Курстық жұмыс: Қылмыстық құқық | Қылмыстық заң

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Жалпы ғылымы жоқ ел тұл, ғылымы дамымаған елдің болашағы күмәнді, қазір қарап отырсақ, жер жаһандағы ізгі жетістіктердің барлығы дерлік ғылымның адамзатқа тартқан сыйы, тартуы іспеттес. Тәуелсіздік туын желбіреткен он жылдан бері Қазақстан ғылымы да дамып, әлемге әйгілі бола бастады, кез-келген ғылым саласында ілгері дамушылық көрінісі айқын.
Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес біздің мемлекетіміз демоқратиялық, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет болып табылады. Еліміздің өркендеуіне, мемлекетіміздің нығаюына құқық нормаларын, құқық саласы ғылымын жетілдірудің маңызы ерекше. Құқық нормалары барлық қоғамдық қатынастардың реттеуші тетігі, кез-келген қоғамдық қатынастар жалпыға бірдей, әділ заң нормалары арқылы жүзеге асырылуы қажет. Заң талаптарың құқық нормаларын құрметтеу және оны бұлжытпай жүзеге асыру әрбір азаматтың қасиетті борышы.
Құқықтық мемлекеттілікті орнатуда, оның тетіктерін одан әрі жетілдіруде құқық ғылымы салаларының атқаратын міндеті зор болып отыр. Сондай ауқымды міндет заң ғылымының негізгі салаларының бірі — қылмыстық құқық ғылымына да жүктеліп отыр. Қылмыстық құқық ғылымында алда кешенді ғылыми проблемаларды жүзеге асыру, оның ішінде қылмыстық жазаны тағайындау, бас бостаңдығынан айырмайтын шараларды белгілеудің ғылыми негіздері, өлім жазасын қолдануды жою, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын орындаудың құқықтық - нормалық қырларын жетілдіру сияқты іргелі зерттеулерді жүзеге асыру міндеттері түр.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Лизингтік бизнес және Қазақстан Республикасындағы оның даму жолдары

Кіріспе.
Жоспарлы құрылым өзгеріп,экономикалық қатынастардың жаңа жүйесіне көшкеннен бергі 10 жылдың ішінде ұғымымыз көптеген тың түсініктермен толықты. Солардың бірі лизинг сөзі. Егер бұл сөздің мағынасына келетін болсақ, 1993 жылы Алматыда жарыққа шыққан, орысша қазақша экономикалық түсіндірме сөздікте оған «лизинг-мамандандырылған қаржы компаниясының делдалдық етуімен машиналар,жабдықтар, жылжымайтын мүліктер және негізгі капиталдың басқа да элементтерін сатып алуға қаржы бөлудің ерекше формасы. Лизинг компаниясы мүлікті меншіктеу құқын ала отырып оны үшінші жаққа орташа немесе ұзақ мерзімге жалға береді»,-деген түсініктеме берілген.
Демек лизинг дамыған шет мемлекеттердің қазіргі заманғы озық техно логиясын , құрал –жабдықтарын алудың негізгі жолдарының бірі. Сонысына қарай оны отандық өндірісті , ауыл шаруашылығын,көлік пен байланыс салаларын таптырмайтын тәсілідеуге болады. Лизингтің мәнісін біз енді түсіне бастағандаймыз.
Экономикалық қатынастардың осындай жаңа түрінің біздің заманымызда қоданысқа ене бастағанына онша көп уақыт өте қойған жоқ. Өйткені арнайы мамандар болмаса шынайы лизингтің қандай болатындығын іскер кәсіпкерлердің өздерінің нақты біле бермейтіндігі жасырын емес.Сондықтанда лизингті іскер топтар арасында кеңінен түсіндіріп, болашақ экономика мамандарына ұғындыру бүгінгі таңдағы еліміздегі экономикалық білім беру ісіндегі маңызды міндеттердің біріне айналып отыр. Осы тұрғыдан келгенде «Лизинг Орталығы» жауапкершілігші шектеулі серіктестігі атқаратын қызметі теңдесіз. Себебі ол қазіргі кезде лизингтің теориясымен тәжірбиесін зеріттеп жатқан республикамыздағы бірден –бір мамандандырылған оқыту-консалтингтік фирмасы саналады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Тілдік қатынас мәселесіне байланысты қолданылатын терминдер жүйесі

