Курстық жұмыс: Сақтандыру заңы | Қазақстан Республикасындағы сақтандыру

Кіріспе
Біздің елімізде жүргізіліп отырған түбегейлі экономикалық реформаларға байланысты сақтандыру мәселесіне маңызды көңіл бөлмеу мүмкін емес. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде сақтандыру экономиканың стратегиялық секторының бірі болып табылады. Ол меншік иелеріне олардың мүліктері жойылып кеткенде немесе зақымдалғанда және табысты жоғалтқанда зардаптың орнын толтыруға кепіл беретіндіктен қоғамда әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Сақтандырудың рөлі-ең алдымен экономиканы микро деңгейінде көрінеді. Сақтандырудың нақты келісім-шарттары өздерінің мүліктік мүдделерін қорғау мақсатындағы жеке және заңды тұлғалармен жасалынады. Ірі аймақтарды қамтитын жүздеген кәсіпорынның мүдделерін бұзатын мыңдаған халықтың өміріне қауіп төндіретін ірі табиғи техногендік сипаттар пайда болуына сәйкес зардаптарды сақтандыру жүйесі арқылы өтеудің микроэкономикалық салдары болады.
Менің мұндай тақырыпты алған себебім: сақтандыру әсіресе соңғы жылдары Қазақстанда ерекше қарқынды, үдемелі түрде дамуда, сөйтіп оның экономикалық өмірдегі маңызы біршама артып отыр. Ал, негізгі мақсатым-сақтандыру туралы білімімді тереңдете, жетілдіре түсу болып табылады. Курстық жұмыстың тақырыбы-“Сақтандыру жауапкершілігі, мәселелері мен шешу жолдары” деп аталады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0