Сатиралық ертегі: Үш әйелдің әңгімесі

Үш әйел суға барып кеңескенде не десіпті? Бірінші әйел айтады:
– Мен ер жеткен кезде әкем мені бір жігітке берді. Өзі әлді шаруаның баласы еді. Өзі сері жігіт еді. Домбырашы еді. Ол кезде қазақ пен қалмақ бірін–бірі шауып, әкетер еді. Елін, жерін қорғаймыз деп, азамат тегіс ат үстінде болушы еді. Осының бірі менің ерім еді. Бұл жастықты қойсаңшы, мен басқа жігітпен әуейі болдым. Ол кісім келіп, қойнымда жатып, ұйықтап қалыпты. Мен де ұйықтаған екем. Мырзамның атынан түсіп, атын белдеуге байлаған дыбыстан ояндым да, жатсам, төсегіне жатуға келер деп, атып тұра кеп, есік ашып, түндікті сырдым. Жігітті қымтап, жауып тастағанмын. Мырза үйге кіріп келіп, жүктің үстіндегі домбырасын алып, шертіп-шертіп жіберді. Мен айттым:
– Мырза, осы домбыраны адам көзімен тарта ма, көңілмен тарта ма? – дедім. Мырзам отырып:
– Көңілмен тартады, – деді.
– Мен көзбен тартар, – дедім.
– Егер көңілмен тартатын болса, мен көзіңді байлайын, тартшы, – дедім. Ер аңғал келеді ғой, «Қанекей, байла», – деп, қасқайып отырды. Мен көзді байладым да, домбырасын қолына бердім. Сонда күйшім «Бозайғыр» деп, күй тартты. Мен соның мәнісін сұрап, алдандыра бердім. Жігіт шығып кетті. Осындай сасқаным жоқ шығар. Амалдап, жігіттен зорға құтылғанмын, – деді......
Ертегілер
Толық
0 0