Дипломдық жұмыс: Кеден ісі | Адамның жеке басын тексеріп қарау кедендік бақылаудың ерекше

Адамның жеке басын тексеріп қарау, кедендік бақылаудың ерекше нысаны болып табылады және Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін не кедендік бақылау аймағындағы немесе халықаралық әуежайдың транзит аймағындағы жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу объектілері болып табылатын тауарларды өзінде жасырып, бермей тұр деп санауға негіз болған жағдайда, кеден органы басшысының немесе оның орынбасарының жазбаша шешімі бойынша жүргізілуі мүмкін.
Адамның жеке басын тексеріп қарау, жеке тексеру рәсімдерін жүргізу және оны ресімдеу тәртібінің арнайы ережесі қабылданған. Аталған ереже Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 448-бабына сәйкес әзірленген және оны жүргізудің тәртібін және тіркеу нысанын айқындайды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптасу және жетілдіру

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына «Біздің алдымызда дағдарыс салдарын еңсеру және келесі экономикалық өсуге әзірлену жөнінде үлкен міндеттер тұр. Қазірдің өзінде біз қабылдағанның бәрі – бұл бүгінгі дағдарыс туындатқан ағымдағы проблемаларды шешу. Мен тоқтап қалмауды, одан әрі жүруді және дағдарыстан кейінгі елдің дамуын қамтамасыз ету үшін экономи¬каны одан әрі жаңғырту және жұмыспен қамту стратегиясын іске асырудың жаңа жоспарын жүзеге асыруды ұсынамын. Ең қиын жылдары біз салуды бастап, елдің жаңа байтағын – Астананы, біз осыны жүзеге асыра алатынымызға еш¬кім сенбеген кезде тұрғыздық. Біз осыны жасадық, мұны бүкіл әлем көріп отыр. Келіңіз¬дер, осы жақсы тәжірибені жалғас¬тыратын болайық. Иә, жаңа қаражат қажет. Осы мақсат¬та дәстүрлі түрде Ұлттық қорға есептеліп келген шикізаттық сектордың табыстарын 2009-2010 жылдары жаңа жоспарды жүзеге асыруға жұмсау дұрыс болады деп санаймын. Тұтастай алғанда бұл Ұлттық қордан бекітіліп қойылған трансферттерге қосымша шамамен 600 миллиард теңгені құрайды. Бұл – уақытша, бірақ та қажетті шара. Бұл ретте біз қазіргі сәтте бар елдің жалпы резервінің сол көлемін, яғни 47 миллиард американ долларын сақтаймыз. Бұл бізге осы дағдарыс жалғасқан жағдайда тұрақтылыққа деген сенімділік береді» деп айта кетті [1]. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Психология | Табиғи апаттардағы тұлғаның қорқынышы мен мазасыздығын зерттеу

