Реферат: Философия | Дүниеге философиялық көзқарас

Білікті маман. Зерделі азамат болып өсіп шығуға, ертең халық шауашылығының тұтқасын ұстап, ол тағдырын шешуге, қоғам дамуының жауапкершілігін мойынына алуға ұмтылған әрбір жас үшін философия пәні оқып – үйрену қажет.
Онсыз мынау күрделі сан – саналы, қатар – қабаттар, дүниенің , бүкіл әлемінің ішкі сырын табиғатын дамуының мән мағынасын ұғыну мүмкін емес. Философияны оқу - іске шығармашылықпен қараудың, ойланып- толғана білеудің түрлі құбылыстарды талдап, маңыздысын ажырата білудің , ой – өрісті кеңейтудің , жан – жақтылық пен жоғары мәдениеттің кепілі бұған бүкіл адамзаттың жүріп өткен тарихы жолы куә.
Философия бүкіл ғылыми жүйелерінің көнесі. Ол қауымдық , құрылыс ыдырап, қоғам қоғам бұл иеленушілік дәуірге аяқ басар мезгілде , мифиологиялық – діни түсініктермен күрс білімінің басын құрады. Тек тілінен аударғанда «философия» «данышпандыққа құштарлық» деген мағына береді.Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегенеміз айнала қоршаған орта. Бүкіл әлем, тұтас дүние туралы , ондағы адамның орны, терминшіліктің мән - мағынасы туралы көзқарастың пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы.
Дүниеге көзқарас адам қоғамының пайда болуымен қатар болған қоғамдық тарихи құбылыс. Оның шығуының қайнар көзі- өмірдің өзі – адамның тіршілік болмысы. Расында дүниенің пайда болуы, оның эволюциялық тұрғыдан жетілу ерекшеліктері, адамның дүниедегі орны, болмыстың мән – жайы, адамзат өніп – өсуінің сипаты мен бағдары сияқты мәселелер қай дәуірде де адамдарды толғандырып, көкейлерінен кетпей ізденіске салды.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Философия | Қазақ философиясы

Әдетте, адамдардың барлығы да ізденуші өмірге қажеттінің бәрін өзімен бірге ала келген жоқ. Тарихты адам жасайды, адамзат тарихы дегеніміз – дарияның асау тасқыны да, толқынға қарсы жүзетін кеме де, кемені қозғаушы жекен де осы адамның бір өзі ғана. Демек өмірдің мәні де, қожасы да адам. Рас, адам өмірі ешбір бөгетсіз сырғи бермейді.
Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақтар, ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді. Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами отырып, әр қилы ерешеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті.
Зерттеу тақырыбы: «Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері» деп аталады. Осы рухани мұра жүйесінде қазақтың ертедегі философиялық ойлау элементтерінен бастап, қазіргі заманғы толысқан философиялық теориясын түгелдей қамтитын ұзақ та жемісті философия тарихы мол орын алды. Оның негізгі бағыттары ретінде тұрпайы-диалектикалық ойларды, дүниеге шынайы түрдегі көзқарасты, дінді тану және басқа да еркін ойлау процестерін, адамгершілік мәселелер мен адам туралы ілімдерді, күш көрсетпеу идеясы және оның күш көрсету саясатына қарсы бағыттарды насихаттау, тағы басқа мәселелері болды. Бұл қызығушылық оқырман қауымының, оның ішінде философтардың тарихи логикасына жету жолында пайда болды. Сонымен қатар сол кездегі қазақ философиясының тарихи ерекшеліктерін бағалағысы келетін біздер үшін, үлкен сын сағат туғандай.
Тақырыптың өзектілігі:
Тәуелсіздікке көзі жеткен Қазақстан Республикасы алдында руханиет саласында орасан зор әрі қасиетті мақсат – халық рухын, оның өзегі – ұлттық философияны жаңғырту немесе қайтадан қалпына келтіру мақсаты тұрған еді. Қаншама экономикалық және саяси жетістіктерге жеткенмен де, мәдени қайта өркендеусіз, Қазақстан өркениетті елдер қатарына еш қосыла алмайды. Біздер ауызша да, жазбаша да «рухы күшті халық», «рухани биік халық» деп бағалаймыз. Қазақылықты немесе ұлттық рухты анықтауға тікелей қатысы бар басқа да қасиеттер болуы мүмкін. Қалай болғанда да олардың қазақ халқының тұтастығынан туындайтындығына күмән келтіруге болмайды. Оны бейнелейтін, санасына сіңіретін адам.
