Өлең: Жұмағали Саин (Еске алу)

I
Біздер жаттық шеру тартып
Украинаның даласында,
Кременнойдың ағашында,
Ұлы Донец жағасында.
Мұнда жатқан партизандар*
Ақжүректер, ұлы жандар,
Адамдығын сақтағандар,
Ана сүтін ақтағандар.
Мен де бірге болдым сонда,
Бәрі кәзір көз алдымда,
Міне Яша отряды,
Бізге серік ұзақ жолда!
Әне! Изотов, Патеряйло,
Өз қолымен олар жатыр,
Әне олардың оң жағында,
Агафонов құрған «шатыр».
Одан әрі екі отряд
Жақын қонған бізге қарай,.....
Өлеңдер
Толық
0 0