Қазақша Ашық сабақ: Бастауыш, Дүниетану | Жануарлардың тіршілік ортасы. Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі (3 сынып)

Пәні: Дүниетану
Сыныбы: 3 сынып
Пән мұғалімі: Ауелбаева Арайлым
Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың тіршілік ортасы. Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Жануарлар туралы алған білімдерін топтарға бөліп, үй жануарлары мен жабайы аң, құстардың тіршілігіндегі өзгерістерді ерекшеліктерді танып білу дағдыларын дамыту.
Дамытушылығы: Орманда өмір сүретін аңдар әлемін танып, жануарлардың.....
Ашық сабақтар
Толық
15,5 -8,5

Сабақ жоспары (ұмж): Адам досымен мықты (Дүниетану, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Адамгершілік»
Сабақ тақырыбы: Адам досымен мықты
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.1.2.4 Өз тәжірибесінен мысал келтіре отырып, адамдар арасындағы достықтың маңыздылығын дәлелдеу.
3.1.2.3 Қоғамда өзін-өзі ұстау әдеп нормаларын ұсыну.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар
• адамдар арасындағы достықтың маңыздылығын дәлелдейді;
• қоғамда және отбасында өзін-өзі ұстау әдеп нормаларын құрастырады..........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Дүниетану | Кемпірқосақ

Кемпірқосақ – аспан күмбезінде түрлі түсті доға түрінде көрінетін атмосферадағы оптикалық құбылыс. Ол аспанның бір жағында торлаған бұлттан жаңбыр жауып, қарсы жағында жарқырап күн шығып тұрған кезде көрінеді. Кемпірқосақ тікелей түскен күн сәулесінің жаңбыр тамшыларынан өткенде сынып, құрамдас бөліктерге (қызыл, сарғылт, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін) бөлінуінің және тамшы бетінен шағылған толқын ұзындығы әр түрлі сәулелердің дифракциялануы мен интерференциялануы нәтижесінде пайда болады.
Кемпірқосақ қалай пайда болады?
Қапырық ыстықтан кейiн, бұлт қоюланып нөсерлетiп жаңбыр жауады. Жаңбыр басылған соң бұлт сейiлiп көкжиектен батып бара жатқан күн көрiнедi. Дәл осы кезде тарап бара жатқан қара бұлт арасынан, жерге қарай иiлген алып доға тәрiздi кемпiрқосақ пайда болады. Оның бір - бiрiмен жарыса астасқан жетi жолағы: Қызыл, ақшыл сары, сары, жасыл, ақшыл көк, көк, күлгiн жетi түске малынған......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Реферат: Дүниетану | Дүниетану пәні

Дүние тану пәнін оқуынын әдісі педагогикалық ғылымдар жүйесіне жатқызылады.Бұл пәннің зерттейтін объектісі дүние тану пәнін оқыту және тәрбиелеу процесі.Дүние тану пәнінің әдісі негізінен дедактикалық принциптерге сүйенеді Басқа пәндерге қарағанда дүние тану пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар.
Дүнитану оқуының әдісі басты кемелі оқушының жас ерекшелігін ескере отырып оқыту атериалының теориялық мазмұнын осыған байланысты етіп береді.Басқа педагогикалық ғылым сияқты дүние тану әдісі оқу тәрбиелеу процесін жетілдіру бағытындағы жұмыстар іске асыруда бірқатар мақсаттарда негізделген.Алдымен дүниетану әдісі «қоршаған дүниені таныпбілу не үшін қажет»деген сүраққа жауап береді.
1.Дүниетану пәні қоршаған ортаны танып ,білу тірі табиғатпен олі табиғаттың баланысты түсіну ,оқуды табиғат құбылыстар жайлы білім мен білік дағдыларды қалыптастыру.
2Дүниетану әдісінің пәні дүниетану пәні нені оқытады.?Осылайша оқу пәнінің мазмұны қалыптасады.Одан әрі дүние тану әдісі дунитануды қалай оқыт қажет деген сұраққа жауап береді.
Бұл пәнді оқытқанда қандай әдіс тәсілдерді пайдаланамыз?Қалай дамытамыз?Қандай тәрбие береміз?Бұл пәнді оқытуда қандай ерекшеліктер бары көрсетіледі.
Дүниетану пәні негізі педагогикалық ғылым болып саналады одан ары бүл пән теориялық мазмұнны жағынан биология мен географиямен байланысты .Сонда мұғалім бұл ғылым жетістіктерінде білу қажет оқушыларға тұсіндіре ашу қажет.Тірі табиғатпен өлі табиғатты дүрыс менгере түндіру білу қажет .Дүниетану әдісі оқуда оқушының физиологиясы мен гигиенасы пәні мен тығыз байланыстыра түсіндіру қажет.Бұдан басқа дүниетануды оқыту басқа коптеген ғылымдар мен байланысты.
Олар:Экология
Табиғатты қорғау
Жер байлықтарын қорғау
Валеология
Синергетика т.б
Бұл пәнді оқыту нгізінен соңғы ғылым жетістіктеріне қоғамдық даму бағытына негізделетіндіктен бұл пәннің атының да ,мазмұнынын да бұл пәннің озгертуінде осыған байланысты.....
Рефераттар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Дүниетану | Күнбағыс майының құпиялары

