Балабақша сабақ жоспары: Биші болам өскенде

Сабақтың тақырыбы: Би музыкасы және сап музыкасы
«Биші болам өскенде» Т. Тайбеков – үйрену.
«Барабан» Б. Дәлденбаев – тыңдау.
Сабақтың мақсаты: Би өнерінің түрлі қасиеттері мен әдемілігін дәріптеу.
Сабақтың міндеті: 1. Оқушыларды көркем өнерге баулу. Хореографиялық әдіс тәсілдердің сипаттарымен таныстыру.
2. Музыкалы - ырғақтық қимылдар жасауға, би өнеріне қызығушылығын арттыру.
3. Ұлттық би өнерін үйренуге, әдет ғұрып, салт дәстүрді білуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Қазақтың ұлттық биі «Қара жорғадан» үзінді тыңдалады.
- Бұл қандай әуен? Саған таныс па? Бұл әуенге қандай қимыл жасауға болады?
Қазақтың би өнерінің түп - тамыры ғасырлар қойнауында жатыр. Би - жақсылықты, әсемдікті, сұлулықты, салт - дәстүрмен әдет ғұрыпты дәріптейді.
«Қара жорға», «Айжан қыз», «Келіншек», «Былқылдақ» сияқты ұлттық билер – халық өмірін, оның тұрмыс тіршілігін би тілімен баяндайды. Әр бидің өзіне тән ерекшелігі, мінез құлқы бар. Көкпар, бәйге, қыз қуу, жорға шабыс, қол өнерде – киіз басу, кілем тоқу, ши орау, қазақ үй әбзелдері, ою өрнек, т. б. Ал бишілер өнерін мың бұралған әсем қимылдарымен көрерменге жеткізеді. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0