Қиял-ғажайып ертегі: Құбыл жүзік

Бұрынғы өткен заманда бір кемпір-шал болыпты. Бұларда жар дегенде жалғыз ұлы болыпты. Он үш жасқа келгенше ұлын далаға шығармай үйде баққан екен. Бір күні шалы тұрып:

—Кемпір, басқалардың үш жастағы баласы да далада ойнап жүр. Біз де баламызды сыртқа шығарсақ,—дейді.

Кемпірі мақұл болып, астына бір ат міндіріп, қолына екі ділдә беріп, «өз көңіліңе ұнаған бір нәрсені сатып алып кел»—деп баласын жолға шығарады. Бала қалаға келеді. Ешнәрсе алмай келе жатады. Өзі хат танымайды. Базар көрмеген. Көшеде бір топ баланың бір мысықты қуалап жүргенін көріп:
—Бұларың не қылғандарың, балалар?—дейді. «Бұл қасапшының етін жеп қоймаған соң қуып жүрміз»,—дейді.

—Онда маған сатып беріңдер—дейді. Балалар: «Мақұл, ал!»—дейді. Бала екі ділдәсін беріп, мысықты үйіне әкеледі. Әке-шешесі қуанып:

—Әкелгенің жақсы болыпты. Арыстанның түшкірігінен жаралған жарықтық, үйге керегі бар,—депті. Және бір күні «Тағы сынап көрелік. Базарға тағы жіберелік» деп қолына төрт ділдә беріп, «Осыған көңіліңе жаққан бір нәрсе алып кел»,—деп баласын базарға жібереді. Бала базарды аралап, көңіліне еш нәрсе жақпай келе жатқанда бір топ бала ит қуалап алдынан шығады.....
Ертегілер
Толық
0 0