Зерттеу жұмысының мақсаты: Күнбағыс майының зерттеу қасиеттерін анықтау.
Зерттеу жұмысының болжамы:
- Егер де күнбағыс майы өндірілмесе, өмірге, тағамға, емдікке не қолданар еді?
Зерттеу жұмысының кезеңдері:
Бірінші кезеңде біз күнделікті тағам даярлағанда қолданатын күнбағыс майы жайлы не білеміз? Күнбағыс дәнінен сұйық күнбағыс майы алынады. Өсімдік майының 90%- ы осы өсімдіктің дәнінен алынады, сыққаннан кейінгі дәніне қант қосып, сығымдап, тамаққа қолданылатын тәтті тағам жасалынады. Сары желегін медицинада пайдаланады. Күлінен сахар алады, онда 30 — 36% калий тотығы бар. Рафинацияланбаған май да пайдалы майлардың бірі екендігі белгілі. Рафинацияланбаған май белгілі бір өңдеу сатыларынан өтеді. Оның тұнбасын түсіріп, түрлі сүзгілерден өткізеді. Рафинацияланған май мөлдір және иіссіз келеді. Өндірісте оны толықтай тазартады, сол себепті оның құрамында нашар қосылыстар да, табиғи пайдалы заттар да аз қалады......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Мектеп өмірі (Дүниетану, 2 сынып, I тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы.
Сабақ тақырыбы: Мектеп өмірі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 2.4.3.1 Адамдардың өзіне қарым- қатынасын мойындау, түсіну және бағалау
2.4.3.1 Мектеп қоғамдастығының маңыздылығын түсіну және мектеп ұжымының барлық мүшелеріне құрметпен қарау
2.4.2.1 Мектеп ұжымының барлық мүшелеріне құрметпен қарау
2.4.2.2 Мектеп, сыныптың және сыныптан тыс өміріне қатысудың маңыздылығын түсіну.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар істей алады:
Өз мектебін біледі. Мектеп қоғамдатығының барлық мүшелеріне қрметпен қарауды түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі істей алады:
Сыныптан тыс үйірмелерге қатсудың маңздылығын түсінеді.
Кейбір оқушылар істей алады:
Өз ойын тұжырымдап, дәлелдей алады..........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Дүниетану | Бастауыш сынып оқушыларын табиғатты қорғауға баулу

КІРІСПЕ
Ерте заманнан-ақ адам өзiн қоршаған дүниенiң заңдылықтарын және өзiн-өзi, өзiнiң табиғатқа, басқа адамдарға қатынасын танып, бiлуге тырысты. Адам өмiрi табиғат аясында өтетiндiктен, ол табиғаттың тылсым тынысын, iшкi сырын бiлудi ғасырлар бойы арман еткен. Тiпті қоршаған ортаның, табиғаттың сұлу да, әсем көрiнiсi жас нәрестенi де ерiксiз өзiне баулап тандандыра, қызықтыра бiлген. Баланың мұндай қызығушылығын байқап, жеткiншектi туған елiнің табиғат әлемiне ендiріп, оның сан - алуан сырларын ұғындыру, таныстыру мәселесi ерте заманның өзiнде-ақ ұлағатты тәлiмгерлер назарында болған. Оған дәлел сонау ертеден-ақ табиғаттың бала жанына тигiзетін әсерiн атақты ойшылдар, философ ғалымдар, әдiскерлер көрiп, байқап, оны iске асыру жолдарын ұсынған.
Оның мөлдiр бастауы ежелгi Греция философиясының биiк шындарының бiрi - ұлы ғұлама Аристотель. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Дүниетану | Дүниетану сабағында бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту мен жетілдіру тәсілдері

