Бойға баланың бітуі қалай жүреді

Бойға баланың бітуі әйел ағзасындағы аналық клетканың ұрықтануының нәтижесінде жүзеге асады. Жыныстық қатынас кезінде еркектің жыныс мүшесінен әйел қынабына миллиондаған аталық ұрық (сперматозоид) түседі. Олардың барлық бөлігі әйел жатырына енбейді. Жатырға енген сперматозоидтар жатыртүтігіне қарай көтеріледі. Жатыр түтігінің кең тұсында (ампулада) ұрықтануға қатысады. Нәтижесінде тек бір немесе екі (екі ұрықты егіздерболатын болса) аталық ұрық қана аналық клетканы ұрықтандырады.Бірақ бұл әрбір жыныстық қатынастан жүкті болып қаласыз деген сөз емес. Бұл көбінесе белгілі бір күндерге байланысты. Бұның не үшін осылай болатынын жақсы түсіну үшін алдымен әйелдер физиологиясының кейбір ерекшеліктерін еске түсірген жөн.Ұрықтанған күйінде аналық клеткалар аналық жыныс безінде бастапқы кезінен сақталып қалады. Олардың мөлшері өте көп – шамамен 300 мыңға жуық. Бала туатын жастағы әйелдерде әр ай сайын бір аналық клетка (кейде екі не одан дакөп) ұйқысынан оянғандай түрленіп тұрады, одансоң «қоймасын» тастап, жаңа адамға өмір беру үшін аталық ұрықпен кездесуге дайындалады.......
Кеңестер
Толық
0 0