Өнер - білім бар жұрттар Тастан салай салғызды; Айшылық алыс жерлерден, Көзіңді ашып - жұмғанша, Жылдам хабар алғызды. Аты жоқ құр арбаны Мың шақырым....
Ілиястың «Құлагер» поэмасы сырт қарағанда ақынның сәйгүлік- тұлпарының мерт болуына арналған, соған байланысты жазылған сияқты. Ол кездері , тоталитаризм меңдеген кезде, әдебиеттану ғылымында тұрпайы социализмнің айқайшыл сынның бел алып тұрған кезі еді. Ілияс қазақтың ән, музыка өнерін аса асқақтата жырлаған. Ақын осыны бар жан тәнімен түсінгенде, мейірі қанғанша сусындаған. Тек сондай жан әлемінен ғана «Әнші», «Күй», «Күйші», «Құлагер» сынды бірегей туындылар жаралған. Ақан сері- өнер тұлпары. Оның әдебиеттегі, өнердегі орны ерекше. Ақан серінің көптеген өлеңдерінің тақырыбы махаббат, сүйспеншілік жайында. Жастық дәурені жүріп тұрған кезде сауық-сайран, ойын тамашаның бел ортасында болған өнерлі жігіттің әсемдікке, сұлулыққа іңкәр болмауы мүмкін емес еді. Осылайша Ақанның көңілі құлаған аруларға деген сүйспеншілік сезімі өлең боп өріліп, ән боп төгілді. Ақындық пен серілік, сазгершілік пен әншілік бір бойында тоғысуы Ақанның атақ-даңқын арттыра түсті. Ақанның әнін жастар жағы іліп әкетіп, ел арасына таратып жатты. Ақан сері жеке-дара, салт жүріп, серілік, саяткершілік құрмаған. Оның қасында қашанда талантын құрмет тұтып, қолдап отыратын Ағытай қарауылдың ішіндегі небір өнерлі, балуан ақын жора-жолдастары болған. Ол суырып-салма ақындығымен қоса қызыл тілдің шешені әрі әнші-сазгерлігімен де ел құрметіне бөленген. Күлбілтелемей кесіп айтатын турашылдығы тағы бар. Ол әділдіктің ақ жолын аттап, елге тізесін батырған талайларды тәубесіне келтіреді. Тіпті турасын айтамын деп туғанына жақпаған кездері көп. Ақан сері Сарыарқаны аралап ән салады, серілік құрады. Жанындағы сайдың тасындай іріктелген жиырма шақты жолдастары асқақ кейіпті Ақанның шоқтығын биіктете түседі.
Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер. Халқымыздың даналығының үлгісі шешендік сөздер – ғасырлар бойы халық сынынан ерекшеленіп өткен құнды мұра, асыл қазына. Шешендік өнеріне ерте замандардан-ақ, үлкен мән берілген. Ежелгі грек, рим елдерінде шешендік өнерді "риторика" деген атпен жеке пән ретінде оқыған. Дүние жүзіне әйгілі ерте заман.....
Айтыс - халық ауыз әдебиетінің осы түрі - XIX ғасырда, яғни Қазақ музыкасы дін мен дәстүр тұсауынан босатылған уақытта пайда болды және өздігінен халық шығармашылығы іспетті дами бастады. Бұл кезең халықтың негізгі музыкалық дәстүрі – инструменталдық, ән-күй, ақындық жанрының гүлденуіне мүмкіндік жасалған ұлттың шын мәнінде рухани қайта өрлеу дәуірі болды.
Айтыс – халық арасында ақын деп аталатын екі суырып салма жыршы арасындағы сайыс. «Сөзбен айқасу бәрінен де күшті» деп халық бекер айтпаса.....
Әр адамның өзінің бойына ерекше біткен таланты болады. Соның бірі - өнер. Әсем әуенмен ән айту, тал шыбықтай мың бұралып би билеу немесе нақышына келтіріп күй тарту кез-келген жанға бұйыра бермейді. Біздің сынып тағы Айжан мектептегі барлық шараларда «Біз бақытты балалар» әнімен танымал болса, Анель бишілік өнерімен...
Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығын зерттеу мәселелеріне шолу жасай отырып ақынның адам, қоғам, дінтану мәселесі жүйелі түрде жеке зерттелмегенінің куәсі боламыз. Ақын шығармашылығында Адам – Қоғам – Дін мәселелері ең өзекті тақырыптар. Бұл мәселелер оның поэзиясының дүниетанымдық және идеялық күретамырлары болып табылады. Ақын мақсаты адамды жөңдеу, қоғамды түзету және Жаратушыны тану. Осы құндылықтарды поэзиялық сипаттау, талдау, түсіндіру, уағыздау арқылы ақын қазақ халқына дұрыс өмір сүруді үйретуге ұмтылады. Ақын поэзиясының осындай терең тақырыптық, идеялық маңызы оның бүгінгі күн үшін....