Реферат: Табиғатты пайдалану жүйесін реформалау

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағынан қарыштап алға басуы қоршаған ортаны қорғау мәселесіне де ерекше назар аударуды алға тартуда. Бұл жәйтті Президент Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауында басым бағыттардың бірі ретінде атап өткені мәлім. Онда экологиялық апаттарды болдырмау мәселелерін алдағы уақытта нығайта беру алға тартылды.
Біз қазақ жерінің кеңдігін, оның орасан зор байлығын, әсем табиғаты мен жағымды ауа райын мақтан етеміз. Ал, оның ішінде Алматы облысы орналасқан, ежелден жер жәннаты – Жетісу атанған өлкенің орны өз алдына бір төбе.
Жетісудың табиғатын аялап, оның байлықтарын қаз-қалпында сақтап, қолдан келсе, көркейтіп отыру – баршаға ортақ парыз екені анық. Бұған тікелей жауап беретін мемлекеттік деңгейдегі құзырлы мекемелер жұмыс істеп жатыр. Солардың бірі – Алматы облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.
Басқарманың басты міндеті – қоршаған ортаны қорғау жөніндегі біртұтас мемлекеттік экологиялық саясатты жүргізу және салалық бағдарламалардың орындалуын ұйымдастыру, орталық, жергілікті атқарушы органдардың бұл бағыттағы қызметін үйлестіріп, табиғатты тиімді пайдаланудың бірқатар түрлеріне лицензиялар беру. Сонымен бірге, жердің, судың, ауаның ластануына жол бермеу шараларын қарастырады. Аймақтарда экологиялық сараптама жүргізеді және экологиялық аудит жасауға құқылы.
Үстіміздегі жылғы белгіленген жұмыстарды бас¬қар¬ма қызметкерлері биыл қабылданған Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің баптары негізінде жүргізуде. Басқармадағы инспекциялық жұмыстардың барлығы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Табиғат қорғауды бақылау комитетімен келісілген жоспарға сәйкес жүргізілуде. Өткен мерзім ішінде қоршаған ортаны қорғау нысандарына 688 тексеру жасалып, 10 миллион 213 мың теңгенің айыппұлы салынды. Басқарманың мемлекеттік экологиялық сараптама бөліміне 865 құжат түсіп, оның 796-ы қаралды.
Сонымен бірге, облыс көлемінде қоршаған орта туралы халық арасында экологиялық білім беру, насихаттық жұмыстарды жүргізу, тұрғындардың экология жөніндегі танымын кеңейту, бұл бағытта үкіметтік емес, қоғамдық саяси, жастар ұйымдары¬ның, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің мүмкіндігін пайдалануға баса назар аударылып отыр. Мәселен, Текелі және Талдықорған қалаларында үкіметтік емес, жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен үш мәрте экологиялық сенбілік өткізіл¬ді. Бүкілдүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне байланысты дәстүрлі облыстық экологиялық форум болып, оған 600 адам қатысты.
Қоршаған ортаны қорғау жөнінде 7 дөңгелек үстел өткізіліп, 38 лекция оқылды, 13 семинар ұйымдастырылды. Санитарлық тазалық айлығы қураған ағаштарды кесу, орнына ағаш егу және басқа да науқандық жұмыстар кезінде басқарма қызметкерлері 25 экологиялық рейдке қатысты. Экологияға байланысты тұрғындардан 112 өтініш түсті. Оның 111-і қаралып, қанағаттанарлық жауап берілді. Басқарманың қызметіне және өткізілген шаралар жөнінде газеттерге 80 мақала жарияланып, телеарналардан 19 телебейне көрсетілді. Сол секілді, дәстүрлі “Іле – Балқаш” регатасына арналған шаралар да өз нәтижесін беріп келеді.....
Рефераттар
Толық
0 0