Зерттеліп отырған тарихи кезеңдегі және алға қойылған мақсат негізінде төмендегідей міндеттер бейнеленеді:
- Зерттелмеген жақтарын ашу. Бүгін де осының дұұрыстығын анықтау;
- Деректемелер мен әдебиеттерді топтастыра отырып, әр әдебиеттерге сыни көзқарас тұрғысынан қарай отырып, қазақ философиясының тарихи ерекшеліктерін жан-жақты ашып көрсету.
Философия тарихы туралы жазылған еңбектер ерте заманнан белгілі. Ұлы ғұлама ойшыладардың шығармашылық мұраларын, олардың философияға қосқан үлестері, көтерген өзекті мәселелері жайлы әр елдің, әр заманның тарихшылары айқындап кеткен тұжырымдар, келелі ақын мен сезімге негізделген ойлары баршылық. Оларда философияның қоғамдық сананың ерекше түрі ретінде дүниеге келуіне басқадай алғышарттардың бастысы болып, мифологияның, діннің халықтың қарапайым санасының, ғылымның тигізген әсерлері толыққанды да ерекше сипатталған. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Философия | Ежелгі Қытай философиясы

Қазіргі тәуелсіздік алған шағымызда білікті маман, білімді азамат дайындау заман талабы. Қоғам дамуы мен мәдениеттің кең қанат жайып, өркендеуі кез - келген жас жеткіншектердің үлесінде екені даусыз. Сондықтан, философия пәнін оқып - үйрену аса қажет-ақ. Себебі, философия ілімі адам баласының сан ғасырлар бойына жинаған өзіндік санасының ең жоғарғы формасы, ақиқат деп саналған ой-тұжырымдар жүйесі. Қоғамда болып жатқан өзгерістер мен құбылыстардың ішкі мәні мен маңызын түсіндіру және түсіну барысында философиялық ойлау жүйесініңкөмегі зор. Соған орай оқу құралының жоғары оқу орындарындағы студенттер мен философия ғылымын өздігінше оқып - үйренушілер үшін бұл оқу құралының көрсетер қызметі ерекше.
Аристотель өзінің «Поэтикасында» кез - келген пәнді зерттеу барысында тек философтар ғана емес, сонымен қатар өзге де қарапайым адамдар ойлау қабілеті төмендеу болса да рақатқа ие болады деп жазған болатын.
Әрине, философтарды, тіпті философияға құштар жандардың өзін де, сөзін де түсіну қиын. Олардың философия ілімі жағынан қолданатын кейбір сөздері философиядан хабары жоқ адамдар үшін күңгір көрінуі ғажап емес. Өйткені, даналық қуушылардың сан ғасырлар бойына өзіндік арнайы сөздігі қалыптасқан еді. Әрине, бұл сөздікті аталған ілімнің өкілдері ғана қолданары анық, ал егерде қолыңызға философия оқулығы не болмаса философиялық сөздік кез бола қалған жағдайда «бас қатыруыңызға» тура келеді. Оның себебі де бар: Сократ немесе Платон секілді ұлы ғұламалардың дүниетанымы баланың ойыны емес екендігі бесенеден белгілі. Сондықтан да философия ілімі көз жүгіртіп, көңіл тоқтата зерттеуді қажет ететіні анық.
