Курстық жұмыс: Биология | Қазақстандағы гендерлік фактор
Адам дамуы идеясы мәнінің төркіні мынада, материалдық игіліктер мен қызметтер көлемдерінің өсу түріндегі экономикалық даму қара бастың қамы болмауы тиіс, қоғам дамуының басты міндеті – адамның өзінің дамуы үшін даму. Адам дамуы тұжырымдамасы авторларының бірі Амартья Сен, дамуды адамдардың «мүмкіндіктерін» ұлғайту үдерісі, еркіндік мәселесі ретінде қарайды.
Бірақ адамдар арасындағы кейбір айырмашылықтар (мәселен, нәсілдік, ұлттық, таптық немесе жыныстық ) мүмкіндіктерді іске асыруда белгілі бір шектеулерді туындатуы мүмкін, ол адам дамуына кедергі жасайды. Осы тақырыптан біз жыныстық айырмашылықтардың әлеуметтік теңсіздіктердің бірі – гендерлік теңсіздікке қалай ұшырататынын білеміз, осы теңсіздік еркектер мен әйелдер арасында қоғамның тапшы ресурстарын (табыс, билік,білім және бедел ) тең бөлуге бөгет болады.
Алдымен біз «гендер» категориясының мәнін ашамыз, биологиялық жыныстың әлеуметтік жыныстан айырмашылығын көрсетеміз, содан соң адам дамуының гендерлік факторларына және Қазақстандағы гендерлік факторды ескеру арқылы адам дамуының ерекшеліктеріне тоқталамыз.
Тұңғыш рет гендер (тек) ұғымын ғылыми тіркеске американдық психоаналитик Роберт Столлер 1968 жылы енгізді, ғалым бұл сөзді өзінің «Жыныс және гендер» кітабының атына қолданды. Столлер былай атап көрсетеді, жыныс пен гендердің айырмашылығы мынада, жыныс биологиялық, ал гендер психологиялық, демек, мәдени феномен болып табылады.
Одан әрі осы термин әлеуметтануда пайдаланылды. Оны енгізген Энн Оукли: 1972 жылы ғалымның «Жыныс, гендер және қоғам» кітабы шықты. «Гендер» ұғымын әлеуметтік түсіндіру әлеуметтік мазмұнға негізделеді, оны әлеуметтендіру үдерісінде туындайтын әлеуметтік конструкт ретінде қарайды.Қоғамда орын алатын гендерлік рольдер салыстырмалы, және өзгертілулері мүмкін, олар түрлі тарихи уақыттар (замандар) мен түрлі қоғамдарда өзгешеленеді.Оукли былай атап көрсетеді: «...биологиялық жыныс бойынша еңбекті бөлуәмбебап еместігімен ғана шектелмейді; оның неге бұлай болуы тиіс екендігіне себептер жоқ. Адамзат мәдениеттері әркелкі және мәңгі өзгермелі. Олар өздерінің жасалуына жеңілмейтін биологиялық күштерден гөрі, адамның өнертапқыштығына міндетті» .....

Курстық жұмыстар