Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Есім сөз тіркесі

Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы
Грамматикалық құрылыстың өзінше дербестігі, ерекшеліктері бар топтарын — грамматикалық единицалар - тұтастықтар дейміз. Солардың басты топтары сөз тіркесі, сөйлем. Бұлардың әрқайсысы әр алуан бөлшек — бөлімдерден құралғанмен, бәріне тән, бәріне ортақ белгілеріне қарап, оларды тұтасқан, тұтасып ұласқан бөлшектер тобы деп танимыз. Мысалы, сөздін, дыбыс құрылысы, лексикалық, грамматикалық мағыналары болады, сөз тіркесінің құрамына еніп адамнын, ойын, сана-сезімін білдірудің бөлшектері қызметін атқарады. Балықтың өмірі суда болатынындай, сөздін, өмірі сөз тіркесінің, сөйлемнін, құрамында болады. Әлемдегі жан-жануарлардың күнелту табиғи айналасы болатынындай сөздің, сөз тіркесінің де "табиғи" жұмсалу "айналасы", өмір сүру жағдайы болады. Бұлардың сондай шоғырланған ұясы да, өмір сүру қызметі де сөйлем ішінде жұмсалуы болады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Жер салығы | Жер салыгы мен катынастары

Кіріспе.
Жер салығы – бұл жер рентасын шеттету нысандарының бірі. VIII ғасырдың соңында және ХІХ ғасыр бойы дамушы саяси экономиканы ұсынушылар, жер меншігі негізгі байлық болып табылады, мемлекетті басқару үшін қажетті мемлекеттік кірістер, осы байлықтың бірінші қайнар көзі сияқты салық салу жолына шығарылуы керек деп бекітті, яғни жерге салық салу керек деген.
Бұл салық жер учаскесін нақты қолдану есебімен кіріске негізделеді. Өткен және қазіргі жүзжылдықта олармен Г. Джордж, С. Корд, Н. Тидеман және көптеген басқа зерттеушілер айналысқан. Соңғы уақытта біздің шарттарда бұл мәселелерді М.Л. Бронштейн, А.А. Калныньш, А.Э. Сагайдан, Б.И. Пошкус айналысқан. Н. Суханованың жиырмасыншы жылдар басындағы маңызды және теориялық өңдеулері сақталған. Рентаның салық салу маңыздылығын сипаттағанда, ол былай деген: “Бұл жұмыс екі бөлікке бөлінеді: біріншіден, жер рентасын салық ретінде қалай алуға болатынын анықтау, және екіншіден қалай рентаны қоғамдық қажеттілікке аударуды шешу керектігін, яғни оны қалай бөлу керек”. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | Қ.Р - ғы валюта бағамы жағдайы

Кіріспе
Тарихта үш түрлі: ұлттық, дүниежүзілік және мемлекетаралық немесе аймақтық валюта жүйесі қалыптасқан. Алғашқыда елдің ақша жүйесінің құрамдас бір бөлігі ретінде ұлттық валюта жүйесі пайда болды.
Ұлттық валюта жүйесі деген қоғамдық ұдайы өндірісті қалыптастыруға және халықаралық төлем айналымын қамтамасыз етуге қажетті валюта ресурстарын пайдаланатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ұлттық валюта жүйесі ұлттық валютаға негізделіп құрылады. Ұлттық валюта – елдің ақша бірлігі. Ол қолма-қол формада (банкнота, монета) және қолма-қол емес формада (банктік шоттардағы ақша қалдығы) болады. Оның эмитенттері ұлттық орталық банк және коммерциялық банктер. Ұлттық валюта жүйесінің элементтері төмендегілер:
- ұлттық валюта;
- ұлттық валютаның шетел валютасына айырбасталу жағдайлары, яғни айырбасталудың екі түрлі болуы:
а) шетел валютасына шектеусіз еркін айырбасталатын валюта (АҚШ доллар, евро, жапон иенасы, ағылшын фунт стерлинг)
ә) жарым-жартылай айырбасталатын валюта (ресейлік рубль, т.б.)
б) айырбасталмайтын (тұйық) валюта;....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Салық құқығы | Қазақстан Республикасында жанама салықтардың салық жүйесі