Тілдік коммуникация туралы мәселені қарастырмастан бұрын, "коммуникация" немесе "коммуникативтік" терминдері қандай мағынаны білдіріп, қалай қолданылатындығы жөнінде айта кеткен жөн.
Қазақ тіл біліміне қатысты шыққан еңбектерде "коммуникатив" деген сөз алпысыншы жылдардан бастап кездеседі. Тілшілер кітаптарында бұл терминді тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметіне қатысты қолданғанмен, оның мән-мағынасына түсініктеме беріп, зерттеу жүргізе қойған жоқ.
1959 жылы шыққан казақ тілі сөздігінің бірінші томында "коммуиикация" сөзі берілмеген. Бұл сөздікте "коммуникациялық" деген сын есім көрсетіліп, оған қысқаша түсініктеме айтылған. Мысалы, "Коммуникациялық" — сын. Қатынастық, қарым-қатынастық.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі мен орыс тілінің түсіндірме сөздіктерінің арасында байланыс бар. Әсіресе ертеректе шыққан сөздіктерде "коммуникация" сөзінің мағыналары бірдей болып келеді.
С.И.Ожеговтың сөздігінде де екі сөзге түсініктеме беріліен. Мұнда "коммуникация"' сөзінің екі мағынасы көрсетілген. Соның екіншісі бұл терминнің тілге қатысты қолданылу ерекшелігін атап өтеді:....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Бабыр құдіреті

Ұлы Моғолдар әулеті XVI – XIХ ғасырларда Үндістанды билеген әулет. Негізін салушы Заһид әд – Дин Мұхамемед Бабыр. Темір әулетінен шыққан әкесі Омар Шейх (1456-95) Әмір Темірге Туажат, анасы Құтлұқ Нигар ханым Жүніс ханның үлкен Нигар ханым Жүніс ханның үлкен қызы Бабыр Ферғананың әмірі болды. Қ.Жалайри Мұхаммед Хайдар Дулати жазбаларына сүйеніп, Ш.Уалиханов “Моғол - Четені моңғолдармен шатастыруға болмайды, олар мұсылман дініндегі түркі тілдес тайпалар десе, профессор В.В. Григорьев моғол – Четені нағыз моңғолдар деуге болмайды” деп жазды.
“Бабырнамада” қазақ еліне тікелей қатысы бар ақын Хасан Әли Жалайри мен Бабырдың бөлесі Мұхаммед Хайдар Дулати Үндістанда әкімшілік жүргізгендігі айтылады. Олар жалғыз емес-ті. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан Республикасының Бразилиямен экономикалық және географиялық қарым-қатынасы

Кіріспе
Бразилия ұзақ мерзімдік экономикалық қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында Орталық Азия мемлекеттерімен белсенді қарым-қатынастарын дамытып отыр. Әсіресе, осы аймақтағы байланыстарда Қазақстанның орны бөлек. Осы курстық жұмысты жазу мақсатында өндірістік тәжірибе өткен, жапондық компаниялармен тығыз экономикалық байланыстар орнатқан қазақстандық компания «Казатомпромның» қызметі осыған дәлел болып отыр. мемлекеттері ішінде Бразилияның Қазақстанмен байланыстары қарқынды дамып отыр. Екі жақты байланыстар тек минералдық ресурстарды ғана емес, сондай-ақ жол құрылыс материалдарының тасымалы, мұнай мен газ өндірісіне қажетті химикаттардың тасымалы, NEХI сияқты сақтандыру ұйымының қатысуымен қаржыландыру сияқты жаңа іс-шаралармен толығуда. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Іле ойысының географиялық орыны

