Өлең: Фариза Оңғарсынова (Ауыл)

Біздің ауыл ұя еді киелі бір,
теңіз бойы, бұйратты жиегі қыр.
Өнегелі ұл менен қыз өсіріп,
шаңырағына құт қонған үй еді кіл.
Жігіттері мәрт мінез, жаны сері
жалғыз арман – ерім деп таныса елі.
Бұрын біздің ауылда әр азамат
бүкіл елдің ары мен намысы еді. ....
Өлеңдер
Толық
0 0