Біздің дәуірімізге дейінгі ғасырларда - ақ адамдар әлем, қоршаған ортасы, өмірі туралы ойлана бастағаннан бастап әлем, адамзат баласы қалай пайда болды, себебі не, мәні неде деген сауалдар көкейлерін тесе бастағандай болды. Әрине, бұл тәрізді сұрақтар біздің де санамызда орын алғанын терістей алмаспыз. Міне, осы іспеттес сауалдарға әрбір ойшыл өзіндік ой - тұжырымын ортаға салып, ой бөліскендігі баршамызға аян. Әркімнің өз ақиқаты бар демекші, данагөй тұлғалар өздерінің тұжырымдарын, қорытқан ой-пікірлерін қорғап қалу жолында қолдағы барынан аянып қалмады. Философияның тасы өрге домалаған кезден бастап, өзінің даму жолында жинаған тұжырымдары мен күні бүгінге дейін қалыптасқан көзқарастарына көз жүгіртер болсаңыз, уызға тойған төлдей бөгіп қалатыныңызға күмән жоқ. Сондықтан, оқу құралының оқырман қауымға айтары мен берер көмегі зор. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Философия | Классикалық неміс философиясы

XVIII ғасырдың аяғы - XIX ғасырдың бірінші жартысы неміс топырағында да философия кеңінен дамыған ерекше кезең болды. Ол кезенді Ф. Энгельс классикалық неміс философиясы деп атады. Ол кезенді бастап берген И. Кант (1724-1804) болса, оны Л. Фейербах (1804-1872) философиясы аяқтады, ал шырқау шегі Г. Гегель (1770-1831) философиясы еді. Ол кезеңнің өкілдері болғандар: И. Фихте (1762-1841), Ф. Шеллинг (1775-1854). Байқап отырғанымыздай, философтар да ғалымдар сияқты, басқа да мәдениет өткілдері секілді тарихта, жоғарыда айтылғандай, топтанып, кезеңдес болып кездеседі. Ол тегін емес. Әрине, себепкер — объективтік жағдай. Философтар да тарихи қажеттіліктен дүниеге келді. Соның бір дәлелі — классикалық неміс философиясы. XV1I-XVIII ғасырлардағы ағылшын, француз жағдайларымен салыстырғанда, XIX ғасырдағы Германия әлі нағыз орта ғасырлық, феодалдық ел болатынды. Революциялық жағдай бұл кезде әлі туындамаған еді. Сондықтан неміс философтары жалпы философиялық мәселелермен айналысты. Олар дворяндар емес, жай кала халқынан (бюргер) шықты. Сондай-ақ, өз заманының білімді адамдары қатарында болды. Неміс философтарының бәрі де (Л. Фейербахтан басқалары) университеттерде профессорлық қызмет атқарды. И. Кант Кеннигсберг, Гегель Берлин университетінің ректорлары болды. Шеллинг король IV Фридрих-Вильгельмге құпия кеңесші, әрі оның досы болған, Фихте де ректорлық қызмет атқарған. Сейтіп неміс философтары аристократиялық тапқа қызмет етті. Германияның пруссиялық-юнкерлік жолмен дамуына себепкер болды. Тарих, олардың пікірінше, абсолюттік рухтың өзін-өзі табуы болып табылады. Германияда үстемдік құрған феодалдық-абсолютгік құрылысты олар ең жоғары рухани күш — жаратушының, қалауы деп түсінді. Мемлекет дегеніміз, Гегельдің пікірінше, Құдайдың әлемді кезіп жүруі. Тек Л. Фейербах олардан оқшау тұрды. Ол 1828 жылы Эрланген университетіне оқытушылық жұмысқа орналасты. Бірақ екі жыл өтпей-ақ ол оқытушылық жұмыстан куылды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Философия | Қайта өрлеу философиясы

Қайта өрлеу дәуірі жалпы антикалық мәдениетпен, антикалық философия бөліміне қызығушылықтың өсуімен негізделеді. Ол өз бастауын тарихи кезеңнің аталуынан алды. Қайта өрлеу дәуірі үш кезеңге бөлінеді: ежелгі (ХІV-ХV ғғ.), орта (ХVІ ғ.), кейінгі (ХVІІ ғ.). Қайта өрлеу философиясы Италиядан басталды, таңқаларлықтай емес, өйткені осы территорияда қызығушылық тудырған антикалық философия гүлдене бастаған, содан кейін ғана солтүстікке, батысқа және шығысқа жылжый бастаған. Әрине осыған сәйкес италиалық, немістік, француздық Қайта өрлеу дәуірі туралы айтылған...
Қайта өрлеу дәуірі орта ғасырлық философия аяқталуы мен Жаңа заман философиясының басталуы кезеңінде пайда болды. Сол себепті де ол өтпелі болып келеді, ал бұл өз кезегінде оның мазмұнына өз әсерін тигізді. Қайта өрлеу дәуірінің философиясы өз кезегінде пайда болу кезеңіндегі философия тағдырын қайталады десекте болады. Мұнда философия мифологиялық ойдан арылып, философияны мәдениеттің жаңа саласы ретінде құрды, ендігі философия діни түсініктерден бөлек мәдениеттің жеке жаңа саласы болып келеді. Бірақ ойлау қайтадан философияға оралды (мұнда Қайта өрлеу сөзі тура айтылған – антикалық мәдениеттің, яғни антикалық философияның пайда болуы).
