Курстық жұмыс: Педагогика | Қазіргі кездегі оқу мекемелеріне сипаттама (гимназия, лицей, колледж)

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Қазақстан Республикасының "Білім туралы заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет "Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту" сияқты өзекті мәселелер енгізілген. Осыған орай мектепте 2—11 сыныптар арасынан қырық бес оқушы "Қабілетті оқушылар" қатарына іріктеліп, картотека жасалған. Картотекадан жеке оқу туралы толық мәліметтер алуға болады. Оларға кәсіби біліктілігі жоғары мұғалімдер жетекшілік етеді. Жетекші мұғалімдер арнайы бағдарлама түзіп, оқушы мектеп бітіргенше тұрақты жұмыс жасайды.
Білім мен сенім — егіз. Қазіргі кезде көп жерде айтылып жүрген "Ауыл мектебіндегі білім нашар" деген көзқарас ауыл балаларының психологиясына кері әсер етеді. Оның үстіне ауыл балаларының ұяң болып келетіні тағы бар.
Әрине, қаламен салыстырғанда ауылда ақпарат көздері аз, ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасы бүгінгі өміршең талаптарға сай келе бермейді. Алайда білімді де білікті мұғалімдср мен ата-аналар бар жерде қандай қиындықты да жеңуге болады. Мектебімізде жоғарыда айтылғандай түрлі шараларды ұйымдастыра отырып әрбір баланың біліміне, ерік-жігеріне деген сенімін қалыптастырып келеміз. Өйткені, біз бүгін әлемдік мәдениет пен білім беру кеңістігіне кіріскен ашық қоғамда өмір сүрудеміз.
Курстық жұмыстың мақсаты: Өркениетті қоғамға тән толыққанды тұлға тәрбиелеудің негізгі алтын діңгегі — ата-ана, өскен ортасы, өмір сүріп жатқан қоғамы. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Саясаттану | Халқаралық аймақтық ұйымдар және Қазақстан

Кіріспе
Қазіргі уақытта халықаралық ұйымдарға мүше болу және олардың қызметтеріне белсенді қатысу - егеменді, тәуелсіз мемлекеттердің маңызды істерінің бірі. Реформалар жолына түсіп, өркениетті қоғам құруға талаптанып жатқан Қазақстан үшін халықаралық ұйымдардың қызметіне кең көлемде араласу - бүгінгі күннің көкейкесті мәселесіне айналып отыр.
Халықаралық ұйымдардың қызметіне тиімді түрде қатысу үшін олардың іс-қимылдарын жан-жақты зерттеу қажет.
Қазіргі халықаралық қатынастардың ерекше белгісінің бірі халықаралық ұйымдар рөлінің арта тусуі. Бұл арада халықаралық қатынастар шеңберінің кеңейіп, күрделенуін, көпжақты дипломатияның дамуын, сөйтіп халықаралық деңгейдегі ынтымақтастықтың күшейе түсуін айту керек.
Қазіргі халықаралық қатынастарды тек қана екі жақты қатынастармен шектеуге болмайды. Әлемдік маңызы бар мәселелердің көбеюі олардың шешімін табу жолында халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіруді талап етеді. Халықаралық ұйымдарды негізінен екі категорияға бөліп қарастыруға болады. Олар: үкіметаралық (мемлекет аралық) және өз жұмыстарын қоғамдық негізде атқаратын мемлекеттік емес ұйымдар. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қаржының функциялары

КІРІСПЕ
Қаржы ("қолма-қол ақша", "табыс" ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен пайда болған француздың financiе сөзінен шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды.
Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы "Республика туралы алты кітап" деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қаржы құқығы | Бюджеттік бақылауды құқықтық реттеу