КІРІСПЕ
Адам баласы табиғатпен етене өмір сүріп келеді. Табиғат бізді қоршаған орта, ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған дүние. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Ол адам баласының ғасырлар бойы адамның психологиялық жетілуі табиғат пен адамның әлеуметтік – психологиялық қалыптасуына ерекше ықпалдар әсер ете бастады. Бұл табиғаттың өз мүмкіндігін көрсете, адамның ішкі дүниесіне әсер ететін құбылыстар пайда болды. Табиғат құбылыстарының апаттары : жер сілкінісі, су тасқыны, қар көшкіні адам бойында қорқыныш ұялатып, мазасыздық тудырады. Табиғат құбылыстарының адамға әсері жөнінде Кореленко И.П., Гостюшин А.В., Лебедев В.И., Черноушек М., Душков Б.А. еңбектері болса, қорқыныштың ерекшеліктерін В.А. Андрусенко, В.Б. Сапунов, Ю. Щербатых, мазасыздануды Ч. Д.. Спилбергер, Г.Н. Кассиль өз еңбектерінде қарастырған. Табиғи апаттардың адам психологиясына әсер ете, оның күнделіікті өмірде өзін ұстауы және әлеуметтік-психологиялық тұрғыдағы мінез-құлқының ерекшелігі, жеке қасиеттердің даму процесін қамтиды. Мүмкін болатын табиғат апаттарында адамның жеке қасиеттерімен бірге өзін ұстауы, саналы әрекет ете білуге қам жасау. Апаттардың болуы бұл адам психологиясына сол мезетте ғана әсер ететін ситуациялар емес, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын тіршілік бетіндегі өзгерістер. Тұлғаның барлық сферасы апаттардың әртүрлі қиындықтарын бөліседі.
Жалпы тұлғалық қорқыныш пен үрейленуге келетін болсақ, бұл қазіргі психология ғылымында әлі толықтай зерттелмеген адамның ішкі құбылыстарының бірі. Адамның табиғат пен қоғам дамуында алатын орнын, әрекетін ғылыми деректерге сүйене отырып баяндап, оның мәнін терең түсінуге болады. Жер шары бұдан төрт жарым миллиард шамасында пайда болды деген жорамал бар. Бұдан екі жарым - үш жарым миллиард жыл бұрын оның бетінде ешқандай психикалық құбылыс болмаған. Ұзақ дәуірлерге созылған эволюция нәтижесінде Жер бетінде тіршілік пайда болды. Соның арқасында тірі организмнің сыртқы ортаның әсеріне тітіркену қасиеті оянды. Бұл психика дамуында айрықша мәнді физиологиялық құбылыс. Психикалық бейнелеудің өзіндік сипаты, ең алдымен, жүйке жүйесінің қызметімен байланысты болса, екіншіден, мұндай бейнелеу адам санасында өз таңбасын қалдырып, жан дүниесінің сырына айналады. Адамның психикалық құбылыстарды бейнелеуінің тағы бір ерекшелігі – сыртқы дүние мен болмыстың адам миында қалай бейнелеуіне байланысты. Адамның басында жүйкелік әрекеттің қозуына байланысты, көңіл-күйінің өзгеріп, тамырының соғысы жиілеп кетуі қорқыныш пен мазасыздықтың белгісі. Адам көңіл-күйінің көріністері сезім мен эмоцияны ақыл-ой және сана билейді. Сана-психика дамуының ең жоғарғы сатысы. Кез-келген психикалық процесті адам санасының жемісі дейміз. Сыртқы күшті тітіркендіргіштердің организмге әсерінің күштілігі сондай, олар адамның психикасына күшті әсер етеді. Аяқ астынан қорқыныш барлық әрекетті алып тастайды. Мазасыздық адамды бір орнында тағат таптырмауы да мүмкін. Әсіресе, қалада соңғы жылдары табиғат апаттары туралы әртүрлі алып-қашпа сөздер тұрғындардың мазасын алуда.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Кәсіпорындардың инвеститциялық тартымдылығын арттыру

Қазақстан нарықты экономика жүйесiне енгелi қоғам өмiрi көптеген өзгерiстердi бастан өткердi. Бүгiнгi таңда шаруашылықты жүргiзу барысында экономикалық саясаттың басты мақсаты өнеркәсiптiк өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыру болып табылады. Нарық жағдайында кәсiпорындардың тиiмдi қызмет етуi, экономикалық өсуi және дамуы адам ресурстары, материалдық ресурстары және басқа да ресурстардың ең тиiмдi пайдалануға мүмкiндiк беретiн стратегиялық бағыттың дұрыс анықталуына тәуелдi.
"Қазақстан – 2030" стратегиясы әлемдiк трансформациялық үрдiстердiң негiзгi ерекшелiктерiн, Қазақстан геосаяси және ұлттық тарихы ерекшелiктерiн, ресурстың әлеуметiн ескерек отырып, мемлекеттiң әлеуметтiк экономикалық даму векторын ұсынды./1/ Экономикалық аспектiде "Қазақстан – 2030" ең алдымен экономикалық өсу стратегиясы.
Нарықты қатынастар жағдайы кәсiпорын мен мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың жаңа формалары мен әдiстерiн талап етедi. Үзiлiссiз дамуды, икемдiлiктi және қазiргi заманғы кәсiпорын қызметiнiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн бiрдей мағынаға ие бәсекелестiк пен ынтымақтастық сияқты нарықты экономиканың маңызды құраушыларының арақатынасын белгiлеу күрделi мiндеттерiнiң бiрi болып табылады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Банк ісі | Қазақстан Республикасында лизингтің дамуы

Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан экономикасының барлық салаларында нарықтық қатынастарға негізделіп жүргізілген реформалар тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталғандықтан, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының экономикасының алдындағы маңыздылығы өте жоғары міндеттердің бірі соңғы жылдары өз уақытында жасалынған құрылымдық реформалардың және тиімді жүргізілген экономикалық реттеудің арқасында қол жеткізілген макроэкономикалық көрсеткіштерге тұрақтылық және жаңа сапалық сипат беру. Сондықтан да Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына дәстүрлі жолдауында «экономиканы әртараптандыруға бағытталған Индустриалды – инновациялық стратегияны іске асыру қажет» деп айқындалып берілуі бекер болмаса керек.
Қазіргі кезде біздің мемлекетіміз бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікке қарымы мол басым салаларды, яғни отандық өндірісті дамытуға кірісе бастады. Ал отандық өндірісті, сол арқылы отандық өнімдердің ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекелестік қабілеттілігін дамытудың маңызды шарттарының бірі өндіріске ғылым және техниканың соңғы жетістіктерін енгізу негізінде оған қызмет көрсететін негізгі қорлардың сапалық деңгейін жоғарылату болып табылады. Себебі, нарықтық экономика жағдайында жұмыс істейтін кәсіпорындардың бәсекелестік қабілеттілігі және өндірілген өнімдері мен көрсетілген қызметтерінің сапасы, көбінесе олардың пайдаланатын негізгі қорларының технологиясы қаншалықты деңгейде қазіргі заман талаптарына сай екендігіне байланысты. Сондай – ақ бізге ұзақ мерзімді тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етудің классикалық факторларының бірі өндірістік база немесе өндірістік аппарат болып саналатындығы белгілі. Сондықтан да, бүгінгі күнгі мемлекеттің ұзақ мерзімді болашақтағы стратегиялық мақсаты Қазақстан Республикасының тиімді және тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етуге қабілетті өндірістік аппаратты құру болып табылады. Осы арада Қазақстанның барлық негізгі қорларының шамамен 50-70 % дейінгі мөлшерінің ескіргенін және жақын уақыт аралығында айырбастауды талап ететінін ескере кеткен жөн. Пайдаланылуда жүрген негізгі қорлардың өте көп бөлігінің ескіруі және өнеркәсіптің өңдеу салаларына жұмаслып отырған инвестициялар көлемінің өте төменгі деңгейі отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуіне әкеп соғады. Қазіргі кезде еліміхдің ұлттық банк жүйесінің экономика салаларының несиелік ресурстарға деген қажеттіліктерін мүмкіндіктері жылдан – жылға жоғарылағанымен, банктік несие есебінен кәсіпорындардың негізгі қорларын жаңарту қажеттіліктерін толық қанағаттандыру мүмкін емес. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек еліміздегі кәсіпорындардың негізгі қорларын жаңарту үшін қазіргі таңда 800 млрд. теңгеден көп мөлшерде инветициялар талап етіліп отыр. Бүгінгі күні бұл көрсеткіш барлық коммерциялық банктерден бөлінген несиелер көлемінен екі есеге жуық жоғары. Осындай тығырықтан шығудың негізгі жолы, біздің ойымызша, лизингтік қатынастарды негізгі қорларды инвестициялаудың тиімді, ыңғайлы құралы ретінде дамыту болып табылады. Қазіргі кезде әлемдік тәжірибеде, лизингтік несиелеу экономиканың нақты секторына инвестиция тартудың негізгі құралдарының бірі бола отырып, прогрессивті технологиялар негізінде ескірген өндірістік базаны жаңартуға және өндірістік қорларды сатып алуға мүмкіндіктер беретін инвестициялық қызметтің ерекше түрі ретінде кең түрде танылуда. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дінтану | Хасан Ибн Саббах және Ассасиндер

