Реферат: Экономика | Ирак бюджет жүйесі және оның даму болашағы

Мемлекеттік бюджет жаңа қоғамдық қатынастарда және жаңа экономикалық қатарды құруда маңызды роль атқарады. Ол жас мемлекеттің тек өмір сүруінің материалдық негізі ғана бола қоймай, сонымен қатар қоғамдық өндірітің пропорциясының өзгерісіне және оның масштабының ұлғаюына ықпалын тигізеді. Мемлекеттің ұлғаймалы өндіріс процесіне тікелей араласу формаларының бірі, ол мемлекеттік бюджеттің инвестициялық шығыны. Мемлекеттік бюджеттің көмегімен мемлекет меншік структурасының өзгеруіне себеп болда алады. (Ирак мемлекетінде меншік: жеке және мемле-кеттік меншік түрінде көрсетіледі)
Әлеуметтік және мәдени салаларда мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда, денсаулық сақтауда, ғылым және мәдениет, еңбек етуші қауымның өмір сүру деігейін жоғарлату қызметінде мемле-кеттік бюджет маңызды роль атқарады ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Жалақы құрлымы

Еңбек рыногы экономикасы еңбек рыногы қалаи ұиымдастырылғанын, қызметін және оның нәтижесін зерттеитін, жұмыс берушілер мен жұмыс алушылар арасындағы қатнастардың әр түрлі факторлардың әсер етуіне баиланысты өзгеруі, жалақы, баға, паида және мемлекет саясатының әлеуметтік-еңбек қатнастарына тиетін ықпалын зерттеитін ғылыми сала.
Бұл оқу пәніне қазақстандық жоғары оқу орындарында тек кеиінгі кезде дұрыс көңіл бөліне бастады. Сондықтан басқа пәндерге қарағанда әлі аиталықтаи тәжрибе жинала қоиған жоқ. Автор жүниежүзілік экономикалық ои мен тәжірибесіне сүиеніп, елдегі әлеуметтік-еңбек қатынастың дамуын ескеріп, оқырмандарға осы оқу құралын ұсынып отыр. Қазіргі экономика ғылымында бір ұғым туралы әлі де көптеген көзқарас болып отыр. Мысалы, еңбек рыногы, жұмыс күші рыногы, еңбек ресурстары рыногы деп. атаиды. Кеиде авторлар оларды бір түсінік деп. қараиды, ал көп жағдаида оның аиырмашылықтарына көңіл бөле бермеиді. Сондықтан, болашақта еңбек рыногы туралы әлі де жаңа теоретикалық концепція құрылуы мүмкін екенін аита кеткеніміз жөн сияқты.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Нарықтық экономика 2

Нарық дегеніміз — тауарды (қызметті) сатып алу болмаса сату мақсатында сатушылар мен сатып алушылар арасындағы тығыз қарым-қатынас орнығатын кеңістік. Онда ұсыныс пен сұраныстың өзара әрекеті жеке тауар, жергілікті тауар, ұлттық тауар, аймақтық тауар және дүниежүзілік тауар деңгейінде зерттеледі.
Нарықтық экономикада адам, бір жағынан, игілікті жасаушы болса, екінші жағынан, сол игілікті тұтынушы. Игілікті адамдар арасында бөлу мен тұтынуда да бағаның қызметі зор. Нарық пен адамдар арасындағы экономикалық әрекет сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтарының түйіскен жерінде, яғни нарықтық бағамен шешіледі. Нарықтық экономиканың үлгілер. Нарықтық экономиканың даму үлгілері әлемнің әр жерінде түрліше қалыптасқан.
Дүниежүзілік тәжірибедегі нарықтық экономика үлгілері
Экономика-
ның даму
үлгілері Мақсаты Негізгі ерекшеліктері
1 2 3
1. Әлеуметтік-
нарықтық
экономика
үлгісі (Гер-
мания, Шве-
ция және
басқалар)



2 . ¥ л т т ы қ
шаруашы-
лыққа негіз-
делген үлгі
(Жапония,
Онтүстік
Корея және
басқалар) — халықтық тұрмыс қажет-
тілігін өтейтін салалардың
ұдайы өндіріснің қалыптастыру;
— үнемі халықтың тұтыну
мүмкіндіктерін арттыру;
— халықтың әсіресе, тұтыну
мүмкіндігі аз топтарын әлеу-
меттік қорғау шаралары ар-
қылы жүзеге асыру;

