Қазақстандықтардың орташа жалақысы 112 792 теңгені құрады

2013 жылғы шілдеде бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 112 792 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚР Статистика агенттігі өз сайтында.

Атаулы жалақы индексі 2012 жылғы шілдеге 105,8%, ал нақты жалақы индексі 99,9% құрады.

Салалық құрылымда ең үлкен жалақы кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте - 211,5 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 1,9 есеге асады), кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда - 208,5 мың теңге, қаржы және сақтандыру қызметінде - 198,0 мың теңге (1,8 есе) белгіленді.

Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді - 56,6 мың теңге, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 49,8%-ға төмен. Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді - 197,1 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,7 есеге асады.

Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында мұның шамасы 79,3 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 29,7%-ға төмен.

Жаңалықтар
Толық
0 0