Курстық жұмыс: Психология | Психикалық және физикалық дамулар

Зерттеулер нәтижелері көрсеткендей күрделі кемістігі бар балалардың саны аса көп емес, бірақ тәжірибелі дефектологтардың тұжырымы бойынша, арнайы мекемелерде осы балалардың саны 40% құрайды. Сондықтан, осы балалардың ерекшеліктерін білу, арнайы мекеменің жұмыс істеу әдістемелерінің нәтижесі болуына өте қажет. Осы балаларды толық зерттеп, және олардың ерекшеліктерін жақсы білу оларға тек түзету, дамыту әдістерін қолдану үшін ғана қажет емес, сонымен қатар олардың келешекте жағдайларының нашарлауының алдын – алу үшін де қажет.

Зерттеудің мақсаты: Бұл зерттеудің негізгі мақсаты болып күрделі кемістігі бар балалардың психикалық ерекшеліктерін зерттеу, бір ғана кемістігі бар баланың және бірнеше кемістігі бар баланың психикалық айырмашылығын көру. Ол бірнеше кемістіктің пайда болған себептерін анықтау және олардың оқыту принциптерін қарастыру.

Зерттеудің міндеті: Осы аталған мәселе бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Зерттеудің теориялық мәні: Арнайы психологияның күрделі кемістігі бар балаларды оқытудағы бар кемшіліктерді анықтау, оны балалардың психикасына әсер етуін зерттеп білу.

Зерттеудің практикалық мәні: Күрделі кемістігі бар балаларды оқыту біздің елімізде енді 10 жылдың ішінде қолға алынып жатқан мәселелердің бірі болып саналады. Олардың барлық психикалық
ерекшеліктерін мамандар әлі қарастырып зерттеп болған жоқ. Өйткені, кемістіктер әртүрлі болып келеді және де олардың түрлері көп. Бұрында егер күрделі дефектісі бар бала оқытылмайды деген атқа ие болса, ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0