Аскөк

Аскөктің тағамды дәмдендіргіштік қасиетімен қоса дәрілік қасиеті бар екенін біздің жыл санауымызға дейінгі адамдар жақсы білген. Оны көне Египетте бауыр сырқатын емдейтін дәрі деп қараған. Ол бүгінде әлем халықтарының барлығында қолдан өсіріліп, күнделікті қажеттіліктерін өтейді. Аскөк бір жылдық немесе екі жылдық болып келеді. Оның биіктігі 1,5 метрге дейін жетеді. Жағдай талғамай еккен орынға жақсы жерсініп, бойлап өсе береді. Ол шатырша гүлділер тұұымдасына жатады.

Аскөк шілде-тамыз айларында гүлдеп, қыркүйек айында дәні піседі. Тұқымының құрамында эфир майы 3 пайызға дейін болады. Одан су буымен айдау арқылы басқа да май түрлерін өндіреді. Бұдан басқа фенхон, анетол, флавоноидтар, аскорбин қышқылы, каротин басқа да химиялық қосылыстар бар. Одан қан қысымын төмендететін, қантамырларын кеңейтетін, ішектердің жұмысын жақсартып реттейтін, зәрді жүргізіп, қақырық түсіретін дәрілер жасайды.......
Кеңестер
Толық
0 0