Өлең: Жұмағали Саин (Аттанайық майданға)
Телегей-теңіз қан майдан,
Тебіренді қыз бен ұл,
Зеңбіректер аңырады,
Тітіренді ой мен қыр.
Мен де аттандым жорыққа,
Ыр жүрейік кел, достар.
Жау алғанда жағадан,
Жарақтанбай кім тұрар.
Арқыра тұлпар аттарым,
Ауыздығың қаршылдап,
Аттанайық майданға
Қызыл жабу жамшылап......
Тебіренді қыз бен ұл,
Зеңбіректер аңырады,
Тітіренді ой мен қыр.
Мен де аттандым жорыққа,
Ыр жүрейік кел, достар.
Жау алғанда жағадан,
Жарақтанбай кім тұрар.
Арқыра тұлпар аттарым,
Ауыздығың қаршылдап,
Аттанайық майданға
Қызыл жабу жамшылап......
Өлеңдер