Қайта өрлеу дәуірінің философиясының мұндай екі мінезділігі, оның екі түрлі сапасымен түсіндіріледі: абсолюті шындықты анықтауға бағытталған бала сенімімен қатар, орта ғасырлық философия бағалауының скептицизмімен түсіндіріледі. Сократ философиялық әдісті ойлап тапты, Жаңа заман философиясы – ғылыми әдіс (негізін Аристотель құрған), және де ол жемістілігін көрсетті.
Қайта өрлеу дәуірі діни сенімдердің шынайылығына сенбеушіліктен басталды. Ежелгі Грецияда Сократ жақтаушыларының қарсы күресуші мектептері құқылықтылық негізіне қатысты келісімге келе алған жоқ, со себепті скептицизм пайда болды, сөйтіп орта ғасыр соңында діни сенім әлсіреп, скептицизм қайта пайда болды. Ол жаңа сенімге жер дайындады – адам санасына, оның күші мен қабілеттілігіне.
Скептицизм орта ғасыр философиясының қортындысын құрды. Оның спецификасы – діни сенім мен діни шындыққа сенімді әлсірету және де дінге адам санасын қарама-қарсы қою. Бір жағынан, сектицизм саналы діни сенімділік мүмкін емес деген шешімге келсе, екінші жағынан – сана дінен жоғары демек еді. Сонымен, Қайта өрлеу спектицизімі – схоластикаға қарсы күрес қаруы. Схоластика шіркеу жүйесі сана алдында өз анықтамасын табуына негізделетін философия ғылымын құруға бағытталған. Бұл ретте пайда болған қиыншылықтар скептицизм туындауына кері импульс әсерін тигізді. Философия және дін мәдениеттің әр түрлі саласы, және, ХІІІ ғасырдағы Фома Аквинский зерттеулерінде бір-біріне жақындаған мәдениет салалары қайта ажырай бастады, ал бұл скепсис пайда болуына әкелді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Философиядағы негізгі мәселелердің бірі адам мәселесі

Адам мәселесі, оның ішіде шығу тегі, мәні, табиғаттағы орны және қоғамдық өмірдегі рөлі мәселелері фундаменталдық философиялық тақырыптардың бірі болып табылады.Философия пайда болғанынан қазіргі уақытқа дейін адам оның басты назарында болды. Материяны, табиғатты – алғашқы, сананы олардың туындысы, бейнесі болғандықтан соңғы, деп қарастыратын материалистер үшін де, рух пен сананы – алғашқы, материя мен табиғат бұлардың сыртында өмір сүре алмайды, сондықтан да олар соңғы деп қарайтын идеалистер үшін де адам мәселесінсіз философия жоқ..
Адам туралы алғашқы идеялар философия пайда болғаннан көп уақыт бұрын айтыла бастады. Бұл туралы біздің дәуірімізге дейін жеткен мифтер мен алғашқы қауымдық діни түсініктер мәлімет береді. Аңыздарда, әпсаналарда, мифтерде табиғаттың, оның болмысының мақсаты мен мәні қарастырыла бастайды.Адам туралы алғашқы ілімдер ежелгі Шығыс мемлекеттерінде пайда болды.
