Курстық жұмыс: Экономика | Ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуы

Азық-түлік проблемасы адамзат тарихында әлімсақтан келе
жатыр. Адам баласы ғасырлар бойы өмір сүре отырып, азық-түлік
молшылығын жасау жолдарын нәтижелі шешуді армандап келеді.
Ғылым мен техника дамуымен таң қаларлық әр түрлі жобалар
пайда бола бастады. Олардың көбісі бір жаңалықпен немесе өнер
тапқыштықпен бүкіл адамзатты азық-түлікпен қамтамасыз етуді
мақсат етіп қойды.
Жер шаруашылығы мен мал шаруашылығын, сонымен қоса
олардың жетекші салаларын, агроөнеркәсіп өндірісі саласындағы
жалпы ғылыми техникалық өркениетті дамыту әлі ұзақ жылдарға,
жүз жылдықтарға жалғаса береді. Адамзаттың азық-түлік
проблемасын табысты шешу тек осы жолмен ғана айқындалмақ.
Дүние жүзінің жетекші елдері ауыл шаруашылығы
көлемінің 55 проценттен астамын, оның ішінде АҚШ 20,5
процентін, Еуропа экономикалық қауымдастығы елдері 18,5
процентке жуығын және Жапония 4 процетке жуығын өндіреді.
Осы елдерде үкіметтік және үкіметаралық деңгейде бағаны ауыздықтау және агробизнесті дамыту мақсатында азық-түлік тауарларын өндіруді шектеу және оларды квоталау жөнінде заң актілері мен келісімдер қабылданды. Айта кететін тағы бір жайт, дамыған елдермен салыстырғанда дамушы елдерде ауыл шаруашылығы өндірісінің бір қызметкеріне 16 есеге жуық аз өнім өндіріледі.
Бұған қоса, жетекші капиталистік елдерде, ең алдымен АҚШ-та экспорттық астық қорынан бірте-бірте көз сүзу алаңдатады. Мұның өзі қызықты монографиясында венгр экономисі Пал Шаркань атап өткендей, азық-түліктің ядролық бомба мен зымыраннан да қорқынышты қаруға айналатындығына жол ашатындай. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Инвестиция туралы түсінік

Шетелдік инвестицияларды тарту ісі мемлекеттен нақты қолдау табуы тиіс.Инвестициялық қаржыларды ел экономикасына қатыстыру әр түрлі нысанда жүзеге асырылуы мүмкін, оған шетел банктері мен халықаралық ұйымдардан қарыз алудан бастап, кәсіпорындарды тікелей шетел инвесторларының меншігіне сатуға дейінгі әрекеттер жатады. Мұның өтпелі формасы ретінде бірлескен кәсіпорындар ұйымдастырылуы мүмкін. Шетел капиталын ұлттық экономикаға тарту өте пайдалы процесс. Біріншіден, шетелдік инвестициялар елдің өндірістік базасын жедел жаңартуға және оның өндірістік мүмкіндіктерін арттыруға көмектеседі. Екіншіден, шетел фирмалары жаңа өндіріс орындарын ашумен қатар, капиталистік бәсекелік күресте шыңдалған еңбек пен өндірісті ұйымдастыру тәжірибесән ала келеді.
Біэдің экономикаға ірі инвестицияларды келтіру үшін бірнеше шарттарды орындау қажет. Біріншіден, мемлекет шетелдік инвестицияларға қауіпсіздік кепілдігін беруі қажет. Екіншіден, мемлекет шетел инвесторларына пайданы тұрақты валютаға ауысиырып әкетуіне жағдай жасауы керек. Шетелдік инвестициялар қоғамдық санада әлі де болса елді кіріптар етудің, оны шикізат шылауына айналдыру мақсатындағы экономикалық интервенцияның құралы ретінде көрініп отыр.
Қазіргі уақытта дамушы және өнеркәсібі дамыған елдер арасындағы капитал қозғалысында елеулі өзгерістер пайда болды. Жас ұлттық мемлекеттерден капитал шығару, бір жағынан, олардың экономикасының дамуына мүмкіндік берсе, екінші жағынан, өнеркәсібі дамыған елдер жас ұлттық капиталдың өз елдеріне келуіне кедергі жасайды, сөйтіп дамушы мемлекеттерде негізінен шикізат өндірісін дамытады.
Бірақ соған қарамастан, көптеген дамушы мемлекеттер өз экономикасы үшін дамыған елдердің капиталын тиімді пайдаланып отыр. Дамудың жоғары деңгейіне жету үшін жаңа индустриалды елдер алдыңғы қатарлы технология мен тікелей жеке меншік капиталды инвестициялау мүмкіндіктерін пайдаланады. Сондықтан да, шетелдік инвестициялардың басты мақсаты басқа мемлекеттерде жұмыс орындарын көбейтуге, жалақыны дер кезінде төлеуге, жаңа техникалық құрал- жабдықтарды алуға және үлкен нарық құруға мүмкіндік береді.
Мен өз курстық жұмысымның алғашқы бөлімінде жалпы инвестиция түсінігіне және сол инвестицияның бір түрі тікелей инвестицияға тоқталып кеттім. Ал, екінші бөлімінде тақырыбыма байланысты Қазақстан Республикасында жалпы тікелей инвестицияның қалай және қай салада орналасқанын, сонымен қатар негізгі донор елдерге көңіл бөлгенді жөн көрдім. Осы бөлімнің бір бөлімшесі ретінде, мен біздің мемлекетімізге шетелдік инвестицияларды тарту не үшін қажет екеніне аз да болса тоқталып кетуді дұрыс деп шештім. Ал, ең соңғы бөлімін мен жалпы Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған инвестициялық саясатпен, инвестицияны ел экономикасына тарту кезінде пайда болатын негізгі проблемаларына жалпы шолу жасадым. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Дидактикалық ойын аркылы баланы жан жақты жарасымды тәрбиелеу