Кіріспе
Бюджеттік бақылауды хұқпен реттеу дегеніміз, бюджеттерді қаыптастыру және бөлу, сондай-ақ бюджеттік қаржыларды пайдалану процестерінің заңды түрде, және мақсатқа сәйкес жүргізілуін тексеретін мемлекеттік органдардың қызметі. Бұл қызмет арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс және шығыс бөлігін қалыптастыру және бөлу кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастар реттейді.
Түсінігіне келсек, бюджеттік кірістерді және шығыстарды хұқпен реттеу дегеніміз, мемлекеттік бюджеттің кіріс және шығыс бөлігін қалыптастыру және бөлу кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін бюджеттік хұқтың бір бөлімі болып табылады.
Әдетте, мемлекеттік бюджеттің кірісін құрайтын ең басты түсім көздері салықтар, алымдар, салық емес басқа кірістер сондай-ақ міндетті түрдегі басқа да төлемдер болып табылады. Бюджеттің кірістерінің құрамы мен құрылымы мемлекеттің фискалдық саясатының жүзеге асырылу бағытына байланысты болады.
Мемлекеттік бюджеттік бақылау бюджеттік бақылау – тексерулерді жүзеге асыруға хақы бар уәкілетті мемлекеттік органдар мен бюджет органдарының жүйесі мен құзыреттерін, бюджет бақылаудың нысандары мен түрлерін, сондай-ақ бюджеттік тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындатын бюджеттік құқықтың нормаларының жиынтығы болып табылады.
Бюджеттік бақылау мемлекеттің бюджет қызметінің құрамдас бөлігі болып саналады және бюджеттік бақылау бюджет органдарымен мен басқа да тиісті уәкілеттілігі бар мемлекеттік органдар жүзеге асыратын мемлекеттік бақылаудың, дәлірек айтсақ қаржылық бақылаудың арнаулы бір түрі болып табылады. Негізінде бюджеттік бақылау кең мағынада айтылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Инфляцияның мәні себептері және формалары

Инфляция (лат «желбуаз»), ақшаның құнсыздануы-ақша айналысы арналарының тауар айналымы қасиеттерінен артық мөлшерде толуы. Мұның өзі ақша өлшемінің құнсыздануын туғызып, тиісінше бағаның өсуіне апарып соқтырады. Инфляцияның экономикалық жэне әлеуметтік зардаптары сан алуан. Инфляция қарқынының артуына қарай өндірістің дамуына нақты кедергі жасайды, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік шиеленісті ұшықтырыды. Инфляция өндірісті қожыратып, елеулі экономикалық зиян келтіреді, экономикалық саясаттың жүргізілуін қиындатады.
Курстық жұмысымды 3 бөлімге бөлдім. Бірінші бөлімде инфляцияның мәнін, себептерін түрлерін қарастырдым, яғни инфляция теориясына коңіл аудардым.
Екінші бөлімде, инфляцияның экономикалық, әлеуметтік салдары, альтернативті көздері, тежеу шаралары мен әдістері, жұмыссыздық деңгейінің түсуі баға мен жалақы өсіміне әкеледі деген қорытындыға келген филлипс қисығы туралы қарастырдым.
Соңғы бөлімде, инфляцияға қарсы мемлекеттік саясат туралы, инфляцияның Қазақстандағы ерекшеліктеріне анықтама беріп, мысалдарымен түсіндірдім....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қаржы | Казкоммерцбанк АҚ дағы қарыз алушының несиелік қабілетін талдау тәжірибесі

Қазіргі несиелеу жүйесі қарыз алушының несиелік қабілетін анықтау әдістерінде де негізделеді. Айта кету керек, қарыз алушының несиелік қабілеті - бұл коммерциялық банк балансының өтімділігін қолдау әдісі болып табылады.
Несиелеу процесі белгіленген мерзімде сауданың қайтарылмай қалуға себепкер болатын көптеген тәуекел факторлардың іс әрекетімен байланысты болып келеді. Сондықтан да, банк ссудасының берілуі алдын-ала ықпал ететін факторларды оқып-үйрену арқылы несиелік қабілетті оқып үйренуге жағдай жасайды.
Қарыз алушының несиелік қабілеті - бұл қарыз алушының өзінің қарыздық міндеттемелерді бойынша толық және уақтылы есеп айрысу қабілеті.
Қарыз алушының несиелік қабілетінің, оның төлем қабілетінен бір айырмашылығы - онда өткен кезеңдегі немесе қандай да бір күндегі төлемсіздікті есепке алмайды, яғни мұнда алдағы уақыттардағы қарызды өтеу қабілетін болжанады. Өткен уақыттардагы қарыз алушының төлем қабілетсіздігінің дәрежесі клиенттің несиелік қабілетін бағалау барысында иек артатын ең бір формальды көрсеткіш болып табылады. Егерде қарыз алушының мерзімі өткен карызы болып, ал балансы өтімді және меншікті капиталдың мөлшері жеткілікті болса, онда банкке өткен уақыттағы төлемдердің бір рет кешіктірілуі, клиенттің несиелік қабілетсіздігі туралы қорытынды үшін негіз болып табылмайды. Несиелік қабілетті бар клиенттер банкке жабдықтаушыларға, бюджетке ұзақ төлемсіздіктің болуын жібермейді.
Клиенттің несиелік кабілетінің деңгейі, банктің нақты қарыз алушыға беретін нақты ссудасымен байланысты карпайым (жеке) тәуекелдерінің дәрежесін көрсетеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Қазақ диаспорасының мәселелері