Ежелгі Үнді философиясында адам әлемдік жанның бөлігі ретінде пайымдалады.Жанның көшуі туралы ілімде тірі жандар (өсімдіктер, жануарлар, адамдар) мен құдайлар арасындағы шекара шартты және өтпелі. Буддизм философиясы өзінің алдына адамды қиналу азабынан құтқаруды мақсат етіп қойды. Егер бұған дейінгі брахманизм деп аталатын деп аталатын діни- философиялық ілім адамның азап шегуін бұрынғы күнәсі үшін тартатын жазасы, одан құтылудың жалғыз жолы – құдайға құлшылық етіп, табына беру десе, буддизм керісінше , өмірдің өзі азап шегуден тұрады, бұл дүниеде одан адамды азат ету құдайлардың қолынан келмейді, азаптан құтылудың бір ғана жолы бар, ол адамның өзіне байланысты: сансардан кету деп санады.Мұның мәні: бұл дүниенің өткіншілігін сезіну, сол арқылы тіршілік қамын ұмыту, нәпсіні тежеу арқылы болып
жатқан істер мен құбылыстарға немқұрайды қарап, бейтарап күйге түсу. Бұны «нирвана» деп атайды.Нирванаға жеткен адам, бұл о дүние мен осы дүниенің айырмашылығын сезіп-аңғарудан қалған адам. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Философия | Ежелгі үнді философы

Үнді халқының, көрші Қытай елі сияқты 4-5 мыңжылдық өркениеттік тарихы бар ел. Олай болса, оның өзіне тән ерекшеліктері бар. Б.з.д. 1 мыңжылдықтың ортасында Үнді елінде философия пайда болды. Философиялық ойлар мифологиялық көзқарастың ыдырауының нәтижесінде қалыптасты.
Үнді елінің ғажап ерекшелігі-оның әлеуметтік ұйымдастырылуында. Ондағы адамдар үлкен жабық әлеуметтік топтардан тұрады. Оны - варна немесе каста дейді. Негізінен алғанда, Үнді қоғамы төрт кастаға бөлінді. Олар: 1) Брахмандар (ақтар) - айналысатын істері - ой еңбегі, негізінен діни қызметкерлер, ел басқарушылар; 2) Кшатрилер (қызылдар) - айналысатын істері - жауынгерлер; 3) Вайшьилер (сарылар) - еңбек ететін адамдар, негізінен егін егу, мал бағу, қолөнермен айналысу т.с.с; 4) Шудралар (қаралар) - ең ауыр, кір жұмыстармен айналысатындар.
Тарихи тұрғыдан алсақ, алғашқы үш каста б.ғ.д. 1500 жылдары үнді еліне басқа жақтан келген арий тайпалары. Шудралар - жергілікті сол жерде пайда болған аборигендер болып есептеледі. Касталық қоғам қалай пайда болғаны, оған әкелген қандай себептердің болғаны белгісіз болса да, оның негізінде жатқан үш принципті көрсетуге болады. Олар: 1) Әрбір кастаның ішкі тазалығы және басқалардың сол тазалықты бұзуы мүмкіншілігінен пайда болатын үрей, қорқыныш сезімі; 2) Касталық қоғамның пирамидалық құрылымы. Әр каста өзінен төмен тұрған топтарға жоғарыдан қарап өзінің төмендегіге қарағанда қадірлілігін сезінуге мүмкіндік алды; 3) Реинкарнация, яғни, адамның жан-дүниесінің келесі өмірде ауысып кету мүмкіндігі.
Үнді халқының тағы бір орасан зор ерекшелігі - оның өте бай мифологиясында. Жер бетіндегі бірде-бір халықтың аңыздарын үнді аңыздарымен салыстыруға болмайды. Үнді аңыздарында үш мыңнан артық Құдай кейіпкерлері суреттелген. Олар да адамдар сияқты сүйінеді, күйінеді, туады, қартаяды, соғысады, бір-біріне көмектеседі т.с.с.Үнді мифологиясындағы негізгі құдайлар мен негізгі ұғымдар. Йндра - найзағайдың, күн күркіреудің құдайы; Митра - күн құдайы; Варуна - аспан құдайы; Агни - от құдайы; Яма - өлім құдайы; Тапас - дене іңкәрі, жылылық; Рита - ғарыштағы тәртіп; Пуруша - ғарыш адамы, рух, жан; Карма -адамның тағдырын құрайтын жан-дүние; Сансара - ғарыштағы қысылған, күйзелген жан-дүние әлемі: Мокша - бұл дүниедегі азаптан құтылып, дүниежүзілік рухқа қосылуға мүмкіншілік алу; Дхарма - заң мен әділет құдайы.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Философия ғылым

Философия – ғылым. Ол ғылым ұлттық шеңберде немесе белгілі бір ағым аясында тұйықталып қалмайды. Ол қашанда бүкіл адамзат табысы, баршаға ортақ рухани жеміс, әлемдік өркениеттің, рухани мәдениеттің ажырымас бөлігі. Әрине, оған әр халықтың өзіндік (біреудің көп, біреудің аз) үлесі бар. Әрбір ұлттың өзіндік не физикасы, не химиясы, не басқа ғылымдары болмайтыны сияқты өз алдына оқшау философиясы да жоқ. Философия, менің ойымша, толып жатқан өзендерден нәр алған, тамшылардан құралған үлкен терең ой теңізі. Өзендердің бұлақтардан құралғанындай, философия да әрбір халықтың ой тұжырымдарын, дүниетанымын, қоғамдық көзқарасын бойына сіңірген әрбір ұлттың тарихи және қоғамдық ой-сана даму деңгейінің көрсеткіші. Өйткені, бұл абстрактылы оймен ғылыми өрнек құратын қиын, шым-шытырық құбылыстардың жүйесін табатын, белгілі талдау жасай алатын, болжам айта білетін ілім.