Заман алға жылжып, қоғам өзгерген сайын жаңа мазмұнды оқу жүйесін қалыптастыру өмір талабы.
Бүгінгі заман талабына сай оқу бағдарламалары мен оқулықтары, оқытудың негізгі мәні, адам тәрбиесі жеке тұлға ретінде дамуы мен тәрбиеленуіне тікелей ықпалы тиетін жаңаша көзқарастарды батыл енгізуде. Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында (1997 жылы маусым)», «Білім беру жүйесінің басты мақсаты ұлттық және жалпы адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау»- деп айқын көрсетілген жастарға білім мен тәрбие берудің негізі болып саналатын жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық процесін жақсарту бірінші кезектегі мәселе болса, бастауыш мектеп негіздің негізі түп қазығы.
Бастауыш сыныптағы әр балаға неке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тәән санасы, еркі, өзінің әрекет жасай алатын ортасы бар екенін ескере отырып, оқушының білімге, ғылымға деген ынтасын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, диалектикалық дүниетанымсын, өмірлік мақсаты мүддесін айқындауға, жеке басының қасиеттерін дамытыпоны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу оқу үрдісінің жемісі болып табылады.
Оқу үрдісі бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеті нәтижесінде жүзеге асады, ал танымдық әрекеті негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қазіргі даму кезеңіндегі қлғамның түрлі реформаларының құрылуы мен тұлғаның белсенділігінің жоғарылауы арасында байланыс айқындала түсуде.осыған байланысты оқушыларының танымдық әрекетін белсенділендіру, оны тиімді басқару және дамыту, әдістемелік, ұйымдастырушылық және моральдік-психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету күрделі педагогикалық мәселе ғана емес, маңызды әлеуметтік міндет болып табылады.
Танымдылық белсенділік адамға өте маңызды және күрделі құрылым ретінде өзінің психологиялық анықтамаларында көптеген тұжырымдамаларға ие. Білімді белсендіру мәселесіне байланысты әр еңбектерде таным белсенділігіне анықтама беріледі, оның құрамды белгілері бөлшектеніп мазмұны мен көмегі анықталынады. Таным белсенділігінің мәселесі – педагогикалық зерттеулердің терең негізі екенін атап көрсету керек. Оның зерттеуіне маңызды үлес қосқандар: М.Н. Скаткин,
И.Ф. Харламов, М.А. Даншов, И.Л. Лернер, М.И. Махмутов, Т.Ш. Шашова, Г.И. Щукина, және тағы басқа.
Бүгінгі күн оқу пәнінің мазмұнын оқыту мен тәрбиелеудің әдіс тәсілдерін одан әрі жетілдіруді, олармен байланысын нығайтуды міндеттеп отыр. Бұл міндет сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдануға жетелейді. Уақыт ағымы, ұстаздар қауымына жаңа міндеттер, ауқымды талаптар қойып отыр. Яғни, бүгінгі күн мұғалімдерінің алдында тұрған ең басты міндет – оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттыра білу.
Зерттеудің объектісі: Бастауыш мектеп оқушыларының оқу-тәрбие барысындағы таным белсенділігін жетілдіру.
Зерттеудің пәні: Бастауыш мектептегі 1-сыныптың дүниетану пәні.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Табиғи апаттар дегеніміз не? (Дүниетану, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Жанды табиғат»
Сабақ тақырыбы: Табиғи апаттар дегеніміз не?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.2.2.2 Қолайсыз ауа-райы табиғи климаттық жағдайларда өзін- өзі ұстау ережелерін құрастыру
3.2.3.2 Геологиялық және табиғи – климаттық апаттар туындаған жағдайдағы өзін-өзі ұстау ережелерін құрастыру
Сабақ мақсаттары: Оқушылар
• Табиғи апаттар ұғымын түсінідіре алады;
• ауа райы мен климаттық жағдайлардың адам өміріне әсерін түсіндіре алады;
• ауа-райы қолайсыз жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелерін құрастыра алады..........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Табиғи апаттар. Су тасқыны (Дүниетану, 2 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоршаған орта
Сабақ тақырыбы: Табиғи апаттар. Су тасқыны
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері
2.2.3.2 зерттеу негізінде өз өңіріндегі табиғи жағдайлардың (жер бедері, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары) оң және кері жақтарын талдау
Сабақтың мақсаттары: Табиғи апаттарды белгілері бойынша анықтай алып, олар орын
алған жағдайда тәртіп ережелерін сақтауды үйренеді.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0