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диплом жұмысы ТМД шеңберіндегі қазақ диаспорасының мәселелері мен Қазақстанның көзқарасы (1991-2006жж) тақырыбын зерттеуге арналған. Жұмыста қазіргі кездегі халықаралық қатынастардағы жүйесіндегі жаһандану, аймақтану, кірігу үрдістерінде - тәуелсіздікке қол жеткізген жас мемлекеттердің ішіндегі Қазақстанның тарихи жағдай тәлкегімен тағдырдың айдауымен жат жерлерге қоныс аударып кеткен алаштың мыңдаған ұрпақтарының тарихи отанымызда бас қосуы, атамекеніне қайта оралуы, қандастарымен кеңінен қарым-қатынас орната бастауы мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген. Ғылыми жұмыста Қазақстан мен ТМД елдерінің арасындағы екі және көпжақты саяси, мәдени қарым-қатынастардың қалыптасуы, дамуы және болашағы жан-жақты қарастырылады.
Диплом жұмысының өзектілігі. Қазіргі таңда әлемдік мәдени ынтымақтастық үрдісінің күрделене түсуі халықаралық қатынастар жүйесінің дамуына елеулі ықпал жасауда. Алыс және жақын шетелдердегі қазақ диаспорасы қазақ ұлтының үштен бірі немесе 4,3 миллион адамды құрайды. Олардың көпшілік бөлігі Кеңестік кезеңдегі революцияның және азамат соғыстары, зорлап ұйымдастыру, ашаршылық, жаппай қуғын-сүргін салдарынан өздерінің тарихи отандарынан кетуге мәжбүр болды.
Сонымен, тарихқа терең бойламай-ақ, адамзат тарихындағы алапат ғасыр ХХ ғасырдағы қазақ ахуалын сөз етсек, өз елі, өз жерінде отырып, қазақтай генезиз кешкен қасіретті ұлт жоқ екен. Мешін қырғыны - 1932 жылғы ашаршылық 43 пайызынан айырса, 30-жылдардағы саяси нәубет - ұлт қаймағын сыпырды. Екінші дүниежүзілік соғыстағы қынадай қырылған боздақтар, одан соңғы кеңестік саясат жемісінен болған жасанды ассимиляция. Осынша қасіретті бастан өткерсе де ұлт қуаты кеміген жоқ.
Қазақ кім десеңіз, тағдыр талайымен қайғы кешіп келген чешен мен неміске, ұйғыр мен кәріске өзі жарымай отырып, жеген нанының жартысын бөліп беріп, аман сақтап қалған дархан жұрт, кең пейіл ел. "Қазақ осындай болмаса, қырыларымыз анық еді" - деп қазаққа мәңгі алғыс айтатын сол қасіретті жұрттардың алғыс батасы шығар, бүгін етек жеңімізді жауып, үзенгілестен бас оздырдық.
Қазақ кім десеңіз - тізгіні қолына тиген шақта, бағы беймәлім болып аңырап тұрған кезде, тыңнан тесіп жол салып, "соқтықпалы соқпақсыз" сергелдең шақта жорғадай жосылып, жол тапқан ұлт, ағайын. Саясат сонарында аңшы дәуірімен атайыдай арбасып, парасат пен саясат жүргізіп ақсақалдың ақылына, елдің сабырына, жастың жалынына сүйеніп, сергелдең кешсе де, сертінде тұрып, сүйреп берген сүйенерге лайық ерің - сол қазақтың баласы.
КСРО тарағаннан кейін жақын шетелдердегі (ТМД) қазақтар диаспораға айналды. ТМД елдеріндегі диаспоралардың мәдени және әлеуметтік - экономикалық өркендеу деңгейі бір-біріне мүлде ұқсамайды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы сақтандыру тарифтік саясат

Кіріспе
Қазақстанның сақтандыру нарығы бұрынғы мемлекеттік сақтандыру жүйесі негізінде қалыптасты. Бұған дейін Қазақстан Республикасында тұрғындармен, кәсіпорындармен және ұйымдармен сақтандыру операңияларын жүргізудің монопольдык кұкығына Мемлекеттік сақтандыру ұйымдары ғана ие болып келді тек бүдан бірнеше жыл бүрын Мемлекеттік сақтандырү үйымдарымен экономикалык және үйымдык түрғыдан байланысты емес дербес сақтандыру үйымдары кұрылып, дами бастады .
Қазакстан Рёопубликасы Президентінің 1995 жылғы "Сақтандыру туралы" заң күші бар жарлығымен сақтандыру шараларын жүргізудегі монополия жойылды және казіргі уақытта республиканың сақтандыру нарығында барлық сақтандыру ұйымдары бірей құқықтық дәрежеге ие болды. Сақтандыру нарығы бұл бір жағынан сақтандыру қызметіне деген сұраным да екінші жағынан ұсыну шараларының жиынтығы .
Отандық сақтандыру нарығы өзінің даму жолында түрлі кедергілерді артка тастап,бәсекелестік ортаны қалыптастыру жолында дамыды . Қазіргі таңда республикада адал бәсеке нарығы калыптасты деп айтуға болады ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Салық құқығы | Қазақстан Республикасының салық саясатын жетілдіру