Кіріспе
Қазақстан экономикасының оңтайлы және табысты жағдайларға қол жеткізу үшін көптеген қызметтер атқаруда . Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі- ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Соның нәтижесінде біздің республикамызда саяси тұрақтылық ,колоссалді табиғи байлық , оңтайлы геосаяси жағдай қалыптасты деп ойлаймын Мемлекеттің негізгі мәселелерінің бірі мемлекеттік кірісті оңтайлы қалыптастыру .Қазақстан егеменді ел болып қалыптасқаннан бері республикамыздың салық жүйесінде біраз өзгерістер енгізілді.
Қазақстан Республикасының 1991 жылдың 25-желтоқсанында қабыл-данған « Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» Заңы, тәуелсіз Қазақстанның салық жүйесін құрудың ең алғашқы бастамасы болып табылды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | АШЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ

Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға өтуге байланысты елдің экономикасында, сондай-ақ тұтастай алғанда халық шаруашылығының барлық салаларында терең әрі ауқымды өзгерістер көрініс тапты. Яғни екі деңгейлі банк жүйесінің қалыптасуы және сыртқы экономикалық іс-әрекеттердің либерализациялануы көптеген ірі және шағын экспортерлар мен импортерлардың пайда болуына, сондай-ақ жекешелендірудің нәтижесінде коммерциялық шаруашылықтардың жеке объектілерімен қоса ірі өндірістік кәсіпорындар жеке меншікке иелігіне өтті.
Ашық экономикадағы өзгерістердің оң нәтижелерімен қатар кері нәтижелері де болып отырды. Яғни ұлттық экономиканың құрылымдарындағы ірі диспропорциялар, шаруашылық байланыстардың тоқтауы, инфляция, “көлеңкелі экономика” масштабының өсуі т. б.
Қазіргі экономисттердің көпшілігі ақша - несие саясатын үкіметтің шамадан тыс үстеміне және дербес индивидумдардың шаруашылық дербестігінің азаюына тудырмайтын демократиялық қоғамдағы ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу құралы деп қарайды.
Ашық экономикадағы ақша - несие саясатының ең ақырғы мақсаты бағалардың тұрақтылығын, толық жұмыс бастылықты және ВНП-ның нақты көлемінің өсуін қамтамасыз ету болып табылады.
Ашық экономикадағы ақша - несие саясатының негізінде жалпы экономиканың хал-ахуалына ақшалардың және ақша - несие саясатының әсер ету процесін зерттейтін ақша теориясы жатады.
Монетарлық саясаттың бағыттары мен тактикалық мақсаттары ұлттық экономиканың күй-жағдайымен анықталады. Тәуелсіздік алуынан кейін Қазақстан Республикасы өзіне инфляциясы өсіп бара жатқан, құлдыраған экономиканы мұраға алды. Бұдан былай бұл процестер тек әрі қарай күшейді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қаржы | Валюта нарығы және валюталық реттеу

Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда – бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан валюталық-экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық-заңдық тұрғысынан қарағанда – белгілі бір қоғамдық-экономи-калық формация шегіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы.
Валюталық жүйелердің дамуы өз кезегінде валюта нарықтарының дамуына септігін тигізді. Валюта нарығы – FOREX (Foreign Exchange Operations – шетелдік айырбас операциялары) деп аталады.
Қазіргі уақытта валюта нарығы ең үлкен қаржы нарығы. Қазақстан Республикасына бүгінгі таңда валюта нарғына маманданған көптеген дилингтік компаниялар келіп жатыр.
Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына, сондай-ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына қатысты халықаралық экономикалық қатынастарға делдал болады.
Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.
Қазақстан Республикасында КASE қор нарығында тек акция, облигациялармен ғана емес, сонымен қатар валюталармен де операциялар жасалады. Ұлттық валютамыз – теңге 1999 жылдан бастап еркін жүзу бағамымен келе жатыр, яғни оның бағамы сұраныс пен ұсыныс арқылы анықталатын болды. Еркін жүзу бағамы – ел экономикасының жаңа дәрежеге көтерілгенінің белгісі.
Валюта нарығы ел экономикасын қан жүйесі секілді. Валюта нарығын реттеу – бүкіл ел экономикасын реттеудің ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ

КІРІСПЕ
Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді. Алтын немесе күміс ақша айналымы кезінде инфляция болмайды, неге десеңіз, ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі болған; қажетті ақша көлемі алтын-күміс қорымен реттелген. Қағаз ақша айналымында жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың тек белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз ақша шектеулі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктен тыс өседі. Артық ақша сұранымды арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде, бағаларға қатты ықпал жасап, оларды көтеріп жібереді.
Инфляция дегеніміз күрделі де көп факторлы құбылыс; ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстандағы кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігін арттыру