Ойынның материалға, мазмұнына, ұйымдастыру формасына, баланың дербестігіне, оның қалыптасу деңгейіне байланысты бірнеше түрлері бар. Ойын туралы ХХ ғ. зерттеулер пайда болды. Тұңғыш рет ойын бала үшін еңбек деген пікірді неміс психологы-философ В.Вунд, орыс философы 1912 жылы Г.В.Плеханов өзінің еңбегінде көрсетті. Плеханов бұл проблеманы зерттейтін адамзат қоғамының бір өмірдің қалыптасуы деп түсіндірді. Сөйтіп өнер мен ойын арасында генетикалық жалпылық бар деп айтты. Плехановтың пікірі бойынша қоғам тарихында еңбек ойында белгілеп анықтайды. Плехов ойынның әлеуметтік мазмұнын ұрпақтан-ұрпаққа берілетін мәдениет деп түсінеді.
Еңбек құралдары күрделенуіне байланысты бала ересек еңбегінен араласа алмаған себебі білімнің, біліктің, икемділікті талап еткен. Сөйтіп ересектер балаға еңбек әрекетінің жаттықтыратындай ойыншық дайындаған.
Алғаш рет Фребель ойынды тәрбие құралдарын көрсете жіктей білген. Оның пікірінше ойынды саралау принципін негізін ақыл-ойынның ықпал етуі (ақыл-ой ойыны)
2. Ішкі сезім ойындардың сыртқы орган (сенсорлық ойындар).
3. Қимыл-қозғалыс ойындары (моторлық ойын),
К.Грос неміс психологы ойынның педагогикалық мәніне байланысты былайша жіктеледі:
1. қимыл-қозағлыс ойыны
2. ақыл-ой
3. сенсорлық
4. еркін дамытушылық
Ойынның үшеуін қарапайым қызметі бойынша топтасыратын ойындар. Екіншщі топ ойынның арнаулы қызметі бойынша «арнаулы» бұл ойындарға инстинг жетілдіру мақсаттары жатады. Оған отбасы, аң аулау, күту ойындары. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚР-ң кедендік-тарифтік саясатының қалыптасуы, мәні және СЭҚ-дағы рөлі

1.1 Сыртқы экономикалық қызметті кедендік-тарифтік реттеу құралдары
Мемлекет көздейтін мақсатқа байланысты сыртқы сауданың белгілі бір құралдарын пайдаланады. Халықаралық сауданы реттейтін мемлекеттік құралдар өзіне тән сипатына қарай екіге бөлінеді: тарифтік, бұл кедендік тарифті қолдануға негізделеді және тарифтік емес әдістер. Сыртқы сауданы реттеудің тарифтік емес әдістері, өз кезегінде, мөлшерлік, қаржылық, үкіметаралық келісім әдістері мен жасырын протекционизм әдістері болып бөлінеді [1,б.200].
Сыртқы сауданы реттеудегі мемлекеттің алдына қоятын басты мақсаты елдің салыстырмалы артықшылығы болып табылатын тауарларды экспорттауға көмек көрсету немесе ұлттық өндірушілерге зиян келтіретін импортты шектеу. Сондықтан мемлекеттік реттеудің әдістерінің көбі ішкі рынокты шетел бәсекеден қорғауға бағытталған.
Кедендік тарифтің мәнін, рөлін, оның ұлттық экономикаға тигізетін пайдасы мен мезханизмін, сонымен бірге елдің сыртқы саудасына әсерін тигізетін тарифтік емес құралдарды түсіну үшін бұл сұрақтарды тереңінен қарастырған жөн.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Менеджмент | Менеджмент этикасы