— өз отанының дамуына ұлт
болып күш салу;
— мемлекет ішіндегі ай-
мақтармен, жергілікті жер-
лердің даму ерекшеліктерін
ескеру;
— ғылыми-техникалық бағ-
дарламаларға арқа сүйеу; — экономикалық даму-
дын орташа өсуі;
— нарықтық қатынас-
тарға көшу мерзімінің
үзақтығы;
— жұмыссыздық денгейі-
нің 2—3% көлемінен ас-
пауы;


— экономикалық даму-
дың жоғарғы қарқыны;
— экономикалық озық
Құрылымдарды қалып-
тастыру; ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Несиелік тәуекел туралы түсінік

Банк тәуекелін басқаруда елеулі роль атқаратын басқару түрі - несиелік тәуекел болып табылады.
Кез келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Несиенің уақтылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді басқару шараларымен уақтылы айналысып отыруға тиіс.

Несиелік тәуекел— қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.
Несиелік тәуекелді басқару жүйесінің негізгі элементтеріне жататындар:
• несиелік қызметті ұйымдастыру;
• лимиттер белгілеу;
• несиелік ұсынысты бағалау және қарызалушының несиелік қабілетін бағалау;
• несиелік тәуекел деңгейіне байланысты несиелерге рейтинг қою және белгіленген лимиттермен салыстыру;
• несиелер бойынша мүмкін болар зияндарды есепке ала отырып, сыйақы мөлшерлемесін анықтау;
• несиелік шешімдерді қабылдау барысында құзіретті бөлу— несиелерді авторизациялау; ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Инвестиция туралы түсінік

Капитал өндіріс факторларының бірі, яғни ресурс болып табылады, оны тауар өндіру үшін жұмсау керек, және материалдық игілік жасау үшін өндіріс, ақша және тауар формасындағы барлық жатады. Коммерциялық өндіріс ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтар және өндірістік запастар сатып алудан басталады, ал ол өз кезегінде инвестициялық салымдарды қажет етеді. Басқа жағынан, пайда ұйымның қаржылық қызметтің нәтижесі ретінде, оны тиімді пайдалануды талап етеді, ол да инвестициялық қызметпен байланысты.иналған құралдардың запасын білдіреді.
Инвестициялар – макро және микро деңгейде жиі қолданылатын экономикалық жүйе категорияларының бірі.
"Инвестициялар түсінігі" – көп қырлы құбылыс. Оның бірнеше мағыналық анықтамасы бар:
Ең алдымен, инвестициялау жөнінде сөз еткенде, құрал- жабдық, технологиялар жөнінде айтылады. Оларды енгізу арқылы өндірістік процесс жүзеге асырылады.
Инвестициялар – халықтық шаруашылықтың барлық салаларының негізгі қорларын кеңейте қайта өндіруге бағытталған материалдық, еңбек және ақшалай ресурстар шығындарының жиынтығы. Инвестиция біздің экономика үшін жаңа түсінік. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Жәрдемақылар

Жәрдемақылардың түсінігі, ерекшеліктері және түрлері.
Зейнетақылар азаматтаға не заңдарға белгіленген жасқа толған кезде, не олар өмір сүрудің негізгі көзі ретіндегі жалақыны жоғалтқан кезде, заңдарда белгіленген жағдайлар орын алғанда беріледі.
Алайда, азаматтардың еңбекке қабілетін жоғалтпай-ақ және өмір сүруі шектелместен де, тіпті одан әрі еңбек ету мүмкіндігін иелене отырып та, яғни жалақысын жоғалтпастан да материалдық көмекті қажет ететін көздері болады. Мысалы, ауырған кезде, бала туған кезде және т.б. Мұндай жағдайларда мемлекет өз азаматтарына жәрдемақы түрінде көмек береді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Жылжымайтын мүліктерді бағалау

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің тіркеу қызметі комитетінің Алматы облыстық Райымбек ауданы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы бұрынғы техникалық түгендеу бюросы (БТИ) алғаш рет аталған ауданда 1987 жылдан бері ТТБ 1999 жылға дейін, 1999 жылдан бері кәсіпорынның аты өзгеріп жоғарыдағы атпен жұмыс істеуде.
Бұл орталықтыңфункциялары:
- жылжымайтын мүлік объектілерін тіркеуден өткізу;
- Жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық төлқұжат әзірлеу;
- Жылжымайтын мүлік объектілері бойынша инвентаризация жүргізу;
- Жеке тұрғын үй қорының тұрғын үйге берілетін техникалық төлқұжатын әзірлеу; ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Жобалық қаржыландыру

