Әңгіме: Бауыржан Момышұлы | Кемпірі бар үйдің
Балалар өте көңілді... Жұбайым түске дейін бес рет жылады. Мен оған түсінбей отырмын...
Менің әкем төрт рет үйленген кісі. Тірі болса ол кісі 107-ге толар еді. Ол кісінің кейінгі жұбайы биыл жетпістің сегізінде. Ол кісіні мен шеше тұтамын. Шешем алжи бастаған кемпір. Бұрын билеп үйреніп қалған кісі, «ауру қалса да — әдет қалмайды» дегендейін, осы уақытқа дейін үй ішінде үстемдігін жүргізгісі келеді...
Бірнеше мысал.
Қарт адамның ұйқысы сергек болады. Ол кісі тұра салысымен таң сәріде самаурын қояды. Біз ұйықтап жатамыз. Самаурыны біресе өшіп, біресе жанып жатады... Сиырын сауып, сүтін сепараторға бұрап қаймақ, май істеп қояды... Біз ұйықтап жатамыз... Самаурынын кемпір қайта тұтатады. Біз әлі тұрмай жатырмыз...
— Жаға берсең, самаурынға отын да шақ келмейді екен, — депті кемпір бір жолы азанғы шай үстінде. Оны менің жұбайым көңіліне ауыр алады.
Біздің балалардың ауылда жаңа өспірім туысқандары көп.
— Пошли к нам ужинать! — деп кеш сайын балаларын ертіп келеді.
.....
Әңгімелер