Кіріспе
Мемеджмент- бұл ұйымдарды басқару процессі, басқару ғылымы, басқару өнері және адамдар құрайтын басқару ұйымдары.
20 жүз жылдықта менеджмент теориясы және тәжірибесі классикалық авторитарлық менеджменттен гуманисттік теория менеджментіне дейін ұзақ жол жүрді, жаңа басқару моделіне негізделген.
Менеджменттің негізгі даму бағыттары 90-шы жылдары корпоративті-мәдени сәтті басқару факторлары қалыптаса бастады, стратегиялық басқарудың кең таралуы, менеджменттің коммерциялық сферадан коммерциялық емес сфераға өтуі, арнайы менеджмент түрлерінің қарқынды дамуы.
1. Менеджмент этикасы дененіміз не
Жалпы айтқанда этика─бұл адам іс-құлығы немесе бір топ адамдардың және олардың ойлары мен іс-қимылдарының теріс не оң бағалауларын басқаратын моральдік принцптер мен құндылықтар жиыны. Өзін қалай ұстау керектігін, қандай шешім қабылдауға болатынын, жақсы мен жаманды ажырататын шекараның қайда екенін анықтайтын заңдар кодексі деп айтсақта болады.
Этика ішкі құндылықтарымен тығыз байланысты, ал олар өз алдына корпоративті мәдениеттің бөлігі болып табылады және қабылданған шешімге әсер етеді, сыртқы ортадан әлеуметтік шығуын анықтайды. Этикалық мәселе бір адамның немесеэтикалық норма ауызша ереже болып табылады, қандай да бір істі дұрыс жасауы, өйткені, керісінше жағдайда қарама-қайшылыққа алып келуі мүкін.
Егер этикалық дилема болған жағдайда, жағымсыз альтернативтік шешімдер немесе варианттар қолданғанда негативті потенциялды моральдік қайшылықтар кезінде жақсы мен жаманды ажырату қиын ұйымның іс-қимылы қоғамға кері немесе оң әсер етуінен туындайды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Биология | Балапанды өсіру

1 Кіріспе
Өндірістік құс шаруашылығы нарық сұраныстарын жеңіл диетикалық тағамдармен қамтамасыз етуге өзінің сүбелі үлесін қосатын, аграрлық кешениің әрі үдемелі, әрі жедел өзгеріп, тез дамитын саласы болып табылады.
Келешекте жұмыртқа және құс етін өндіру технологияларын жетілдіру, әрі шаршы метр жерден өнім шығымын көбейтіп, оның өзіндік құнын төмендетуді көздейді. Бұл жағдайдағы негізгі мақсат және міндет, бүкіл шығынды барынша азайту болып табылады. Құсты дұрыс та тиімді пайдалануға бағытталған ортаның жан – жақта көрсеткіштерін, құстың тұқымдық ерекшеліктерін түгел қамтитын технологиялық процестің басты мақсаты – құстың күнделікті тіршілігіне қажет жем мөлшерін барынша азайтып, оларды адамға қажет өнімдер алуға (жұмыртқа, ет, мамық) пайдалану.
Алға қойылған мақсатқа жету үшін, ең алдымен мынандай мәселелерді шешу қажет: бірнеше бағыттағы құс шаруашылықтары мен фермаларын мамандандыру, шаруашылықтарды пайдалы технологияға ауыстыруды, құсты инфекциядан қорғауды қамтамасыз ететін қажет құрал - жабдықтары бар құсханалардың жаңа түрін салу, құсты және құс клеткаларын пайдалану мерзімін ұзартатын клеткалық батареяның ыңғайлы конструкциясын жасау, құсты клеткалық батареяда ұстағандағы сұрыптау және өңдіру жұмыстарын ұйымдастыру. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Ауыл селодағы әлеуметтік жұмыс