Қаржыландыру, мұның қайтарымы ақша айналымынан түсетін қаржы болып табылады. Ол шевестициалық жобаны дұрыс ұйымдастыру арқасында жүзеге асады.Онығ кепілі ретінде жобалық тек заттай құндылық емес сонымен бірге құрлыққа қатынасушылардың арасындағы келісім шартқа негізделген құқықта болады. Осы орайда ережеге сәйкес, жобаны жүзеге асыратын компания құрылады, оның функциясы ретінде негізгі кәсіпкер рөлін орындау болып табылады. Бұл жағдайда демеушілер міндетті түрде несиелік ресурстарды алу үшін кепілдік бермейді, сондықтан мұндай қаржыландыруды регрессіз қаржыландыру деп атайды.
Басқа жағдайда демеушілер мынадай кепілдік береді: құрылысты сияқтау кепілдігі:....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | МЕНЕДЖМЕНТТІҢ МӘНІ

Менеджмент тура мағынасында «адамдарды басқару» ұғымын білдіреді. Менеджменттің отаны болған АҚШ-та корпоративтік бизнес пен мүлікеке билік жүргізуді жүзеге асыру бойынша міндетті заңға сәйкес өз мойнына алатын тұлғаны менеджер деп айтамыз. «Менеджмент» термині американдықтар үшін фирманың алға қойған мақсаттарына қол жеткізудегі материалдық және адамдық ресурстарды әлдеқайда тиімді пайдалануды және интерграцияны қамтамасыз ететін процесті білдіреді.. Басқаша айтқанда, менеджмент – бұл нарық жағдайында фирманы және оның қызметтерін басқаруды теориясынмен іс-тәжірибесі.
Менеджмент – нарықтық экономиканың қажеттіліктері мен жағдайына толығырақ жауап бере алатын басқару типі.
Менеджмент еркін кәсіпкерлік, бәсекелестік, экономикалық уәждеме жжағдайларында туған нақты басқарудың өзінше тұжырымдамасында пайда болып, ресімделеді.
Басқару типі ретінде менеджменттің негізгі белгілеріне мыналарды жатқызуға болады.:
• Адам, оның қажеттіліктері, мүдделері, уәждері, құндылықтары, нұсқамаларыбасқаруды ұйымдастырудың бастапқы сәті мен оны жүзеге асырушысы болып табылады.
• Басқарудың тәсілдемесінде, принциптерінде және әдістерінде экономикалық құралдар мен басқару әдістеріне артықшылықтары беріледі.
• Менеджер мен қызметкерге қойылатын басты талап ретінде көрінетін кәсіби тұрғыдан басқару менеджментке тән. Менеджер экономикалық және әлеуметтік-психологиялық білімдерді игеріп оқуы керек.
• Ұйымдастыру ісінде менеджментке жағдайдың өзгеруіне қарай және инновациялық типті ұйымдастыруда, яғни жаңашылдыққа жылдам бейімделе алатындай басқаруды икемді ұйымдастыру тән.
• Менеджмент менеджменттің жеке басына қойылатын талаптардың кешенін танытуы керек. Олардың ішіндегі негізгілері: тапқырлық, байланысқа бейімділік ,сенімділік. Бұл сапалар басқару өнерін танытуда маңызды рөл ойнайды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Жер саулығынан – адам саулығына

Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. Адам бақыты – денсаулық. «Денсаулық – зор байлық».Адамзат баласының тіршілік өміріндегі ең бір бағалы нәрсе, оның денсаулығы. Денсаулықты сақтап, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек.Денсаулыққа немқұрайлы қарау дұрыс емес. Оған пассивті түрде емес, активті түрде қарау керек. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның басты міндеті. Сондықтан да қазіргі кезде «Валеология» пәнінің маңызы зор. Валеология сөзі грек және латын сөздерінен алынған. «Валео» - денсаулық , «логос» - ғылым. Оның негізін алғаш рет қалаған Ицкович Брехман. Ол медицина ғылымдарының докторы, профессор. 1987 жылы ол валеология терминін ғылымға енгізді. ....
Рефераттар
Толық
0 0