Іле ойысы – Жетісу Алатауы, Іле Алатауы,Ұзынқара және Шу-Іле тауларының аралығында ендік бағытта созылып жатқан кең көлемді тау аралық тектоникалық ойыс. Ойыс батысында биік емес Қапшағай горстына (776 м) келіп тіреледі. Бұл горст ойысты Балқаш ойысынан бөліп тұрады және Жоңғар Алатауын Шу - Іле тауларымен қосады. Ал, шығысында Қытай террриториясына кіріп Талкин және Чапчаль жоталарына дейін созылған.
Барлық жоталар, сонымен қатар Қапшағай горсты беткейлерімен Іле ойысына қарайды, олар жер бедерінде тік беткейлермен кемерлер түрінде көрінетін жарылу сызықтармен шектелген.
Ойыстың таумен көмкерілген жағалаулары полеозойдың күрдслі дислокацияланған массивті кристаллды жыныстарынан тұрады.
Іле өзенінің оң жағалауындағы Қалқан және Ақтау тауларында көрінеді. Іле ойысының басқа аумақтары ұзақ тектоникалық майысуды дәлелдейтін мезозой -
кайнозойдың шөгінді жыныстарымен борпылдақ шөгінділерінен тұрады.
Курстық жұмысымның өзектілігі: Курстық жұмыс Іле ойысының географиялық орыныныуң, жер бедерінің геотектоникалық құрылысының климаты мен органикалық дүниесінің негізгі ерекшеліктерін анықтауымен өзекті.
Курстық жұмысымның мақсаты:
- Іле ойысының геогфиялық орынының ерекшелігінің климаты мен органикалық дүниесінің таралуына ;түзетін әсерін; ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | Екінші деңгейлі банктердің несиелеуінің шетелдік тәжірибесі.

КІРІСПЕ
Ұдайы өндіріс процесі фазаларының өзара әсері тауарлық шаруашылықтағы несиенің орнын айқындауға және оның мәнін ашуда елеулі мәнге ие. Өндірісте несиелік қатынас жүргізілмейді. Өндірістік процеске несиелік қатынастардың тек бірінші жағы-алынған несиені өндірістік мақсатқа пайдаланушы қарыз алушы ғана қатынаса алады. Екінші жақ - кредитор өндірістік процестің сыртында қалады. Демек, несие бірегей ұдайы өндіріс процесінің субьектілері арасындағы экономикалық байланысты білдіреді. Сондықтан несиенің мәнін ұдайы өндіріс процесінің бір сатысымен ғана байланыстыруға болмайды.
Несие құнның белгіленіп үлгерген қызметіне байланысты болатын қатынастарды білдіреді. Несие тек өндірісте ғана пайда бола алмайды, өйткені мұндай өнім әлі жасалған жоқ, ал оның бөліктері ұдайы өндіріс процесінің сәйкес қатынасушыларының иелігіне түскен жоқ. Несие айырбас сатысында пайда бола отырып, қарыз мәмілесінің формасы ретінде құн қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Құн қозғалысы несие қозғалысының ядросы болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін басқару жүйесі

Кәсіпкерлік - бұл меншік формасына тәуелсіз, азаматтар мен заңды тұлғалардың, таза кірісті, тауарларға деген сұранысты өз атынан, өз тәуекелі мен өзінің мүліктік жауапкершілігі арқылы қанағаттандыру жолымен алуға бағытталған белсенді қызметі.
«Кәсіпкерлік» пен «нарық» өзара тығыз байланысты. Нарықтық экономиканың жалпы да қысқа анықтамасы «еркін кәсіпкерлік экономика» деген ұғымды білдіреді.
Шынында да нарық кәсіп иесі мен ортасын, ал кәсіпкерлік нарық қатынасының сипаттамасын көрсетеді. Кәсіпкерлік – азаматтардың өз атынан, өз тәуекеліне, өз мүлік жауапкершілігіне, яғни пайда мен жеке кіріс алуға бағытталған тәуелсіз қызметін керсетеді.
Мемлекеттік заң кәсіпкерлікке шаруашылық қызметтің барлық түрін, сонымен қатар коммерциялық-делдалдық, сауда-саттық, инновациялық, кеңес берушілік қызметтерді, құнды қағаздар операцияларын жүзеге асыруға рұқсат береді. Кәсіпкерліктің алғашқы формасы жеке және ұжымдық кәсіпкерлердің қызметі.
Жоғарыда келтірілген анықтамалар жеке табыс пен пайда табудағы кәсіпкерліктің басты қасиеті мен белгісі болып табылады.
Кәсіпкерліктің негізгі қасиеті іс жүргізудің жеңіске жеткізер қызметінің икемді де ыңғайлы жаңа түрлерін үздіксіз іздестіру, яғни өнімді, технологияны, тауарды, тұтынушылар ортасын, бағаны экономикалық әрекет ортасындағы өзгерістерге сәйкес өзгертеді. Кәсіпкер үшін тыныштықта тұрып қалу жат қылық. Өз атына сәйкес ол іске асырылатын қызмет пайдасының көп болуына, кем дегенде пайданың төмендемеуіне жағдай жасауы керек. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Маркетинг | Қазақстан Республикасындағы алкогольды сусындар нарығы

