Әңгіме: Мұхтар Әуезов | Аққасқа

(Аударма. А.П. Чеховтан)

Аш қасқыр аңға бару үшін орнынан тұрды. Үш бөлтірігі бірдей үйме-жүйме болып, бірін-бірі жылытқан күйі қатты ұйықтап жатыр. Аш қасқыр оларды бір-бір жалап алып, жүріп кетті.

Көктемгі март айы, алайда түнде, декабрьдегідей, ағаштар шытынып тұратын еді де, тілінді болар-болмас шығарсаң-ақ, қатты шымшып әкететін-ді. Қасқырдың денсаулығы нашар, әрі өзі сужүрек. Болар-болмас дыбыстан селк ете түсетін, үнемі біреу-міреу келіп, бөлтіріктерімді жәбірлемесе игі еді деп ойлайтын. Адамдар мен жылқылардың іздерінің иісінен, ағаштың түбірлерінен, үйілген отындардың, малдың қиы түсіп қарауытқан жолдан қатты қорқатын. Ағаштардың сыртында қаракөлеңкелерде адамдар тұрған сықылданатын, орманның бір шетінде иттер үріп жатқан тәрізденетін.

Қасқыр қартайыңқырап келген-ді, сондықтан сезімі нашар тартқан еді. Жас кезінде алданып, жолдан адасу деген өмірі болмайтын ғой, міне, казіргі кезде ара-тұра жолдан адасып та кетіп отырады, түлкінің ізін иттің ізі деуі де болып қояды. Денсаулығының нашарлығынан ол бұрынғыдай бұзаулар мен ірі қойларды аңдуды қойған, үйірлі жылқыны көрсе, анадай алыс жерден орағытып өтетін, содан тек өлексені ғана азық қылатын. Жас етті де сирек жейтін, жас етті тек көктемде үстінен түсіп қалып, қоянның жас көжектерін ұстап алғанда ғана, болмаса, қозылары тұрған мұжық қорасына ұрланып түскенде ғана жейтін. .....
Әңгімелер
Толық
0 0