Махаббат хикаясы: Махаббатымды агенттен таптым

13 ақпан 2011 жыл. Бүгін күндегіден ерте ұйқыға жатқам. Үйде жалғыз жатқанда күнде телевизор қосып ұйықтайтынмын. Сол күні де телевизор қосып ұйықтап қалдым, терезеге қатты ұрылған дыбыстан шошып оянып кеттім, оянсам бөлме қараңғы. телевизор өшірулі, свет жоқ екен. терезеге сабалап ұрылған ағаштың дыбыстары екен. Қатты қорыққанымнан агентімді қостым, түнгі 3 те кім отырсын ешкім жоқ. Содан қосылып тұрған адамдарды іздедім қорқынышымды сейілту үшін. Өзімнің фамилиям бойынша қосылып тұрған адамдарды іздесем 4-5 адам онлайнда отыр екен оның 2 адамына достық хатын жібердім. Ешкімнен жауап болмады соны күтіп жатып ұйықтап кетіппін. Ертеңгі күні кештеу агентке кірсем достық хатын жіберген екі адамның біреуінен жауап келді. екеуміз ұзақ сөйлеспедік, ол қолының тимей жатқанын айтып менім ұялы телефонымның нөмерін сұрады. Мен нөмерімді бердім. Шамалыдан соң тойға бара жатқанын айтып түнгі 1-2 лер шамасында хабарласатынын айтып звондады. Түнгі 1 ден өте жаңағы жігіт хабарласты. Әңгімеміз ә дегенде жарасып сала берді. Екеуміздің алғашқы әңгімеміз ата-анамыз туралы болды. Екеуміздің ата-анамыз өте ұқсас екен. менің де оныңда папасы мен мамасы өнерге жақын адам болып шықты. Содан телефон арқылы арамыз өте жақын болып кетті. Күнделікті бір-бірімізге ммс -пен суретімізді жіберіп, сағат сайын хабарласып тұрдық. Қуанышымызбен қайғымызды жасырмай айтып отырдық. Мен оған көрмесемде қатты бауыр басып кеттім. Мен оны қатты сүйетінімді түсіндім. Сағынышым көздің жасына ұласып телефонда отырып жылапта алатынмын......
Махаббат хикаялары
Толық
0 0