Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Күздің соңғы қолтаңбасы)

Қыс та келді. Тайды тағы Күз серттен.
Қар жауып тұр күйге ұласып біз шерткен.
Қара жердің айғыз - айғыз келбеті,
Қара қойдың терісіндей тұз сепкен.

Өлді мезгіл, жете алмастан арманға аз,
Өзгермеген тек тәкәппар Тау маңғаз.
Қар астынан жылытады жанымды,
Кеше ғана күзге өкпелеп....
Өлеңдер
Толық
26 -14

Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Менің мұңым)

Тұншықтырып тірлігімді тынымсыз,
Тас төбемнен төнді тағы Түн үнсіз.
Маған қарап мұңаяды мың жұлдыз,
Жетімсіреп менің мөлдір мұңымсыз.

Менің мұңым, менің мұңым – мөлдір мұң,
(Мұңсыз өмір сүре алмаймын мен бір күн).
Түнгі аспаннан тұнық....
Өлеңдер
Толық
6 -3

Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Ауылға бардым...)

Ауылға бардым... бала күндерім кекілді,
Алдымнан шықты. Ақ жауын жуып бетімді,
Алақаныма тамшысы жылы тиеді,
Аяулы анамның аппақ жаулығы секілді.

Тірліктің мынау тозаңы түгел басылып,
Күн шықты кенет аспанның....
Өлеңдер
Толық
10,5 -5,5

Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Өмір өлшемі)

Құдайға құл екенін күнде айғақтап,
Көрмеген тірі жанды бір ғайбаттап.
Оңаша ойға батып отырды қарт,
Жанында немересі жүрді ойнақтап.

Маңдайдан бала терін тамшылатып,
Қасына келді дағы....
Өлеңдер
Толық
3 -2

Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Ақын)

Қиял құсы...
Ол құстың иесі – ақын. Ұяң кісі.
Түннен жасап алардай тамаша әлем,
Бойына бар ғаламның сияр күші.
Жоқ оның одан басқа зиянды ісі.

Бар үнімен,
Табиғаттың тілдесіп тамырымен,
Қара өлеңмен....
Өлеңдер
Толық
25 -15

Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Ай)

Түн. Бұлыңғыр бір мұңға боялды көк,
Мен отырмын, ой – сергек, ояу – жүрек.
Алабұртып аспаннан іздегенім -
Үнсіз ғана сырласар аяулым ед...

Әппақ, әппақ арманым Айға асығып,
Қайтып жерге түседі қайғы асынып.
Жұбатады жанымды....
Өлеңдер
Толық
2,5 -1,5

Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Дала)

Керме иық далам, келем көсіліп,
Аяғым асты көк шалғын.
Төсіңнен текті өлең көшіріп,
Батыр бабамды еске алдым.

Көгімде менің қалықтап ұшқан,
Кереге қанат – қыран құс.
Шетінен – Шешен....
Өлеңдер
Толық
13,5 -7,5