Курстық жұмыс: Психология | Жеке тұлғаның бітістері

Тұлға туралы жалпы түсінік
Жаңа туған нәресте "адам" деп аталғанымен, "тұлға" деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. Өйткені, кісі болып, ержету үшін бала оңы мен солын, өзінің "менің" басқа "мендерден", яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс. Сондықтан да нәресте, сәби, бөбектерді кісі, тұлға деп айту қиын. Есейіп, ер жетіп, өз бетінше әрекет ете алатын адамды ғана кісі, не тұлға дейміз. Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды-көпті өмір тәжірибесі, білімі мен дағдысы, икемі, дүние танымы, сенімі мен талғам-мұраты, бағыт-бағдары бар адамды тұлға деуге болады. Мінез, қабілеті бір сыдырғы қалыптасып үлгерген, өзінің іс-әрекетін тізгіндей білетін, өз бойындағы жаман-жақсы қылықтары үшіп жауап бере алатын адамды да кісі, не тұлға дейміз. Тұлғаның түрлері сан алуан. Оның жақсы, озық, ерен, топжарған түрлерімен қатар жауыз, керітартпа, бұзық, қасқай т.б. толып жатқан өкілдері болады. Мәселен, бүкіл әлемді қан қақсатқан Гитлер адамзатқа жаны қас жауыз тұлға.
Имандылықтың ерекше бір көрінісі халқымыз ерекше қастерлейтін кісілік ұғымы, тұлғаның аса өнегелі түріне жатады. Төл тілімізде "Он үште отау иесі" (қыз балалар үшін), "Он бесте отау иесі" (ұл балалар үшін) дейтін аталы сөз бар екені де хақ. Осы жасқа келгенде бал дәурен балалық шақ аяқталады. Бұл - өмір талабынан, ауқымы кең тыныс-тіршіліктен туындайтын құбылыс. Халқымыз кез келгенді кісі деп атай бермей, оны имандылық пен адамгершіліктің басты белгісі, ес жиып, етек жабу нәтижссінде біртіндеп қалыптасатын адамның азаматтық ар-ожданы, кісілік, кескін-келбеті, адамшылықтың өлшемі деп түсінген.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0