Американдық маркетинг ассоциациясы берген анықтамасы бойынша «Маркетингтік зерттеулер» дегеніміз ақпараттар арқылы ұйымдар мен тұтынушылар арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Олар маркетингтің мәселелері мен мүмкіндіктерін анықтауға, маркетинг шараларын бағалауда, маркетинг қызметін бақылағанда қолданылады. Қоғамдық пікірді білу және маркетингтік зерттеулер жөніндегі Еуропалық қоғамдық кодексіне сәйкес (ESOMAP) «Маркетингтік зерттеулер» дегеніміз маркетингтік және басқарушылық шешімді қабылдауға байланысты белгісіздікті азайту мақсатымен мәліметтер жинау, өңдеу оны талдауды айтады. Маркетингтік зерттеулердің негізгі мақсаты – шығарылатын тауарларды сұранысқа және тұтынушының талабы мен тілегіне, нарықтың жағдайларына бейімдей отырып, белгілі бір аймақтың нарықты және оның сегментінде фирмалардың бәсекелесінде орын алып, оны ашуға мүмкіндігі. Маркетингтік зерттеулердің нәтижесі тиімді болуы үшін келесі шарттарды орындау керек:
 Зерттеулер кешенді және жүйелі түрде өтуі кере
 Ақпаратқа қойылатын талаптарды ескере отырып, зерттеуде ғылыми тәсілдерді қолдану керек;
 Халықаралық сауда палатасы және Қоғамдық пікірді зерттеу, Еуропа қоғамы бекіткен маркетингтік және әлеуметтік зерттеулер практикасы халықаралық кодекске сәйкес жүргізілуі тиіс;
 Маркетингтік зерттеулер жұмыстары мұқият жоспарларуы және жүйелі сатып алынуы тиіс; ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Түйсік

Түйсік
§ 1. Түйсіктер туралы жалпы ұғым
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды.
Түйсік арқылы заттардың түсін, иісін, дәмін, қатты-жұмсақтығын, кедір-бұдырлығын т. б. осы секілді қасиеттері ажыратылады. Сондай-ақ түйсік денеде болып жататын түрлі өзгерістер жөнінде де, яғни дененің қозғалысы мен оның кеңістікке орналасуын, жеке бөліктерінің жұмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы дүниені танып-білу түйсіктен басталады. Ол білім атаулының алғашқы көзі. Мәселен, жолдасыңнан көзін жұмуын өтініп, оның алақанына белгісіз бір затты тигізсең, сосын одан оның не екенін сұрасаң, ол: "қатты, жылтыр, мұздай, жұмсақ, жылы, кедір-бұдыр бір нәрсе" деп жауап береді. Заттардың нақты атауы емес, тек түрлі қасиеттерін білдіретін осы сөз тіркестері түйсік болып табылады.
Түйсіктер заттар мен нәрселердің тек жеке қасиеттерін ғана мида бейнелейді. Мәселен, адам секундтың /10 бөлігінде жалт еткен жарықты көрдім деп айта алады, бірақ оның қалай деп аталатынын білмейді.
И. П. Павловтың жүйке қызметі туралы ілімі түйсіктердің пайда болуын анализатор (талдағыш) деп аталатын анатомиялық-физиологиялық жүйке аппаратының жұмысына байланысты түсіндіреді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0