Кір тасын көтеруден 76 жастағы жерлесіміз Гиннестің рекордтар кітабына енді

Күш атасын танымас. 76 жастағы Алматы облысы Көксу ауылының тұрғыны кір тасын көтеруден Әмірбай Рысқұлов Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Қария зілтемір көтеруден өз мықтылығын Ресейдің Архангельск қаласында дәлелдеген. Спортшы жетпістің желкесіне шықса да, Гиннестің рекордтар кітабына енгізетін халықаралық комиссия мүшелерінің алдында 10 келілік кір тасын жарты сағат тоқтамай 750 рет көтерген. Өзінің айтуынша, бұдан да көп көтеруге мүмкіндігі болған.

Дегенмен, рекорд жасау үшін 750-ге жеткізу негізгі меже болып есептеледі. Ал әлемнің кіл мықтылары мықтылықтарын дәлелдеуге арналған бәсекеге жалпы 400-ден астам спортшы жиналған.

Қазақ елінен Әмірбай Рысқұловтан басқа тағы 4 зілтемірші қатысса, Алматы облысынан барған 55 жасар Жұмахан Құзабаев та рекорд орнатты.

Қазір Әмірбай Рысқұловтың қоржынында 105 медаль болса, оның 65-і алтын. Спортшы бұл жеңісін Тәуелсіздігіміздің 22 жылдығына арнап отыр.

Жаңалықтар
Толық
2 -1

Қазақстанда жаңа жол жабындысы сынақтан өтеді

Қазақстанның Ақмола, Атырау және Алматы облыстарының автомобиль жолдарындағы сынақ учаскелерінде "Микросюрфейсинг" түріндегі жаңа жол жабындысын сынақтан өткізу басталды.

Фото: nso.ru
Фото: nso.ru

Жаңа технология жол жабындыларының бұзылу процесін тоқтатуға мүмкіндік береді және жоғары техникалық санаттағы тас жолдарда қолданылатын болады. Бұл туралы baq.kz тілшісіне ҚР көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Жолдарды күтіп-ұстауда бұзылулардың алдын-алу әдісін қолдану қаржыны үнемдеуге бағытталған. Айталық, жолдарға 7-10 жылдан кейін, яғни сапасы қанағаттанарлықсыз жағдайға жеткен кезде күрделі жөндеу жұмысын жүргізгеннен гөрі, олардың сапасы қанағаттанарлық жағдайда болған кезде жол жабындысына жөндеу жұмысын жүргізген айтарлықтай арзанға түседі", - деп атап өтті Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Замир Сағынов.

Жаңалықтар
Толық
0 0