Жалпы әлеуметтік жұмыстың әрекет ретіндегі мақсаты адамның қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік, құқықтық қатынастарын реттеу, оған туындаған проблемаларынжеңуге көмектесу және қолдау көрсету болып табылады. Ал әлеуметтік жұмыстың ғылым ретіндегі мақсаты нақты әлеуметтік процестердің заңдылықтарын, жұмыс істеу қағидаларын және дамуын, қоғамдағы жеке адамның азаматтық құқығы мен бостандығын қорғау кезінде әсер ететін психолого-педагогикалық және басқарушылық факторларының динамикасын зерттеу.
Қазақстандық мамандардың пікірінше, әлеуметтік жұмыстың ғылым ретіндегі обьектісіне әлеуметтік топтар мен жеке адамдардың өмірлік мүдделерін жүзеге асыруға әсер етуді реттеп тұратын және қоғамда әлеуметтік үйлесімділіктің дамуынабағытталған байланыстар, өзара әрекеттестіктер, механизмдер, тәсілдер мен құралдар жатса, пәніне әлеуметтік процесстердің дамуының заңдылықтары мен қағидалары, олардың қоғамда жеке бастың әртүрлі құқығы мен бостандығын қорғау кезінде әсер ететін әртүрлі факторлар динамикасы жатады.
Әлеуметтік жұмыс әлеуметтік процесстердің заңдылықтарын, принциптерін және дамуын зерделейді. Қоғамдағы жеке адамның құқықтарын және еркіндіктерін, олардың динамикасын, психологиялық, педагогикалық және басқару факторларын ықпалы нәтижесінде қарастырылады.
Әлеуметтік жұмыс адамдардың қажеттіліктеріне, нақтылы жағдайлардың талаптарына байланысты қоғамдағы өтіп жатқан процестерге ықпал жасайтын өзгеше бір қызмет. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қаржылық жал есебі

I ТАРАУ. Қаржылық есеп берудің элементтерін белгілеу, мойындау және өлшеу.
1.1. Қаржылық есеп берудің элементтері.
Қаржылық есептер мәмілелер мен басқа оқиғалардың қаржылық нәтижелерін оларды экономикалық сипаттамаларына сәйкес кең ауқымды категорияларға қалыптастырып, көрсетеді. Мұндай кең ауқымды категориялар деп қаржылық есептердің элементтерін атайды. етеді.
Қаржылық есеп берудің элементтерін белгілеу, мойындау және өлшеу.
Қаржылық есеп берудің элементтері. Қаржылық есептер мэмілелер мен басқа оқиғалардың қаржылық нәтижелерін оларды экономикалық сипаттамаларына сәйкес кең ауқымды категорияларға қалыптастырып, көрсетеді. Мұндай кең ауқымды категориялар деп қаржылық есептердің элементтерін атайды.
Субъектінің қаржылық жағдайын бағалаумен тікелей байланысқан элементтер бухгалтерлік баланста көрсетілген активтер, міндеттемелер мен меншікті капитал болып табылады. Кірістер мен шығыстар - кірістер мен шығыстар жайлы есеп беруде субъектінің көрсеткіштерін өлшемімен тікелей байланысқан элементтер.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Материалдық запастар

1. Кіріспе.
Өндіріс процесіне еңбек құралдарымен қатар өндірістік босалқы қорлары еңбек заттары ретінде қатысады. Еңбек құралдарынан айырмашылығы еңбек заттары өндіріс процесіне бір-ақ рет қатысады және олардың құны өндірілетін өнімнің материалдық негізін құрай отырып, өнімнің өзіндік құнын құрайды.
Тауарлы-материалдық босалқылар келесідей активтер түрінде болады: өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізаттар, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар және құрастырушы бұйымдар (детальдар), отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа материалдар; аяқталмаған ендіріс; субъект қызметі барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар.
Материалдық құндылықтарды есепке алудың алдында мынадай негізгі міндеттер тұрады: босалқыларды кіріске дер кезінде және толық есепке алу, сақтау орындарындағы жағдайын қадағалау; босалқылардың қозғалысы бойынша барлық операцияларды толық және дер кезінде құжаттау; ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Еуропалық валюта жүйесінің (ЕВЖ) даму кезеңдері

Кіріспе.
Жалпы валюта жүйесі дегеніміз халықаралық валюта қатынастарының ұйымдастыру формасы, яғни ол - халықаралық несие-қаржы институттарымен халықаралық шарт және мемелекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін жүйе. Бұл ереже-шарттардың негізгі міндеті - халықаралық сауда-саттық процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекеттерінің тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет. Басқа жағынан, оның мақсаты - кейбір мемлекет пен үкіметтер жағынан болып тұратын әр түрлі валюталық шектеуді және тамыр-таныстық (протекционизм) әрекеттерді түп-тамырымен құртуға мүмкіндік жасау.
Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес роль атқарады. Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты мен жалақыға эсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-есептесу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің эрқайсысының ішкі ақша айналымын қамтиды. "Дүние-жүзілік валюта жүйесі" деген ұғымға кіретін ішкі және сыртқы жүйелер органикалық өзара байланысты, себебі екеуін біріктіретін түйін әлемдік ақша белгілері.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0