Дипломдық жұмыс: Биология | Бидайдың жалпы сипаттамасы

Қай дәуірді алсақ та адам өмірі бидаймен тығыз байланыста болған. Осы кезге дейін сақталған кейбір қолжазбаларға көз жүгіртсек, дақыл тарихы тіпті де әріден басталатынын байқаймыз. Мәселен біздің дәуірімізге дейінгі 883 – 856 жылдарда жазылған Ассирия патшасы II – ші Ашурнасиралдың шежіресінде оның Наири еліне жорыққа шығу тарихы баяндалумен қатар, осы елдегі бидай өнімін жинап, бастыру туралы да деректер бар. Бидайдың әртүрлі ерекшеліктері біздің дәуірімізге дейінгі екі мыңыншы жылдары – ақ адамға белгілі болғандығы және сол кездің өзінде – ақ бұл дақыл кең көлемде егіліп, пайдаланылғаны мәлім.
Бидайдың бізге белгілі алғашқы түрлері бір дәнділер мен қос дәнділер болатын. Қос дәнділер біздің дәуірімізге дейінгі 7000 – шы жылдары Ефрат пен Тигр өзендерінің аралығында, онан кейін шамамен біздің дәуірімізге дейінгі 4000-шы жылдары Батыс Азияда, Мысырда өсірілген.
Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша екі жүз миллион гектардан астам жерді бидай алқабы алып жатыр.
Қазақстан территориясын мекендеген тайпалар егіншілікпен өте ерте заманнан – ақ айналысқан.
Қазіргі көзқкарас бойынша бидай полифилеттік жолмен шыққан екі туыстасқа жататын үш түрдің немесе Е.Р.Моррис пен Э.Р.Сирстің жаңа классификациясы бойынша бір ғана Triticum туысына жататын әртүрлі плоидты үш түрдің будандасуы арқасында пайда болған. Бидайдың амфидиплоидтарының пайда болу схемасы кестеде көрсетілген.
Н.И.Вавиловтың болжамы бойынша бидайдың шыққан, егіншілікке еніп, таралған ортасы мына аймақтар болып саналады: Алдыңғыазиялық (мәдени жалғыз дәнді, тургидум, қатты, жұмсақ, шығыс және персид, тимофеев, мех және тағы басқа бидайлар), жерортатеңіздік (қос дәнді – эммер, поляк, кәдімгі қос дәнділер және қатты бидайлар), абссиндік (қатты, поляк, тургидум және қос дәнді – эммер бидайлары). Орта азия аймағы аласа және домалақ дәнді бидайлардың алғашқы шыққан жері ғана емес, сонымен қатар жұмсақ бидайлар үшін де қайта қалыптасу ортасы болды. Бидайдың пайда болу және егіншілікке таралған орталары туралы осы айтылған тұжырымдамаларды қазіргі кезде ғалымдардың көпшілігі мақұлдап отыр.
Бидайдың шыққан жері – алдыңғы Азия, орталығы – қазіргі Иран, т.б. елдер. Бұдан бидайдың 18 түрі, оның ішінде жұмсақ бидай тараған. Жерорта теңізі орталығынан (Греция, Италия) қатты бидай шықты. И.С.Сүлейменовтың (1973) топшылауынша, біздің елімізде Семей маңында бидай суармалы жерлерде 1834 жылдан өсіріле бастады, XIX ғасырда ол қазіргі Қостанай, Ақмола, т.б. облыстар аумағында себілген, ал XX ғасырдың басынан республикамыздың барлық жерлерінде өсірілуде. Бидайдың дүние жүзіндегі егіс көлемі 220 млн/га, ауыл шаруашылығы дақылдарының ішінде ол бірінші орын алады. Бидай өндірудегі ірі мемелекеттер қатарына Қытай, АҚШ,ресей, т.б. жатады. Қазақстан республикасында өсірілетін бидай астығының 80% - дан астамы Солтүстік қазақстан аймағының үлесіне тиеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0