Өлең: Құсайынға айттырған дауыс (Қазақ ауыз әдебиеті)

...Үш некелі боп едің
Үш-төртеу көрдің перзенттен,
Ақылыңа серік боп,
Екі балаң ержеткен.
Тура қаза келгенде,
Кім қалады жендеттен.
...Дүниеден ғапыл қап,
Жүгіріп жүрген мен едім.
Кім біледі қайғының
Жоғары менен төменін.
Баласы деп айтады,
Ақсүйек туса, төренің.
Қажеті болса нашардың,
Қазынаңнан төледің.
Отыз екі жасыңда,
Дүниеден өттің зерегім.....
Өлеңдер
Толық
0 0