Курстық жұмыс: Тарих | Қазақстандағы тарихи мәдени ескерткіштерге сипаттама
Шопан-Ата жер асты мешіті Оңтүстік Маңғыстау өңірінде, бағзы Хорезм керуен жолының бойында орналасқан. Солтүстік шығысқа қараған сай тұйығынан қашалған үлкен бөлме. Оң жағындағы тағы бір шағын бөлме, оның едені биік. Сол жақ қабырға астынан қабірхана үңгілген. Төрден сай үстіне шығып кететін есік бар. Есіктің сыртқа шығар аузы алдында беті шымылдықпен перделенген қабірхана. Аңыз бойынша, оған Шопан - Атаның қызы жерленген. Мешіт үсті тастақты жүлге. Жүлге бойынан суағарлар жасалып, олардың тоғысқан жерінен сиымдылығы 10-15 текше метрлік су қоймалары қазылған. Олар кезінде мешіт тұрғындарын бүкіл жыл бойы сумен қамтамасыз етіп тұрған. Мешіттің төменгі жағында құдық бар. Кіре берістің сол жақ қапталында жар бетінен төрт шаршы етіп қашалған бөлмелер орналасқан. Олардың алдында тұт ағашы егілген. Мешіт қабырғаларында айшықты нақыштар жоқ. Ел аңызы мешіттің салыну кезеңін Оғыз тайпаларының Маңғыстауға келе бастаған Мерзіміне меңзеді.
Қараман – Ата ескерткіші Маңғыстаудың орта бөлігінде, ол үш бөлмеден тұрады. Кіре беріс бөлме, оған жалғас намаз оқитын зал. Онда төбені тіреп тұратын ұстындар бар. Төбе сол жердің бетін алып жатқан ұлутастан тұрады. Аңыз бойынша Қараман – Ата Шопан – Ата әулиетінің інісі екен делінеді. Екі мешітті жалғастыратын жер асты жолы болған, бірақ ол уақыт өте құлап қалған. М.Мендіқұлов Қараман – Ата мешітінің салыну кезеңін 13 ғасырға жатқызады. Ал Әбілғазы Қараман – Атаны Балқаннан түркмендерді Маңғыстауға бастап келген бектердің бірі дейді.
Археологиялық ескерткіштер. Батыс Қазақстан аумағындағы ең көне археологиялық ескерткіштер облыстың оңтүстік жағындағы ежелгі шақпақ тас жыныстары қазындылардан табылды. Бұлар - шель-ашель құралдары мен оларды дайындауға пайдаланылған заттар ұшырасатын тұрақтар. Аймақтың ежелден-ақ қоныс орны болғанына ерте тас дәуіріне жататын петроглифтер де куә.
Кейінгі палеолит кезеңінде қазіргі Батыс Қазақстан аумағының табиғат жағдайы құбылмалы болды. Мұз қабатының еруі мен Кавказ жотасының солтүстік сілемдерінің жаңадан тектоникалық түзілуі Каспий маңы деңгейін жоғарылатты, сөйтіп бүкіл бүкіл Каспий маңы ойпатын тегіс су басты (“Қазақ ССР тарихы”, 1 –том, Алматы, 1980,81 – бет). Осындай елеулі жергілікті өзгерістер климаттың құрғап, шөлейттеуіне әкелді. Ірі – ірі шөп қоректі жануарлар қырылды. Ең соңғы мамонттардың бірі Жайық өзенінің сол жағында бұдан шамамен 8000 жыл бұрын жойылған (Сонда, 82 – бет). Қазақстан аумағындағы неолит пен энеолит кезеңінде Еуразияның кең – байақ кеңістігіндегідей андронов мәдениетіне ұқсас, біртеті шаруашылық сипатына қарай біріккен....

Курстық жұмыстар