Кіріспе
Салықты жетілдіру ұзақ даму жолынан өткен көптеген елдерге қарағанда, экономиканы жедел орнықтыру және дамыту қажеттігі ескеріле отырып Қазақстанда қоғамның талабына жауап бететін және нарықтық экономиканың жағдайына икемделген салық жүйесін жасауды шұғыл қолға алды.
Салық салынатын нысандарды және нақты пайданы айқындауда халықаралық тәжірбиеде қолданылып жүрген принциптерді пайдалануға жол ашу мақсатында өнімнің өзіндік құнына әсер ететін шығындардың жүйесі қайта қаралып, түпкі нәтижені көрсететін баланстық пайда ұғымы енгізілді. Жылдық жиынтық пайданы анықтаудың жолдары белгіленді. Нақты пайдаға ғана салық салынуы үшін салықтық есеп жүйесі қолданыла бастады.
Осы жұмыс «Қазақстан Республикасының салық саясаты және салық механизмі» деген тақырыпта қазіргі мемлекетіміздің жүргізіп отырған саясатына талдау мақсатында жасалды. 1991 жылдың желтоқсанында өз тәуелсіздігін алған жас мемлекетіміздің жаңа экономикалық саясатында салық жүйесінің атқаратын рөлін жан – жақты қамтуға арналған жұмыс. Аталған жұмыста еліміздегі қазіргі салық жүйесі мен салық саясатына шолу жасап, еліміздегі қолданып жүрген салықтар мен алымдардың мәні мен маңызын және де кемшілігін көрсетуге тырыстым.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚР дағы шағын кәсіпкерліктің экономикадағы рөлі және даму тенденциялары

Нарықтық қатынастар аясында жүзеге асырылып жатқан кәсіпкерлік қызметтің мемлекет тарапында және экономика өмірінде алатын орны зор. Қазіргі экономикалық өркениетті дүниенің қрылымдық даму жүйесіндегі болашағы келтірмейтін салалардың бірі – шағын кәсіпкерлік болып табылады.
Бүгінгі таңда республикамызда экономиканы қайта құру жолында оның негізі болып табылатын кәсіпкерлік қатынастарды дамытып, жандандыру күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі. Оның негізгі маңыздылығын ҚР-ы Президентінің «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына жолдауында: «еліміздің экономикалық саясатының бірден-бір басым бағыты шағын кәсіпкерлік» деп аталынған. Сондықтан шағын кәсіпкерлікті дамытуды басқару еліміздің жүзеге асырып жатқан саясатының стратегиялық мәселесі болып табылады. Оның стратегиялық маңыздылығын бағалау үшін Қазақстан экономикасының мынадай ерекшеліктеріне көңіл бөлу қажет:-айқын көрініс алған шикізаттық бағыт; -қайта өңдеу өнеркәсібінің нашар дамуы; -импортқа тәуелділігі; -инфрақұрылымның нашар дамуы; -аймақтар бойынша өндіргіш күштердің біркелкі орналаспауы. Бұл аталған біздің экономикамыздың мұндай зардаптарын шағын және орта бизнестің даму жолдарымен ғана жеңуге болады. Себебі, шағын кәсіпкерлікті дамытудың маңыздылығы мемлекеттің экономикалық жетілуіне ықпал етуі және өндіріс, халықтың жұмыспен қамтылуына жеткілікті түрде қамтамасыз ете алуы жатады. Сол үшін кәсіпкерлік қызметті еліміздің шаруашылық қызметінің жандандырғыш күші деп білуіміз қажет. Осыған байланысты мемлекетте кәсіпкерліктің жан-жақты қолдау мен қорғау табуын тек шағын кәсіпкерлікті дамытумен бірге оның нарықтық экономиканы дамытуда қосар үлесі де аз болмайды. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай шағын дамып отырған нарықтық шаруашылықтың бөлінбес, ажырамас бір элементі болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0