Бөдене жұмыртқасының пайдасы туралы

✅ Биологиялық құндылығы жөнінен бө­дене жұмыртқалары тауықтың жұмыртқа­ларын ба­сып­ озады. Бөдененің бес жұмыртқасы тауықтың біржұмыртқасының­ салмағымен тең бол­са, оның құрамындағы ка­лий мен фосфор­ тауық жұмыртқасын­да­ғы­дан бес есе көп, ал темір 4, 5 есе, В және В12 витаминдері 6 есе көп.

✅ Сондай-ақ олардың құрамындағы ка­льций, мыс, кобальт және түрлі амин қышқылдары тауық жұмыртқасындағыдан гөрі әл­де қайда жоғары.­ Құ­рамы ос­­ын­дай аз­ық­ пен жү­йелі қоректенген адамның әр түрлі ау­ру-сыр­қауға қарсы тұрар дәр­ме­ні артып, жү­рек-қантамырлар жүйесімен асқорыту мү­шелерінің жұ­мысы жақсарады. Сон­дай-ақ бөдене еті мен жұ­мырт­­қалары адам ағзасынан радиацияны да шығарады екен. Ал жұ­мыртқа құ­рамындағы лейцитин қан­дағы холесте­ринді төмен­де­тетін көрінеді. Егер тәулігіне бөдененің 4-5 жұмыртқасын тұ­рақ­ты тұтынса, ер адамның жыныстық қуаты ар­тады. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Тұздың пайдасы

✅ 1. Үйді сырлағанда немесе бөлмені бояғанда, немесе иіссудың жағымсыз иісі жайлап кетсе, құтыға тұз салып, аузын ашып қойыңыз. Иіс жоғалып, тұзға сіңеді.

✅ 2. Балық пісірілген ыдыста балық иісі ұзақ уақыт сақталып қалса, кетіру үшін, тұз қосылған суық сумен ысқылап жуу керек. Иістен түк қалмайды.

✅ 3. Кофенің дәмін келтіру үшін, бір болар болмас тұз салсаңыз жетеді

✅ 4. Табаға май салып қызған кезінде, көпіріп кетсе, аздап тұз салу керек.

✅ 5. Қол орамалда дақ сіңіп қалса жұмас бұрын, бір уыс тұз ерітілген жылы суға салып қойсаңыз, жоқ қылады.

✅ 6. Сарғайған терезегеде дақ түссе осылай жасаңыз.

✅ 7. Жұмыртқаны қайнатқыңыз келсе, суға тұз салыңыз. Су ішінде жұмыртқа жарылсада да, ақуызы сыртқа шығып кетпей, бірқалыпты піседі.

✅ 8. Кесілген пиязды тұздап қойса, өзінің қалпын ұзақ сақтайды. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Қызға 40 үйден тыйым

1. Жарыса сөйлеуге
2. Жалғыз қыдыруға
3. Жыртақтап күліп, сыпсыңдап сөйлеуге
4. Орынсыз ұрынуға
5. Басқаларға қол тигізуге
6. Өтірік, өсекке
7. Суық жүріс, сумаң қылыққа
8. Кісіге қарай керіліп есінеуге
9. Талтайып отыруға
10.Шалқайып жатуға
11.Тамақты обырлана асауға
12.Ұрлық-қарлыққа
13.Ұятты мүшелерін ашып......
Кеңестер
Толық
0 0

Жидек десертін жасап үйренейік

Панна котта – кілегейден жасалатын танымал итальян десерті. Оны әдетте жеміс-жидек пен тәтті соуспен бірге қонақарға ұсынады. Панна котта итальян тілінен аударғанда қайнаған кілегей деген мағына береді.

Оны дайындау үшін:

- 1/3 стақан майлылығы 10 пайыз болатын кілегей;
- 1 ас қасық желатин;
- 2 стақан сүт;
- 100 гр қант үгіндісі керек болады......
Кеңестер
Толық
0 0

Балалар киімін жуу

Бала киімдерін жууға кірісетін болсаңыз, құлақ асуға тұрарлық бірнеше кеңесіміз бар:
1. Кез келген жаңа киімді алдын ала жуып алыңыз.
Балаңыздың терісін қажамай, жарақаттамас үшін өзіңіздің де, баланың да жаңа киімдерін жуыңыз.
Кір жуу жай ғана тазартудан басқа, тасымалдау немесе қоймада сақтау барысында заттарға қонып қалуы мүмкін химикаттар пен майлардың дақтарын кетіруге көмектеседі.
Балаңыздың терісіне тиетін бірнеше зат:
• Киім
• Ішкі киім (теркөйлек, жөргектер, шұлықтар, дамбалшалар, пижамалар)
• Көкірекшелер
• Төсек-орын тыстары (ақжайма, жастыққаптар, сейсептер және т.б.)
• Жаялықтар
• Автокресло, бесік-арба және матамен қапталған бала манежі
• Ананың жеңіл жейделері......
Кеңестер
Толық
0 0

