Өмірбаян: Қуандық Рахым (1992 жылы)

Тыңдарманға «МузАрт лайв» жобасы арқылы танылған жас әнші Қуандық Рахым 1992 жылы Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласында дүниеге келген. Қуандықтың анасы кезінде Жезқазған өңіріне танымал әнші болған екен. Баласын өнерге баулыған да – өзі.
Қуандық Қарағандыдағы Тәттімбет атындағы өнер колледжінің дәстүрлі ән бөлімін бітірген. Қазір Алматыдағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында білім алады. Қуандық дәстүрлі әнші болғанымен, эстрадалық бағыттағы әндерді орындап, халыққа кеңінен танылды. Бұл туралы әнші бір сұхбатында былай депті: «дәстүрлі әннен эстрадаға ауысқанымның өзіндік себебі бар. Өйткені, біз жастарға бірден дәстүрлі әнді тыңдатып кете алмаймыз. Эстраданы айтып, кейін арасында дәстүрлі әнді тыңдатсақ, олар жақсы қабылдайды».
Қуандық домбырадан бөлек, күйсандық пен қылқобызда ойнайды. Өзін сазгермін деп есептемесе де, ара-тұра ән жазатыны бар. Авторлық әндерінің ішінен іріктеп, «Уайымдама», «Кейіпкерімсің» мен «Мақта қызды» өз репертуарына қосқан екен. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
1 0