Кіріспе
Кәсіпорындардың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын және әрі қарай өсуін анықтайтын шешуші факторлардың бірі – бұл оның инвестициялық белсенділігі. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға көшкелі бері жүргізілген экономикалық бетбұрыстар халық шаруашылығының негізгі буыны болып саналатын кәсіпорындардың құқықтық, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, олардың шаруашылық және азаматтық жүйелердегі дәрежесін айтарлықтай өзгерістерге ұшыраттты. Жеке меншікте, аралас, акционерлік меншікте құрылған миллиондаған кәсіпорындар пайда болды және қазіргі таңда қызмет етуде, көбею үстінде, даму барысында. Осылардың барлығы кәсіпорындардың инвестициялық қызметін ұйымдастыру және басқару механизмінің өзгеруіне себеп болды. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметі олардың экономикалық өсуінің, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестікке қабілетті болуының алғы шарттарының бірі болып табылатындығы сөзсіз.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Кедендік төлемдер түрлері есептеу төлеу тәртібі

Салық объективті, субъективті қаржылық экономикалық және құқықтық құбылысты, ал салық салу мемлекеттің бюджеттің (салық кірісін) кіріс базасын қалыптастыруға байланысты қарқынды салықтық қатынастарды көрсетеді. Оқулықты жазудағы мақсат Қазақстан Республикасының бүгінгі салық жүйесімен салық кодексі тұрғысынан өзекті мәселелерді қарастырып негіздеу, салық салу саласының нормативтік құқықтық базасын жетілдіру. Сондай-ақ осы саланы салық төлеушілердің мүдделерін есепке ала отырып жалпы мемлекеттік тұрғыдан басқару жөнінде ғылыми негізделген ұсыныстар мен тұжырымдар беру болды. Салық ішінде республикалық бюджеттің тұрақты бекітілген кірістері болып белгіленген кедендік баждар мен өзге де кедендік төлемдердің қазіргі кезде де аталған бюджеттің түсімдері ретінде бюджет кодексінен көрініс табады. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар алып өткен кезде және Қазақстан Республикасының кеден заңдарында берілген басқа да жағдайларда кедендік төлемдердің мынандай түрлері төленеді:
1) кедендік баж;
2) кедендік ресімдеу үшін кедендік алым;
3) тауарларды сақтау үшін кедендік алым;
4) кедендік ілесіп алып жүру үшін кедендік алым;
5) Қазақстан Республикасының кеден органдарының лицензия бергені үшін алым;
6) кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын бергені үшін алым;
7) алдын ала шешім үшін төлемақы; ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қылмыстық құқық | Жазаланушылыктын негіздері және аяқталмаған қылмыстын түсінігі

КІРІСПЕ
Аяқталмаған қылмыстың және оның түрлерін кылмыстық іс-әрекеттің орындалу дәрежесі бойынша ажырату кылмыстарды дүрыс саралау үшін үлкен маңызға ие. Аяқталмаған кылмыстың анықтамасы аяқталмаған қылмыстық қызметке қатысты кылмыстық жауапкершіліктің жалпы негіздерін және шектерін нактылайды.
Кылмыстық қызметтің даму сатылары туралы ілімде кылмыска дайындық және қылмыс қүрамына оқталу туралы мәселені қазіргі қылмыстық кодекстің баптары бойынша және ғылыми әдебиеттердегі ғалымларлын көкарасымен қарастырып таллау жасадық.
Сот тәжірибесіңде кылмысты оны істеу сатысын дүрыс аныктамасымен байланысты кылмыстарды кате саралау оқиғалары әлі де болса кездеседі. Бүл көп жағдайларда жасалған қылмыстық іс-әрекеттің қоғамға қауіпгтілік дәрежесінін тағайындалған жазаға сәйкес еместігіне алып келеді. Кінәлінің іс-әрекетінде қоғамға қауіптіліктің бар екендігін қателесіп жокка шығару, нақтырақ айтқанда, оның жүріс-түрысында басталған қылмысты жалғастыруды өз еркімен бас тарту, дүрыс ажыратпау, негізсіз қылмыстық жауапкершіліктен босату оқиғалары кездесіп түрады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0