Декреттегі әйелдерге құлаққағыс

✅ Декрет - бала бағу үшін мемлекет тарапынан әйел адамына берілетін заңды демалыс. Декретке ер адамға да шығуға болады. Бірақ бұл біздің елде сирек кездесетін құбылыс. Әйел үшін декрет - өміріндегі ең жауапты, шыдамдылықты, жинақылықты қажет ететін қиын кезең. 24 сағат үйде отыру, ешкіммен бұрынғыдай етене араласпау, үй шаруасынан көз ашпау жүйкені біраз жұқартады. Ғалымдар еркектің әйел энергиясынан қуат алатындығын дәлелдеген болатын. Олай болса отбасы ішіндегі жаймашуақ ауа райы тікелей нәзік жандының мықтылығын қажет етеді. Декреттегі әйел отбасын да, өзінің денсаулығын да сақтап қалғысы келсе мына бір ескертпелерді естен шығармағаны шарт:

✅ Ақша үнемдей отырып, өзіңізге киім, косметика, қысқасы қажет заттарды сатып алып отырыңыз. Үйде отырсаңыз да өзіңізді жақсы көріңіз.......
Кеңестер
Толық
0 0

Үй күтіміне арналған пайдалы кеңестер

• Майлы бояумен сырланған есіктер мен терезе жақтаулары 1 л суға 1 шай қасық мүсәтір спирті қосылған жылы сумен сабындамай жуылады.
• Терезе жақтауларын қысқа жылылау үшін саңылауларға шприцпен сұйық парафин қйыңыз. Парафин мен шприц ыстық суда қыздырылады.
• Терезедегі қырауды кетіру үшін 1 стакан суға 2 ас қасық ас тұзы салынған ерітіндімен жуыңыз.

• Терезеге қырау тұрмас үшін шынысын глицерин мен спирт ерітіндісімен (1:10) сүртіп қойыңыз.
• Қатты кірлеген терезе шынысын жууға арналған ерітінділер: 1 л суға 1 ас қасық крахмал; 1 л жылы суға 2 ас қасық сіркесу; 1:10 мүсәтір спирті мен бор қосылған су. Жуғаннан кейін жұмсақ шүберекпен құрғатылып, қағазбен сүртіледі.
• Шыны сүртілгеннен кейін 30 г су, 70 г глицерин және бірнеше тамшы мүсәтір спирті ерітіндісімен сүртіліп алынса, ұзақ уақыт кірлемейді.
• Терезені ыстық немесе жел күндері жумаңыз, шынысы тез кеуіп, айғыз болып қалады. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Күйік шалғандағы халық емі

Күнбағыстың майымен, ара балауызымен. 200 грамм күнбағыс майы мен 20 грамм ара балауызын баяу отта ерітеді, жылы ерітіндіге 1 жұмыртқаның сарысын және 1 ас қасық кілегейді қосады, жақсылап араластырады, әзір болған жақпа майды күйген жерге жағады.

✅ Картоппен. Балғын картопты үккіштен өткізеді, шүберекке салып күйген жерге таңады. Компресті жылыған кезде алып тастайды.

✅ Шаймен. Қара немесе көк шайды қоюлап демдейді, 13-15 градусқа дейінсуытады, күйген жерді бинтпен орай отырып, оған жылы шайды үзбей құяды. Осынау ем 10-12 күнге арналған. Көмегі жақсы.

✅ Асқабақпен. Оны үккіштен өткізіп, күйген жерге таңып қояды. Бұл емді үсік шалғанда да пайдаланады.

✅ Бүрген майымен. Оны күйікке пайдалану да жақсы көмектеседі.

✅ Алоэмен. Жаңа жұлынған алоэ жапырағының шырынын сығып, күйген жерге тамызады. Екінші жапырағының өзегін алып, күйген жерге дәкемен таңып тастайды. .......
Кеңестер
Толық
0 0

Сіркесуын пайдаланудың жолдары

Әр ас үйінде ұзақ уақыт бойы қозғаусыз тұратын нәрселердің бірі – сіркесу. Оны үйде пайдаға асырудың жолдары бар ма?

✅ 1. Егер үйдегі кішкентай бала қабырғаға қаламмен жазып тастаса, таза сіркесуы оны тазарта алады.

✅ 2. Киім жуу кезінде, сабынды толық кетіру үшін шаю барысында ¼ стақан сіркесуын қосыңыз.

✅ 3. Киімнен дезодарант ізін кетіру үшін қолмен жуу кезінде ұнтаққа сіркесуын қосыңыз.

✅ 4. Киімнің түтігі шығып кетпеуі үшін, жуу алдында киіміңізді бірнеше минутқа сіркесу араласқан суға салып қойыңыз. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Әжімді азайтатын маска

✅ Сұлулыққа құштар адам баласы әрдайым әдемі көрінуге талпынады. Әсіресе әйел затының табиғаты өзіне үнемі күтім жасауды талап етеді. Күтінетін адамның бір белігісі – тері тазалығы. Ұсақ әжімдерді тегістейтін және терең әжімдерді білдірмейтін масканы дайындап, қолданып көріңіздер.

✅ Қажетті ингридиенттер:

? сүт;
? 3 ас қасық ұн;
? 1 жұмыртқа.

✅ Ыдысқа 3 ас қасық ұн саламыз. Ұнға жылы сүт құйып, қоймалжың күйге енгенше ағаш қасықпен араластырамыз. Қоспаға жұмыртқаның сарыуызын салып, араластырамыз. Масканы жылы күйінде бетке және мойынға қалың етіп жағамыз. 15-20 минут демалып жата тұрыңыз. Содан соң жылы сумен жуып тастаңыз.......
Кеңестер
Толық
0 0