Ертегі: Қасқыр түлкі және есек

Бір күні қанішер қасқыр, айлакер түлкі және аңқау есек үшеуі бір сайдың ішінде жолығысып қалады да жайғасып отырып, әңгімелесе бастайды.
– Біздің басымыз не кешпеді, – депті, түлкі сөзді әріден қозғап. – Осы өмірімізде істеген жақсы-жаман істерімізді айтып, өзіміздің қылықтарымызды өзіміз бір байқап, саралап көрсек қайтеді. Мұнымыз бұдан былай қандай да бір ауыр қылмысқа бармауымыз үшін сабақ болар.
– Сол істеген істерімді айтсам, менің күнәм жеңілдей ме? – депті қасқыр әкіреңдеп. Түлкі бұлаңдай алдын орап, кеңесті қыздыра түсіпті......
Ертегілер
Толық
0 0