Өлең: Угай-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)
Шөбі шүйгін төменгі көк қабақтың,
Қызы сұлу болады Көксадақтың, угай-ай.
Өлең, даусын сағынып жүргенімде,
Даусы қайдан шығады ақ тамақтың, угай-ай.
Тау басында аршасы,
Басына бұлбұл қонсашы.
Оймақ ауыз, күлім көз,
Жарым сіздей болсашы.....
Қызы сұлу болады Көксадақтың, угай-ай.
Өлең, даусын сағынып жүргенімде,
Даусы қайдан шығады ақ тамақтың, угай-ай.
Тау басында аршасы,
Басына бұлбұл қонсашы.
Оймақ ауыз, күлім көз,
Жарым сіздей болсашы.....
Өлеңдер