Бөлініс – адамзаттың баяғыдан келе жатқан соры. Бірақ бұл жаратылыстағы қозғалысты қамтамасыз ету үшін, яғни өмір өлім айналымын тудыру үшін қажет болғандықтан, адамдар еріксіз, тіпті бейсана қалыпта бұл үрдіске тартылып кетеді.
Бөліністің бір түрі жаратушыны тану мәселесіне қатысты туындайды. Осыған байланысты әлемде бірнеше дін пайда болды. Түп негізінің бір екені мәлім болса да, адамдар топтарға бөлініп алып, дінді саяси билікке талас құралына айналдырып, дүниені бөліп жарып қақтығыс тудырады.
XXI ғасырдың басы діни көзқарастар айырмашылығы негізіндегі қақтығыстарға толы екендігін көзімізбен көріп отырмыз. Мұның бәрі діннің түпкі мәнін түсінбеушіліктен болып отыр.
Әлемдік тарихта, әсіресе Шығыста дін саяси қоғамдық өмірде ежелден ақ шешуші роль атқарып келеді. Шығыс (Орта және Таяу Шығыс) пен Солтүстік Африканың орта ғасыр тарихында дін тарих шеңбері айналуының басты факторы болды. Бұл VII ғасырда Шығыста ислам дінінің пайда болуымен тығыз байланысты. Ислам иудаизм, христиандықтан кейінгі үшінші және соңғы монотеистік дін.
Ислам дінін ұстаушылар үлкен екі ағым сүнниттер мен шииттер болып бөлінеді. Қазіргі таңда шиизм Иран Ислам Республикасының ресми діни ұстанымы болып табылады. Иранда халықтың 97 пайызын шииттер құрайды./21/
Диплом жұмысының тақырыбы «Исмаилизм: Хасан ибн Саббах және ассасиндер» деп аталады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Қызметкерлердің еңбекақысының аудиті мен талдауы

Нарықтық экономикаға көшу барысында бухгалтерлiк есеп және аудит қызметiнiң алатын орны және қажеттiлiгi артуда.
Қазіргі жағдайда шаруашылық жүргізуші ұйымдарда бухгалтерлік есептің маңызы ерекше зор. Шаруашылық ұйымдарында бухгалтерлік есеп жұмысы «Бухгалтерлік есеп туралы», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған бухгалтерлік есеп стандарты мен қаржы шаруашылық қызметі бухгалтерлік есептерінің типтік шоттар жоспарына сай бекітілген ортақ қағидалар және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп жөнінде шығарған нұсқаулары мен ережелері, сондай-ақ ұсыныстары негізінде ұйымдастырылады. Бүгінгі күні елімізде қолданылып жүрген бухгалтерлік жүйесі Халықаралық Бухгалтерлік Есеп Стандартына (ХБЕС) барынша жақындатылған.
Жұмыспен қамту әрбір елдің алдында тұрған міндеттемелерінің бірі болып табылады және әрбір қызметкердің еңбекақысын Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» Заңына сәйкес есепті жүргізу де маңызды мәселе болып табылады. Қазақстан Республикасында қызметкерлердің ең төменгі еңбекақысы былтыр 2009 жылы 13470 теңге, биыл 2010 жылы 14952 теңге деп бекітілді. Яғни, әрбір кәсіпорын осы мөлшерден төмен қызметкерге еңбекақы төлеуге құқы жоқ. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қаржы | Салык жүйесіндегі алымдар төлемдер баждардың маңызы

