Шығарма: Патриот деген кім?
Туған жер... Туған жер-ай! Торқалы топырағың табаныма мақтадай жұмсақ тиіп , әр қадамыма қуат беріп қана қоймай, сол топырағыңның жылуы табанымнан өтіп, алпыс екі тамырымды қыздырып, іштегі тұнып жатқан сезім толқындарын толғандырып қояды-ау шіркін! Толқыған жо...жоқ тулаған жүрегім лүп-лүп соғып, кеудемді дүрс-дүрс ұрып жарып шығатындай, тәйірі. Ал табиғат болса, сол баяғы әсем әуезді әуенін шертіп жатыр ма? Жоқ, әлде, бейне бір жүрек тесер сырын ақтарып жатыр ма? Білмеймін... Сен дегенде жан жүрегім езіліп, темірдей қатал да қатқыл мінезім елжіреп -балқып кете ме? Олда бір үлкен жұмбақ. Туған жерім мен өзіңе келгенде, иә, иә мына мен жұмаққа келгендей күй кешемін. Сол жұмақтың ішіндегі адамдар қандай бақытты десеңізші! Па, шіркін, осынау асау әрі көзге көрінбес , тіпті білінбес, бірақ алып бақыттың қадірін жұрт біле ме екен? .....
Шығармалар