Ең алғашқы дүниетанымдық пікір мифология түрінде пайда болды. Бұл гректердің екі сөзінен құралған: mifos – аңыз, logos – ілім. Мифологиямен бірге жазу мәдениеті пайда болды. Мифология негізінде дін дүниеге келді. Барлық діндер мифологияда кездесетін ертегі, аңыздарды пайдаланады. Ал дін ешнәрсенің себебін ашып көрсетпеді. Олар тек илануды талап етті. Әр нәрсенің себебін білгісі келгендер мұндай ұғымдарға қанағаттанбады, көңілі толмады. Олар әр нәрсенің түбіріне үңіліп, сол туралы әр қилы пікір айтты. Ондайларды философ деп атады. Бұл гректердің ертедегі екі сөзінен құралған ұғым (philio – сүйемін, sophia – даналық, екеуі қосылып «философия» деген сөзді туғызды). Арабтар бұл сөзді тіліне жеңілдетіп «фәлсафа» деп атаған.
Философия – адамзат дамуының қайнарынан бастау алатын ғылым. Ол біздің заманымызға дейінгі мыңжылдықтың басында дүниеге келді. Сол кезден бастап ол үнемі даму үстінде. Адам баласының ой-өрісі кеңіген сайын философия да тереңдей түсті. Философия - өз алдына ғылым. Ол, ең алдымен, дүниетанымдық, теориялық, методологиялық ғылым. Философия бүкіл әлемді оның басты салалары: табиғат, қоғам, адам санасын тұтас құбылыс ретінде алып, оның жалпы заңдылықтарын ашады, объективтік шындық жөніндегі белгілі қағидалар жүйесін қалыптастырады. Бұның барлығы бірнеше кезеңдер арқылы жүзеге асты. Орта ғасырлар және қайта өрлеу кезеңдерінің философиясына тоқталсақ.. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Философия | Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері

Әдетте, адамдардың барлығы да ізденуші өмірге қажеттінің бәрін өзімен бірге ала келген жоқ. Тарихты адам жасайды, адамзат тарихы дегеніміз – дарияның асау тасқыны да, толқынға қарсы жүзетін кеме де, кемені қозғаушы жекен де осы адамның бір өзі ғана. Демек өмірдің мәні де, қожасы да адам. Рас, адам өмірі ешбір бөгетсіз сырғи бермейді.
Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақтар, ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді. Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами отырып, әр қилы ерешеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті.
Зерттеу тақырыбы: «Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері» деп аталады. Осы рухани мұра жүйесінде қазақтың ертедегі философиялық ойлау элементтерінен бастап, қазіргі заманғы толысқан философиялық теориясын түгелдей қамтитын ұзақ та жемісті философия тарихы мол орын алды. Оның негізгі бағыттары ретінде тұрпайы-диалектикалық ойларды, дүниеге шынайы түрдегі көзқарасты, дінді тану және басқа да еркін ойлау процестерін, адамгершілік мәселелер мен адам туралы ілімдерді, күш көрсетпеу идеясы және оның күш көрсету саясатына қарсы бағыттарды насихаттау, тағы басқа мәселелері болды. Бұл қызығушылық оқырман қауымының, оның ішінде философтардың тарихи логикасына жету жолында пайда болды. Сонымен қатар сол кездегі қазақ философиясының тарихи ерекшеліктерін бағалағысы келетін біздер үшін, үлкен сын сағат туғандай.
