Қиял-ғажайып ертегі: Алтын құс пен сұр қасқыр

Бұрынғы заманда болған бір патша. Ол патшаның үш ұлы һәм бір жүдә үлкен бақшасы бар екен. Сондай бақша мақтауға келетін еді. Мұндай бақша ол заманда дүние жүзінде болмаған. Егер бұл бақшаға қайғылы ма, ауру ма кісі кірсе, қайғылы кісінің қайғысы кетіп, ауру кісі ауруынан саламат болып шығатын еді. Бұл бақшада дүние жүзіндегі неше түрлі жемістер бар еді. Патша бақшасындағы осы жеміс ағаштарының ішінен биік өскен бір алма ағашын жан-тәнімен жүдә жақсы көреді екен. Ол ағашта өскен бір алманың біреуі алтынға, біреуі күміске, яғни әртүрлі түске айналып тұрады екен. Бір заман бұл бақшаға иеленген бір алтын құс келген. Алтын құстың әрбір жүні алтын секілді жалт-жұлт етіп тұрған һәм көзі гауһар секілді ойнап тұрған. Бұл әр күні түнімен бұл патшаның бақшасына ұшып келіп қонады екен. Әлгі патшаның сүйікті алма ағашының әр түні бір алмасын шұқып, басқасын қиып түсіріп кетеді екен. Күндерде бір күн патша бақшасына шықса керек. Алма ағашынан алмасын қараса, алтын секілді жақсы алмасы жүдә аз қалған. Патша бұл істі көріп қапа болған, қайғыра бастаған. Бір күні патша өзінің үш ұлын шақырып айтқан......
Ертегілер
Толық
0 0