Мотивациялық пост

Ыдысқа су құйып, терезенің алдына қойыңыз. Құстар су ішсе, сізге рахметін айтады. Бөлмеңізге қорап қойыңыз. Кәдімгі қорап! Біреуді ренжіткен сайын, әлдебір жаманшылық жасаған сайын әлгі қорапқа белгілі бір мөлшерде ақша салып тұрыңыз. Кейіннен ақшаны садақа етіп таратсаң, саған да жақсы, алған адамға да жақсы. Жұмыс орныныңызға банка сатып алып, қойып қойыңыз. Бір ой келді ме, идея, бастама, маңызды емес, кез келген ой, бір кішкентай қағазға жазыңыз да, сол банканың ішіне лақтыра беріңіз. Кейін шығармашылық күйзелісте отырғанда я идея іздегенде әлгі банканы еске алыңыз. Кәдімгідей көмектеседі.
Қандай да бір қайғыға душар болсаңыз, онда «Он жыл тесті» деген тактиканы қолданыңыз. Өзіңізге. Айталық, бір мәселеге душар болдым деңіз. Енді сол мәселе он күннен кейін өзекті бола ма, ойлаңыз. Он айдан кейін ше? Он жылдан соң ше? Әй, қайдам, қандай мәселе болса да, он жылдан соң мәні қалмайды. Демек, өткінші. Демек, ол сіздің жаныңызды жаралайтындай мәселе емес.
Timur Bektur айтады - біреуге көмектесемін деп иә десеңіз, оның жұмысына уақыт бөліңіз. Егер ол сіздің 15 минуттан көп уақытыңызды алатын болса, онда оған жоқ деп жауап берген дұрыс шығар. Қысқасы, ақкөңіл жауапсыз д......
Кеңестер
Толық
0 0