Реферат: Биология | Кемірушілер

Жұмбақ дүниені танып – білуіміздің табиғи көздерінің бірі – хайуанаттар әлемі. Жалпы табиғатта 2 миллионға жуық түрлері бар – микроскоп арқылы ғана көрінетін организмдерден бастап алып Піл, дене тұрқы 30 метрлік Кит сияқты хайуанаттар кездеседі. Ендеше сол хайуанаттар ішіндегі «Кемірушілерге» тоқталсақ. Кемірушілер (Rodentia) – сүт қоректілердің бір отряды. Бұған жер жүзіндегі сүт қоректілердің төрттен үш бөлігі, ал СССР-дегі сүт қоректілердің жартысы дерлік жатады. Кемірушілердің қазба қалдықтары- полеоцен дәуірінен белгілі. Кемірушілер Бор дәуірінде, сірә, насеком қоректілер мен бір ата-тектен дамыған болса керек. Кемірушілерге осы кезде туыстығы жағынан жақын топ қоянтәрізділер отряды жатады. Кемірушілердің ең ұсақ түрінің тұрқы 5 см, су шошқасы 1,25 м. Кемірушілердің тісі қатты қорек жеуге бейімделген. Күрек тістері (әр жақ сүйегінде бір жұп) күшті дамыған, доға тәрізді имек келген және үнемі өседі, әр тістерінің эмалы мен дентиннің қаттылығы әр түрлі болғандықтан, тісі өзінен-өзі қайралып, өмір бойы мұқалмайды. Кейбір кемірушілердің азу тістері де үнемі өседі. Ит тістері болмайды, күрек тістері мен азу тістері арасында тіссіз бос жер – диастема болады. Азу тістерінің беті бұдырлы, қырлы не қатпарлы. Бұл тістері де тіс эмалының қалыңдығы әр түрлі болғандықтан өзінен-өзі қайралады.
Кемірушілер жер жүзіне түгел таралған. Осы кезде тіршілік ететін 30 тұқымдасқа, 400-ден астам туысқа бөлінетін 2000-дай түрі бар. СССР-де 11 тұқымдасқа, 50 туысқа жататын 130-дан астам түрі белгілі. Бұдан басқа антропоген дәуірінен 70 түрі, оның ішінде 15-ке жуық өліп біткен туысы табылды. Кемірушілердің қазір тіршілік ететін түрлері әдетте үш отряд тармағына бөлінеді. Бұлардан тиін тәрізділердің(Sciuromorpha) осы кезде тіршілік ететін 5 тұқымдасы (құндыз,америка тау құндызы, тиін, қапшықты егеуқұйрық, гетеромитдер) және өліп біткен 5 тұқымдасы бар. Жайра тәрізділер отряд тармағына(Hystrcomorpha) осы кезде кездесетін 12 тұқымдас (кәдімгі жайра,ағаш жайрасы,теңіз ақ тышқаны,су шошқасы,агути,саз құндызы,шиншилла т.б.) және өліп біткен үш тұқымдас жатады. ....
Рефераттар
Толық
0 0