Реферат: Тасымалдауды маршруттауды ұйымдастыру

Тиелген вагон ағындарының тасымалын тиімді ұйымдастырудың маңызды тәсілінің бірі – жөнелтушілік маршруттау немесе тиеу орнынан маршруттау.
Маршрут дегеніміз – ТПЕ-сіне сәйкес бекітілген массасы және ұзындығы бар пойыз құрамы.
Тиеу орнынан маршруттау келесі белгілері бойынша топталынады:
- ұйымдастыру тәсілі бойынша:
• жөнелтушілік – бір станцияда немесе бір кірме жолда тиелген немесе құрастырылған бір немесе бірнеше жөнелтушінің пойыз құрамы;
• сатылы – бірнеше кірме жолдарда немесе бірнеше станцияларда тиелген вагон топтары, бір бекітілген ортақ станцияда жиналып, құрастырылған бірнеше жөнелтушілердің пойыз құрамы;
• шеңберлік – бір тиеу станциясы мен бір түсіру станциясы аралығында тұрақты жүк тасымалдап тұратын пойыз құрамы.
- тағайындалуы бойынша:
• тікелей – пойыздағы барлық вагондар бір қабылдау станциясы жеткізілетін пойыз құрамы;
• шашыратуға – пойыз құрамындағы вагондар бірнеше қабылдау станциясына тағайындалған пойыз құрамы. Тарқату мақсатында тағайындалған станцияларға ортақ жақындау станцияға тоқтап тарқатылады.
- тасымалдау қашықтығына байланысты:
• халықаралық – жөнелту станциясынан қабылдау станциясына жету үшін бірнеше елдің теміржолымен өтетін пойыз құрамы;
• ішкі – бір елдің теміржолы ішінде жүретін пойыз құрамы.
Пойыз салмағы мен ұзындығын «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ы белгілейді, ал жол бөлімі ішінде жол бөлімі бастығы (НОД) бекітеді. Маршрут құрамында бір типті жүктер немесе бірнеше жүктің түсі болуына рұқсат теілген. ....
Рефераттар
Толық
0 0