Мемлекеттің тұрақты экономикасын құруда салықтар маңызды орын алады. Экономикалық мазмұн тұрғысынан салық дегеніміз тұрғын, кәсіпорын (фирма) мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесі. Салық мәселесі мен салық салудың тамыры ғасырларға тереңдеп кеткен. Салық – нарықтық қатынастардың бір бөлігі, оның қызмет етуі елдегі экономикалық реформалардың нәтижелілігімен тығыз байланысты. Салық мәселесімен Алданыш Нұрымов, Ермекбаева, Мамыров, Ілиясов, Шеденов, Құлпыбаев сияқты белгілі ғалымдар айналысады.
Бүгінгі күні еліміздің салық жүйесі біршама өзгерістерге ұшырап, дамып және нығайып келеді. Мысалы, 2006 жылғы Елбасының Жолдауына зерделей үңілгенде мұндағы әр тұжырым мұқият зерттеулермен, сараптаулармен, нақты болжаулармен түйінделгенін ұғынамыз.
Салықтар – мемлекет қаржысының тұрақты қайнар көзі болып табылады. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады. Салықтар мемлекеттің егемендігінің бір көрінісі. Осынысымен салықтар мемлекет меншігі мен заемдарынан түсетін табыстан ерекшеленеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі салықтардың алатын орны мен рөліне талдау жасау болып табылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Политология | Оңтүстік Қазақстан облысындағы жастар саясатының дамыту

Жас ұрпақтың дүниетанымындағы өзгерістердің мәнін ой елегінен өткеріп, зерделеу теориялық міндеттер тұрғысынан қалай зәру болса, өмірлік мақсат-мүддеден де солай маңызды. Қоғам дамуынын жаңа арқаға түсуі, яғни еліміздің егемендік алуы - тәуелсіздігіміз қаншама құндылықтарға жол ашты. Қоғамның күллі бағыт-бағдары, ізгі мұраттары, қажеттіліктері мен себеп-салдарлары түбегейлі өзгерді, мұның өзінің жастардың ой-санасына, өмірлік ұстанымдарына әсер-ықпалы болмай қалған жоқ.
Алдыңғы толқын - ағалардың кейінгі толқын – інілерге, яғни ересек, егде кісілердің өскелең ұрпаққа деген көзқарасы калай? ''Қорқамын кейінгі жас балалардан" деген Абай атамыз сияқты олар да күдікпен үрке қарап жүрген жоқ па? Бүгінде шау тартқан сол "ересектеріміздің" өзі күні кеше кандай еді? Ұлы суреткер Мұхтар Әуезов өсиет еткендей, бесігімізді түзедік. Бірақ балаларымыз қандай болмақ? Төрткіл дүниеден хабардар, көргені де, естіп жатқаны да жетерлік. Барлығын алақанға салғандай өз көзімен көріп, соның тірі куәсі - бүгінгі ұрпақ қайда бармақ?....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Бағалау | Мұнайгаз секторына баға құру ерекшеліктері

Зерттеу мақсаты: Бұл дипломдық жұмыстың қарастырып отырған тақырыбы «Мұнайгаз секторына баға құру ерекшеліктері». Осыған орай қазіргі таңда біздің мемлекетіміздегі көптеген мұнай өндіруші компаниялардың мұнай және мұнайгаз саласына деген сұранысы жылдан жылға өсіп, соның арқасында шетел инвесторларымен қарым-қатынасымыз артуда. Қазақстан экономикасының жұмыс істеуінің нарықтық негіздеріне көшу және осыған байланысты еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси келбетін жаңғыртқан түбегейлі өзгерістер принципті түрде жаңа проблемалар мен міндеттерді алға тартуда. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы пайдалы қазбалар қорына өте бай, сонымен қатар білімді мамандар мен өндіріс потенциалына ие деп айтуға болады. Сол көптеген пайдалы қазбалардың бірі, Қазақстан елінің байлығы – мұнайгаз саласы болып табылады. Осы саланың дамуын қамтамасыз етуде қатынас қаражаттардың алатын орны ерекше. Мұнайгаз өңдейтін кәсіпорындардың өнімін кеңейту үшін қаражат көлемі өте үлкен, бұл ірі инвестициялар үшін де ауыр болуы мүмкін. Сондықтан мұнайгаз саласында бағаның құрылуы нақты әрі үлкен көлемде табыс әкелетін жағдайда болуы қажет. Халқымыздың экономикалық - әлеуметтік хал-ахуалын одан әрі жақсартуда мұнай мен газ кенорындарының бағдарлы да пәрменді түрде игеру мәселесі мемлекетіміз үшін әлі талай жылдар бойына басым бағыт болып қала береді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0