1 – бала: Той пердесін ашайық Тойға шашу шашайық Аналарды құрметтеп Ән маржанын ашайық. 2 – бала: Ана дейміз біріміз де аңқылдап, Ана дейді жас сәби де жарқылдап, Ана деген бәйтерегі өмірдің, Ана деген алтын қазық алтын бақ.
Мұғалім сөзі: Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе.....
Сценарий тақырыбы: «Гүл өссе - жердің көркі, Қыз өссе - елдің көркі» Әйелдің табиғи сұлулығы ешқашан өзгермейтіні белгілі, бірақ біздің заманымыздың қыздары өзінің сұлулығымен бірге жан сұлулығын және тән сұлулығын сақтауы тиіс. Өз мамандығын құрметтеу, эстетикалық сезімін ұғындырып, жетілдіру.
Кеш барысы: Ән - орындайтын Жанболат. Жүргізуші: «Гүл өссе - жердің көркі Қыз өссе - елдің көркі» - дегендей ежелден ата - бабаларымыз қыздарды әрқашанда гүлге теңеген. Табиғатта ең сұлу өсімдік гүл болса, әлемнің сұлуы - қыз. Қыздарымызға тән нәзіктік, сұлулық, ұяңдық, ибалылық, сыпайылық, әдемілік, іскерлік, шеберлік, рухани байлық, ақ ниет, сүйіспеншілік, намысы, қайрат жігері, бәрінен де ар тазалығы тән. Осындай қасиеттерімен де қазақ қыздары зор тағылым иесі!
Қыз тәрбиесі туралы көп айтуға болады. «Қызға қырық үйден тыйым» - деген сөз қызды кемсіту үшін айтылмаған, керісінше қыз баланың тәрбиесіне зор жауапкершілікпен қарауды меңзейді. Бүгінгі қыз - ертеңгі ана. Сондықтан, халқымыз әйел - барша тіршіліктің бастауы, өмірдің сәні деп қасиет тұтып, ардақтап аялаған.
-Құрметті аналар,біздің мектептің ұстаздары,қыздары! 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Аяулы аналарға ұзақ ғұмыр,бақытты өмір,отбасыларына амандық пен қуаныш тілеймін. Ал,бүгінгі күн қыздарымыздың өнерлері мен білімдерін көрсету үшін «Ақ ару» атты сайыс өткізгелі тұрмыз.
Әділқазы болды бүгін, Ұстаздар ғой біздердің. Әділдікпен......
Ақтөбе, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы Ембі қалалық №3 орта мектеп Тәрбиеші: Урынбаева Жанар Куандыковна
Ақ жаулықты әжелер, асыл да аяулы аналар! 8 – наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ақ жаулықты әжелер, асыл да аяулы аналар! Ару апайлар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8 – наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгін біздің бақшада дүбірлі той, Ден қойып, тыңдаңыздар көңілді қой. Жырдан шашу шашылсын......