дисконттау, интегралды, сараланған (дифференциалды), және матрицалық тәсілдер, желілік (линейный), желілік емес және өсіңкі (динамикалық) бағдарламалау әдістерін, операцияларды, ойын теорияларын, шешім қабылдау және т.б кеңінен қолданылуы керек. Функционалды аудиттің арнайы әдіс тәсілдерінің көмегімен ақшаны басқару мен құнды қағаздардың тиімділігін арттыру мен ұйымдастыруды жақсартудың әр түрлі резервтерін ашуға болады. Мәселен, инкассация мен төлемді тездету, флоутты, электронды ақша аударуды, сейф жүйесін, репо мәмілесін, бақылау шегі теориясын және т.б. ең көп шамаға молайту сияқты тәсілдерді дұрыс және уақтылы қолдану нақты ақша мен құнды қағаздарды шапшаң және ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | Жоба жайлы жалпы түсінік

Жоба жайлы жалпы түсінік
Уэбстердің сөздігі бойынша жоба дегеніміз ойлаған немесе жоспарланған дүние . Мысалы : үлкен өндіріс құру немесе бар өндірісті иновациялық жаңарту . Ал жобаларды талдау жайлы жоба басқару институтының 1987 жылы қабылдаған білім кодексінде мынадай анықтама берілген :
Жоба дегеніміз бастапқы деректерді анықталған және нәтижесі белгіленген шешу әдісі анықталған белгілі әдіс . Жалпы жоба күрделі түсінік , ол идеядан бастап жүзеге асқан нәтижесімен шектеулі мерзімде аяқталатын жүзеге асыру әдісі белгілі көп сатылы үрдістердің жиынтығы.
Толықтырылған анықтама .
Жоба- анықталған мақсатқа жету үшін өндірілетін не модернизацияланатын физикалық нысаналар технологиялық процесстер , оларға арналған техникалық және ұйымдастырушылық құжаттар , материалдық қаржылық еңбек және де басқалай ресурстар және оларды басқарушылық шешімдерін жүзеге асыру әрекеттерінің жүйесін түсінеміз . кейбір салаларда бір мақсатқа бірнеше жобалар арнаулы болуы мүмкін , ондай жағдайда жоба жиынтығын программа деп аталады .....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Құқықтың түсінігі | Құқықтық норманың түсінігі, түрлері, құрылымы

КІРІСПЕ
Құқық адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Заң ғылымының негізі мемлекет және құқық теориясынан басталса, аталған пән өз бастауын құқық терминінің мазмұнын ашудан басталады. Бұл жерде “неге?” деген сұрақ заңды туындайды. Жауап іздер болсақ, мынаны айтуға тура келеді: 1) құқық мемлекетпен пайда болған. Демек, мемлекет атаулы билік құралдарының жүйесімен ішкі, сыртқы көпқырлы функцияларды біріктіре білген жиынтықты зерттеу қажет болса, онда оның бастауы міндетті түрде құқық ұғымына тіреледі деген сөз.
2) Құқық әлеуметтік және философиялық тұрғыдан алғанда, өте ауқымды түсінік. Ол өз бойына тек құқықтық нормаларды ғана емес, сонымен қатар құқықтық сананы, құқықтық қатынастарды да біріктіреді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Мемлекет және құқық | Ұлттық құқықтық мәдениеттің қалыптасуы

