Әңгіме: Бекболат Баян | Жақсы сөз жарым ырыс

Жақсы сөз жанның жылуы. Бір бірімізге жылы қабақ танытып, жақсы сөзімізді арнап жүрген қандай ғанибет. Қарыштап дамыған өркениетке ілесеміздеп осынау жақсы қасиетімізден айырылып бара жатқандаймыз. Асығыспыз... Тіпті ет жақынымызбен араласуға уақыт жоқ. Қайда асығамыз?... «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын...», «Жақсы сөз жарым ырыс», т. б. толып жатқан мақал – мәтелдерді естіп жүрміз. Жақсы сөз естіп көңіліңнің көтеріліп қалғанын өзің де байқамай қаласың. Тұнып тұрған психология! Жаз жайлау, қыс қыстау мал соңында жүріп, психология оқымаған қазақ осының бәрін қайдан білген?! Сірә, халық даналығы деген осы болар.

Мектеп қабырғасында оқып жүргенде, қабырғаларда ілініп тұрған түрлі мақал – мәтелдерді, нақыл сөздерді көріп, біріміз болмаса да, біріміз ойланып жүретін едік. «Тәрбие тал бесіктен емес пе?». Бірақ бұл өскен соң тәрбиені тоқтатып қоюға болады деген сөз емес қой. Айтқым келгені біздің ҚазҰУ - нің механика – математика факултьтетіне келгелі мен ол тәрбиені көре алмадым. Ұлы адамдардың портреттері ілініп тұр, олда тәрбие, бірақ, тәрбие көптік етпейді ғой.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, біздің факультетте және өзге де факултьеттерде, егер жоқ болса, мақал – мәтелдеріміздің және нақыл сөздеріміздің ілініп тұрғанын қалар едім. Бір жағынан тәрбие, екінші жағынан қазақы дәстүр университетіміздің ажарын аша түсер еді. Көрген көзде жазық жоқ, естіген құлаққа алтын сырға.

Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Механика – математика факультеті

Бекболат Б. baian-gt@mail.ru

.....
Әңгімелер
Толық
0 0