Қыз балаға мұсылманша аттар

А
Айла — ай секілді сұлу, аймен нұрланған.
Азиза — күшті, бағалы, қымбат, сүйкімді.
Ажар – жақсы, әдемі, бірегей. Ибраһим Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) жары, Исмаил пайғамбардың анасы, Зәм-зәм суы берілген ардақты әйел.Аиша (араб.) — тірі, өмір сүруші. Мұсылмандар анасы, Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Пайғамбардың сүйікті әйелінің есімі.
Әлия (араб.) — асқақ, көрнекті.
Әмина — сенімді, адал. Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) анасының есімі.
Амира — бұйрық беруші, ханшайым.
Аниса — жақын дос, жылы шырайлы, жайдары, жарқын.
Асма — биік, ұлы. Аиша анамыздың (оған Алла разы болсын) сіңілсі, Әбу Бәкірдің (оған Алла разы болсын) екінші қызы. Өз заманында ақылдылығымен, жомарттығымен танылған жүз жасаған сахаба әйел.......
Кеңестер
Толық
0 0