Тақырыптың өзектілігі:
Тәуелсіздікке көзі жеткен Қазақстан Республикасы алдында руханиет саласында орасан зор әрі қасиетті мақсат – халық рухын, оның өзегі – ұлттық философияны жаңғырту немесе қайтадан қалпына келтіру мақсаты тұрған еді. Қаншама экономикалық және саяси жетістіктерге жеткенмен де, мәдени қайта өркендеусіз, Қазақстан өркениетті елдер қатарына еш қосыла алмайды. Біздер ауызша да, жазбаша да «рухы күшті халық», «рухани биік халық» деп бағалаймыз. Қазақылықты немесе ұлттық рухты анықтауға тікелей қатысы бар басқа да қасиеттер болуы мүмкін. Қалай болғанда да олардың қазақ халқының тұтастығынан туындайтындығына күмән келтіруге болмайды. Оны бейнелейтін, санасына сіңіретін адам.
Зерттеліп отырған тарихи кезеңдегі және алға қойылған мақсат негізінде төмендегідей міндеттер бейнеленеді:
- Зерттелмеген жақтарын ашу. Бүгін де осының дұұрыстығын анықтау;
- Деректемелер мен әдебиеттерді топтастыра отырып, әр әдебиеттерге сыни көзқарас тұрғысынан қарай отырып, қазақ философиясының тарихи ерекшеліктерін жан-жақты ашып көрсету.
Философия тарихы туралы жазылған еңбектер ерте заманнан белгілі. Ұлы ғұлама ойшыладардың шығармашылық мұраларын, олардың философияға қосқан үлестері, көтерген өзекті мәселелері жайлы әр елдің, әр заманның тарихшылары айқындап кеткен тұжырымдар, келелі ақын мен сезімге негізделген ойлары баршылық. Оларда философияның қоғамдық сананың ерекше түрі ретінде дүниеге келуіне басқадай алғышарттардың бастысы болып, мифологияның, діннің халықтың қарапайым санасының, ғылымның тигізген әсерлері толыққанды да ерекше сипатталған.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Физика тілі

Физика ғылымының тілі –бұл физикалық терминдер. Термин дегеніміз – ғылым, техника, өнер аумағындағы қандай да бір белгілі ұғымның атауы болып табылады. “Термин” ұғымының жалпы анықтамасына сүйене отырып біз физикалық терминді келесі түрдегідей анықтаймыз. Осыдан физикалық термин дегеніміз – бұл физикалық ұғымның атауы болып табылатын сөз немесе сөз тіркесі, ал физикалық ұғым – физикалық обектілер мен физикалық құбылыстардың мәнді белгілерінің бейнесі.
Ғылыми – техникалық даму барлық ғылыми білім салаларындағы түсініктер мен терминдердің жүйесін тәртіпке салу мәселесін күшейте түсті. Физика қазіргі техника мен өндірістің негізі болып табылады және маман халық шаруашылығының кез-келген саласында физика ғылымдарының әдістері мен тілін еркін пайдалануға тиіс. Сондықтан арнайы орта мектептің қазіргі кездегі өзгертулерінің басты мәселелерінің бірі- табиги математикалық, жалпы техникалық және арнайы пәндердің жетік меңгерілуі үшін физиканың оқытылуының сапасын, нәтижесін және ғылыми деңгейін айтарлықтай көтеру. Бүгінгі күнде физиканы толық негізде қазіргі кезде ғылым мен техниканың тілі деуге болады. Әрине қандайда бір ғылым тек физикалық емес, сондай- ақ табиги және өзінің арнайы тілімен қолданылады. Бірақ физика тілінің қолдану деңгейі сол немесе басқа ғылымның дамуының маңызды көрсеткіші.
Физика тілін меңгеру мақсатымен оқушылардың оқу ісін ұйымдастырудағы мақсатқа сай ұстанылған жолда ең алдымен жақсы әсермен осы істе мәдениеттің дамуына оқушылардың ой пікірі себеп және қалыптасуы болып қазіргі білімнің және оның күшейтілуіне бағытталған негізді, кейінге қалдыруға болмайтын мәселелердің бірі. Бірақ, өкінішке орай педагогтар оқушылардың жауаптары, сөйлемдері анық және физика терминология тұрғысынан қарағанда мінсіз болуы әр қашан қадағаланбайды. ....
Рефераттар
Толық
0 0