Кіріспе
Мәдениет-адамзат жасайтын және адамдардың рухани қажеттіктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығы . Қоғамның мәдениеті бірнеше түрге бөлінеді: саяси , экономикалық, әлеуметтік,парасаттылық, инабаттылық, экологиялық құқықтық т.б. мәдениет жүйе салалары. Олар бір-бірімен тығыз байланыста қоғамның экономикалық саяси,әлеуметтік дамуына сәйкес дамиды. Сонымен қатар олар қоғамның әр саласындағы қарым-қатынастарды реттеп,басқарып отырады.Мәдениет салаларының арақатынасы бірлестікте және дербестікте дамып, қоғамның экономикасын,әлеуметтік жағдайын жақсартып,нығайтып отырады.
Жақсы дамыған экономика мәдениеттің жан-жақты нығаюына мүмкіншілік жасайды. Мәдениеттің жақсы дамуына мемлекеттпен бірге бірлестіктер,одақтар, ұжымдар зор үлес қосады. Жоғары деңгейі мәдениетке жол ашады.
Сонымен, қоғамның парасаттылық, инабаттылық,тәрбиелік т.б. деңгейі мәдениеттің деңгейімен айқындалады.Ал мәдениеттің деңгейі қоғамның экономикасының, саяси-әлеуметтік деңгейіне байланысты.
Қоғамда бұл екі жақтық байланыс бір елдің, бір мемлекеттің шеңберінде ғана болады. Мәдениеттің дамуына сыртқы қолайлы жағдай зор әсер етеді. Мысалы,дамыған елдердің мәдениеті артта қалған елдерге үлгі болып,оладың рухани байлығын, сана-сезімін көтеріп,мәдениетін дамытады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Жетімдік. Әлеуметтік жетімдік ұғымдарына сипаттама

КІРІСПЕ
«Шымшық балапанына жем тасып, өзі жеуді ұмытып, балапаны ұядан қанаттанып ұшқанда өзі өлетін көрінеді» дегенді оқығаным бар. Естуімше сәбилер үйіне кіргенде көздерінде, «Мені іздеп келмеді ме екен?» деген сұраулы мұң бар, жәудірей қараған бейкүнә сәбилерді көргенде шынашақтай шымшық құрлы бола алмаған олардың тасжүрек «аналарының» таңы қалай атып, кеші қалай батып жүргеніне таң қаламын.
Ет жүрегі – кішкентай сәбиінсіз қалай алаңсыз тамақ ішіп, қалай ұйықтайды екен?! Шырылдатып тастап кеткен періштесінің үні .., бір күнге не бір жылға емес, өмір бақилыққа тастап кеткен бөпесінің, ботасының назы... оның тас жүрегін жібітуге шамасы келмеді ғой.
Ет жүрек елжіреп езілмей, жүйке жұқарып, көңіл босамай тұрар ма. Онсыз да тағдырлары келіспеген бейкүнә бүлдіршендердің өміріне налып, соны білдірмеуге бар мейірім, ықылас, қамқорлығыңды жұмсауға тырысасың-ау. Сөйтсе де туған ананың махаббат мейіріміне жетер ме? Жетпейді ғой, жетпейді....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Электротехника | Эквиваленттік генератор әдісі

Кіріспе
Электр тізбектерінің теориясы
Қазіргі уақытта электр энергиясы барлық өнеркәсіп салаларында, транспортта , ауыл шаруашылығында,үй тұрмысында,тағы да басқа халықтың тұрмыс қажетіне кеңінен пайдаланылады.
Электр техникасы деп электр магниті құбылыстарын практика жүзінде кең салаларда қолданылуын айтамыз.Барлық электр техникасы салалары бір-бірімен байланысты болғандықтан,техникалық жоғарғы оқу орындарында «электр техникасының теориялық негіздері»курсын ашуға тура келеді.Бұл курс әр түрлі электр техникасы пәндерінің негізі болып есептелінеді.
Осы курстың негізгі бір міндеті, ол құбылыстарды токтар,кернеулер,қуаттар,магнит ағындары тағы да басқа түсініетер арқылы есептеу,зерттеу.Сондай-ақ тағы бір атқаратын міндеті,ол әрбір құбылыстардыэлектр кернеулігі,магнит өрісінің индукциясы,қуат ағындары тағы да басқа түсініктер арқылы есептеу зерттеу.Осы міндеттердің біріншісі тізбектерді есептеу мен зерттеуге,ал екіншісі электр магниті өрістерін есептеуге,зерттеуге арналған.
Шоғырланған параметрлі электр тізбегі дегеніміз-ол электр тізбегіндегі электр кедергісі,индуктивтігі және электр сыйымдылығы осы тізбектің жеке бөліктерінде шоғырланған деп есептелуінде.Мысалы, электр кедергісі -резистор,индуктивтік – орауыш(катушка),сыйымдылық – конденсатор түрінде тізбектің әр жеке бөліктерінде шоғырланған деп білеміз. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0